19 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Шымкентте мұғалімдер шу шығарды

30 ноябрь 2021, 9:24
Шымкентте мұғалімдер шу шығарды
Шымкенттегі №115 мектепте былтыр бас бухгалтер ауысқалы мұғалімдер жалақысын алудан қалған. Зейнетақы қорына аударымдар бірде түссе, бірде түспей қалатын көрінеді.

Биыл келген директор мәселені шешпек түгілі, ұжымға бас көтермеуін ғана талап ететін көрінеді. Ақыры сабыры таусылған педагогтар бүгін қаланың білім басқармасындағыларды шақырып шу шығарды, деп хабарлады КТК.

Мұғалімдердің айтуынша, бірде айлық жырымдап берілсе, кейде мүлдем берілмей қалады. Одан қалса Еркебұлан есімді есепші ұстаздарды жеке-жеке шақырып, жалақы түгілі, "мектепке қарызсыңдар" деп, өз есебін көрсетеді екен.

"Мен негізі 187 мың алуым керек. Содан 36 мың-ақ қолыма тиді. Кредитім бар. Оны үкімет күте тұрмайды ғой. Әсіресе үйсіз жүрген жастарға қиын, зейнетақы қоры да быт-шыт болды. Мына кісілердің барлығы кредит алғысы келеді. Ол да жоқ. Айлық мүлдем жоқ. Біреуі 400 мың қарыз. Біреуін 200 мың қарыз қылып қойған. Бәріміз қарызбыз, әйтеуір. Түсініксіз. Түсіндірмейді", - дейді Нағима Пернешова.

Түсініксіз жағдайда қарыз болғандардың зейнетақы қорына бөлінген қаржысы да жоқ. Яғни жарнаға деп айлықтан ақша ұсталғанымен, жарнаға бір бөлігі түссе, кейде мүлдем аудармайтын көрінеді. "Оқу жылы басталғалы қарызсыңдар" деп, мектептің жарығы мен интернетін де өшіретінді шығарған.

Биыл қыркүйек айында тағайындалған директор сабырға шақырғаннан, бөлек істейтіні жоқ дейді. Енді айлық берер уақыт жақындағанда ұжым тағы да не директор, не есепшіні таппай отыр.

"Білім басқармасы ешқандай жауап бере алмаса, осы мектептің мәселесін шешіп бере алмаса, не үшін отыр? Сонда біз әр келген директорға жем болуымыз керек пе? Әр келген есепші ақшамызды жеп кете беруі керек пе?", - деп ашынды Мақпал Құлжанова.

Ұжым шулап басшыларын талап еткен соң білім басқармасынан бір топ шенеунік жетті. Мәжіліс залы болмаған соң ұжымды аядай сыныпқа жинап, шағымдарын тыңдады. Айтуларынша былтырдан бері болып жатқан бассыздықты бүгін ғана білдік деген олар енді төбе көрсетпейтін директор мен есепшіні іздеп тауып, мәселені шешеміз деп сендірді.

"Осы жердің есепшісін табамыз. Сол кісінің құжаттарын көтере отырып, осының бәрін анықтап, әрмен қарай жұмыс істейміз. Жалпы бюджеттен барлық мектепке уақытылы қаржы қаралып, уақытында игеріліп жатыр", - дейді Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Рыскелді Әліш.

Шенеунік сөзіне сенсек былтырдан бері жалғасып келе жатқан былықты бас-аяғы он күнде тексеріп нүктесін қоймақ. Жетпей қалған ақшаны да, зейнетақы қорына түсуі тиіс жарнаны да түгелдеп тастаймыз деп бекініп отыр. Жедел тексерістің соңы директор мен есепшіге оңай болмайтын сияқты. Себебі осы уақытқа дейін жоғарыдан түгел түскен қаржы ұжымға қитұрқылық жолмен жетпей қалғаны белгілі болса, қылмыстық іс қозғалуы да мүмкін.
Просмотров материала: 2 131

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 87 175 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 87 016 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 87 015 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 86 942 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 86 895 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 295 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 101 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 118 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 472 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 612 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 162 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 186 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 351 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 268 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 143 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 174 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 7 824 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 112 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 336 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 129 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 106 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 062 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 920 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 123 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 089 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 7 977 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 784 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 965 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 168 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 399 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 900 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 934 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 988 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 892 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 132 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 255 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031