28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сот қарызы бар азаматтарға жеңілдік жасауы мүмкін

29 ноябрь 2021, 16:31
Сот қарызы бар азаматтарға жеңілдік жасауы мүмкін
Қарашаның басында Сенат депутаттары кейбір екінші деңгейдегі банктер жүргізіп отырған саясатқа және жеке сот орындаушыларының жұмысына наразы екенін айтып, премьер-министр Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдаған еді.

Расымен де жеке сот орындаушылар тақырыбы өте өзекті. Биылдың өзінде сот орындаушыларының қатысуымен бірнеше шу шықты. Тіпті, адам өлімі де тіркелді. Сот орындаушылардың құрығы қым-қуыт мәселені тіптен қиындатып жіберетін сыңайлы. Қарызданушыларды екі топқа, яғни, шағын және қомақты қарызы барлар деп бөлуге болады. Мәселен 1-2 миллион теңге немесе одан төмен мөлшерде қарызы барлар сот орындаушылар үшін оңай жемтік екен.

«Бірнеше микроқаржы ұйымынан 300 мың теңгеден астам ақша алдым. Уақытылы қайтара алмағаным үшін күн сайын пайыз қосыла берді. Осылайша қарыз сомасы 500 мың теңгеге жетті. Бөліп төлеу қарастырылмағандықтан, қарызымды төлей алмадым. Іс сот орындаушыларға өткесін жалпы қарыздың 25 пайызын тағы мойныма ілді. Сот орындаушылар банк шоттарымды бұғаттап, 750 мың теңге төлеуге мәжбүр етіп отыр», – дейді Абылай есімді оқырман.
300 мың теңгені төлей алмаған азаматтың қарызын еселеген қаншалықты дұрыс? Депуттатар мәселені осыдан бастаған іспетті. «Осы жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін республиканың әкімшілік соттарына 7 мыңнан астам іс қозғалған болса, жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану бойынша 2 338 талап-арыз түскен», – дейді сенаторлар.

Әділет министрлігінің ақпараты бойынша сот орындаушылары 2016 жылдан бері аукцион арқылы 1 406 жылжымайтын мүлікті сатқан. 464 борышкер үйлерін өздері сатып, ақшасын қарызды жабуға салыпты. Ал 195 борышкерді үйден шығарып жіберген. Соның ішінде 74 проценті жалғыз баспанада тұрған.

Жеке мүлікті тәркілеу мәселесінде де сот орындаушылар нысананың қақ ортасында жүреді. Тәркіленген мүлікті сату барысында да шикіліктер орын алуы мүмкін. Бұл да алдағы уақытта бақылауда болатыны сөзсіз. Электронды сауда-саттықтың қаншалықты заңды өткізілетінін тексеріп шыққан Бас прокуратура аукционға шығарылған мүліктің 78 процентін банктер сатып алғанын мәлімдеген. Сенаторлар банктерге кепілзатты сатып алу аукциондарына қатысуға тыйым салу қажет деген пікірде. Бұл да қоғам талқысынан өтуі керек тақырып.

Депутат Ләззат Сүлеймен жоғарыдағы мәселелерге баға беріп, үкімет басшысына өз ұсыныстарын айтқан-ды.

«Осыған байланысты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау үшін бірнеше ұсынысымыз бар. Біріншіден, борышкер келісімшарт талаптарын орындай алмаса, қаржылық жағдайы жақсарғанша қарызды төлеу мерзімін шегерудің ыңғайлы мүмкіндігін беру мәселесін қарастырған жөн. Екіншіден, кепілге салынған мүлікті бағалау кезінде инфляция деңгейін ескеру керек. Үшіншіден, жалғыз баспанадан шығарылатын азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесін реттеу қажет. Төртіншіден, кепілге салынған мүлікті пайдалану құқығын сақтау мен жалдамалы баспана беруді қарастырған дұрыс», – деген депутат заңнаманы жетілдіру жөнінде шара қабылдауды ұсынды.
Не де болса, сең қозғалғанға ұқсайды. Бұған дейінгі сот жүйесін жетілдіру үшін жасалған реформалар аз емес еді. Дәл осы мәселе шешімін тапса, сот жүйесіне деген халықтың көзқарасы да жақсара түсері сөзсіз.
Просмотров материала: 602

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 494 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 333 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 321 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 259 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 214 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 613 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 270 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 422 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031