26 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Павлодар облысында мемлекеттің қыруар ақшасына жөнделген мектеп ашылмай жатып қайта жабылды

Павлодар облысында мемлекеттің қыруар ақшасына жөнделген мектеп ашылмай жатып қайта жабылды
Павлодар облысында бюджеттің 90 млн теңгесіне жаңартылған мектеп ашылмай жатып, жөндеу жұмыстарына қайта жабылды. Ал күзден бері ауылдағы ескі ғимаратта оқыған оқушыларды аудандық мәдениет бөлімінің басшысы қуып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.


Тереңкөл ауданының Березовка ауылының мектебі тозып кеткендіктен қыркүйекте күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған еді. Пандемия кезіндегі бір жылдық үзілістен кейін мектепке келген оқушылар мәдениет бөліміне қарайтын ескі ғимаратқа көшірілген. Көмір жағып, қол пешімен әрең жылитын ғимараттың да тозығы жеткендіктен, ол да жөндеу жұмыстарына жабылды. Оқушылар амалсыз онлайн форматқа көшуге мәжбүр.

53 жыл қолданыста болған мектеп 1,5 жыл қаңырап бос тұрып, биыл сабақ басталғанда күрделі жөндеу жұмыстарына жабылып қалған. Қабырғасы қақырап кеткен мектепті жауаптылар екінші тоқсанға дейін аяқтап, оқушылар офлайн режимге көшеді деп сендірген. Бірақ облыстық бюджеттен 90 млн теңгеге жуық қаржы алған «SCS Инжиниринг» мердігер мекемесі жұмысты жүргізгенімен, ақша жетпей қалған көрінеді. Тапсырыс берушілер болса шағын ғана бір мектепті жаңарту үшін бес рет тендер өткізген.

«Исмаил» ЖШС атты компаниясы бар шымкенттік жігіттер 16 және 6 млн теңгенің соңғы екі тендерін ұтып алды. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Сылау, сырлау, едендерді ауыстыру жұмыстарын жүргізеді. Жылы дәретханалар үшін кәріз құбырларын жаңалайды, кафельдерді жапсырады. Есіктердің жақтауларын сылайды. Әу баста 30 млн теңгенің тендері ойнатылғанымен, кәсіпкер жігіттер бағаны төмендету арқылы оны ұтып алды. Бұған дейін балаларды 11 кабинеті бар әкімдіктің ескі ғимаратына көшірген едік, мәдениет бөлімінің басшысы босатуды сұрады. Бір апта уақыт сұрап едік, болмады. Оған да жөндеу жұмыстары жүргізілмек», - деді Павлодар облысы Тереңкөл аудандық білім бөлімінің басшысы Жайнат Біләлова.

Облыстық бюджет арқылы қаржы бөлген басшылар парта, орындық сынды мектептің жиһаздарын жаңалауға тағы 40 млн теңге жұмсаған. Ақшаны тендермен қайта-қайта таратса да, жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталар емес.

«Оқушылар екінші тоқсанда офлайнға көшеді, мектепке барады деп жоспарланған еді. Енді 1-желтоқсанға дейін созылатын болды. Физика кабинеті түгел жаңарды, жиһаздары дайын тұр, алынған. Мектептің қосымша ғимараты апатты деп танылған соң бұзып, түгел құлатып тастады. Қабырғасы, төбесі ғана емес, іргетасы да жарылып, үлкейіп кеткен. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Мектептің жаңаруы 30 жылдыққа тарту болады, оңтүстік жақтан солтүстікке көшіп келген отбасылар арқылы оқушылар саны көбейіп жатыр», - деді білім бөлімінің басшысы.



86 млн теңгеден басталып, ақыры 151 млн теңгеге жеткен жөндеу жұмыстары аяқталғанның өзінде оқушылар дене шынықтыру сабағымен айналыса алмайды. Балалар бұл пәнде акт залында гимнастика жасаумен ғана шектелмек. Өйткені, спорт зал қауіпті деп танылғандықтан түгел бұзылған.

Облыстық білім басқармасының ақпаратынша, тек осы Березовка ауылындағы оқушылар ғана емес, өңірдегі 50 мектеп онлайн форматқа көшкен. Өйткені тұмау жұқтырған оқушылар күрт көбейіпті. Мұғалімдер жұмысын онлайн режімде жалғастырады. Білім басқармасының мәліметінше, облыста 359 мектеп бар.

«Облыстағы мектептердің төртеуі жекеменшік, қалғаны мемлекеттік. Успен ауданыда тұмау жұқтырған оқушылар санының көбеюіне байланысты Ольгино және Ковалевка ауылдарындағы мектептер жабық. Бірінде оқушылардың 56%, екіншісінде балалардың 62% тұмау жұқтырған. Екі мектеп аптаның соңына дейін онлайнға көшті. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығына байланысты Баянауыл ауданында 1-11 сыныптағы 20 мектеп, Павлодар ауданында 1-4 сыныптағы 26 мектеп онлайнға көшті. Тереңкөл ауданында тағы бір мектептің жылу жүйесінен ақау шыққандықтан балалар мектепке бармайды. Қазандықты сенімді басқару компаниясы келіп жасауы керек. Қазіргі таңда "Білім-Инновация" лицейінде (ұлдар) жөндеу жұмыстарының өтуіне байланысты оқу онлайн форматта жүріп жатыр», - деді облыстық Білім басқармасының бас маманы Жібек Аймұхамбетова.
Просмотров материала: 724

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 882 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 402 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 972 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 026 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 343 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 743 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 860 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 105 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 365 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 509 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 050 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 172 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 473 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 299 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 129 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 356 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 380 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 067 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 199 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 180 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 012 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 853 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 063 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 569 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 123 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 162 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 523 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 911 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 859 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 922 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 882 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 102 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 249 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031