27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Өзіне қол салушылар елі»: Қазақстанда кедейлік қамытын кигендер суицидке жиі барып жатыр

23 ноябрь 2021, 17:44
«Өзіне қол салушылар елі»: Қазақстанда кедейлік қамытын кигендер суицидке жиі барып жатыр
Қазақстан суицид көрсеткіші жағынан әлем елдері арасында көш бастап тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Орталық Азияда еліміз алғашқы орында, ал әлемде 3-орында тұр. Елде 2021 жылдың үш айында (шілде, тамыз және қыркүйек – авт.) 834 қазақстандық суицидке барған. Ал, жыл басынан бері 105 жеткіншек өзін өлімге қиыпты. Оған 200-ден астам жасөспірімнің суицидке оқталғанын тағы қосыңыз.

Соңғы төрт айда Қазақстанда 53 жасөспірім өзіне қол салды. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15%-ға көп. Қазақстанда ең жантүршігерлік статистика 2017 жылы тіркелген екен. Ол кезде елде 3 644 адам суицидтен көз жұмыпты. Мұндай қадамға баратындар бойынша алғашқы үштікке Түркістан облысы, Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысы кіреді. Бұл туралы ҚР Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректерінде айтылады.

Алматыда кеше болған қанқұйлы оқиға жоғарыдағы ресми статистикалардың шынайылығына тағы да бір көз жеткізеді. Бір сәтте төрт адамның өмірі қиылды. Оның ішінде үш бүлдіршіннің еріксіз ажал құшуы әлбетте елдегі суицидке қатысты есепті еселейтіні анық. Сандар көрсеткендей, өзін амалсыз өлімге қиюға жол ашатын негізгі факторлар төмендегідей:

адамның материалдық қиын жағдайға тап болу;
тұрғын үйдің жоқтығына байланысты тұрмыстың ауырлығы;
туыстармен жанжал;
тұрмыстық зорлық-зомбылық кесірінен ажырасу;
айықпас науқасқа шалдығу.


Құзырлы органдардың алдын ала мәліметі бойынша Алматыдағы «Жетісу» ықшамауданында болған оқиғаға отбасының ауыр тұрмыстық жағдайы мен үйдегі жанжал себеп болған.


Белгілі экономист Жангелді Шымшықов елде экономиканың құлдырап бара жатуын өмір көрсетіп отыр дейді. Оның пікірінше, Үкімет осы күнге дейін халықты тыныштандыру үшін әлеуметтік бағдарламаларды қабылдап, оған өлшеусіз қаражат бөлумен айналысты. Бұл – шығын. Ал тепе-теңдікті сақтайтын кіріс әкелетін салалар тұралап тұрған соң, жағдай ауырлап барады.

«Экономика шынымен жыл өткен сайын кері кетіп, қиындап бара жатыр. Неге? Өйткені біздің үкіметіміз есептеп барып әрекет жасап жатқан жоқ. Есептеп деген сөз – шығыс пен кірісті салыстырып, шығыс қандай, демек кіріс те соған байланысты болуы керек деген қағиданы сақтамай отыр. Бізде өлшеусіз әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктерді жасады. Дұрыс-ақ. Ал оны жабатын салық. Салық қайдан келеді? Салық өнеркәсіптен келеді. Алайда, өндіруші сала, шағын және орта бизнес ақсап тұр. Осындай жағдайда әлеуметтік мәселені шешу және кедейлікті қысқарту ағаттық. Сондықтан есептелген экономика болмай, әлеуметтік мәселелерге оңды-солды ақша бөлудің арты осындай дағдарысқа әкеліп отыр», - дейді Ж.Шымшықов.

Оның пікірінше, бюджет тапшылығы алдағы жылы да пайда болады. Ондай жағдайда Үкіметтің ұлттық қорға қол салу ықтималдығы жоғары. Ал, Елбасы ол қорды болашақ ұрпақ үшін құрғанын жақсы білеміз. Егер Мамин бастаған министрлер кабинеті жыл сайын Ұлттық қордан осылай ақша ала берсе, оның үстіне сыртқы қарыз қазіргі қарқынмен өсе берсе – болашақ ұрпаққа үлкен проблемадан басқа ешқандай «мұра» қалдырмайтынымыз түсінікті.

«Өтіріктің ең үлкені – статистика. Оны ертедегі үлкен саясаткерлердің бірі айтып кеткен. Біздің үкіметтің статитикасына ешқандай сенім жоқ. Мысалы, жүк тасымалдайтын пойыздардағы көрсеткіштерді екі есе көп жазса, жалпы ішкі өнім өсіп шыға келеді. Ол цифр өссе, экономикалық өсім бар деп мәлімдеме жасауға әбден болады. Сондықтан құрғақ статитика емес, күнделікті өмірдегі көріп жүрген жағдаймен өлшеу керек.

Баға шарықтап өсіп жатыр. Бағаны аспандатпау үшін бізде тауар биржалары жұмыс істеу керек еді. Тауар биржасында өндіріске сәйкес келетіндей баға индикаторлары қалыптасуы керек. Бағдарлы баға жоқ. Есептелмеген соң, қалай болса солай монополистер өз бағаларын шарықтата береді. Сондықтан кешегі әйел адамның өзіне қол салуы және балаларының сол қиындықты көрмесін деп, өзімен бірге ала кетуі – осы кедейлік пен қоғамның шынайы көрінісі деп есептеймін»,- дейді Жангелді Шымшықов.

Саясаттанушы Дос Көшім жас отбасын тығырыққа тіреп, жаппай өлімге жетелеген басты фактор кедейлік екенін айтады. Конституцияда мемлекеттің ең басты құндылығы – адам және оның өмірі, делінген. Бірақ Қазақстан адам қауіпсіздігі мен оның тұрмысын қамтамасыз ететін әлеуметтік мемлекет құруға асығар емес дейді экономист. Оның пікірінше, кешегі оқиға мұқтаждық және содан шығатын жолды іздеп, амалы таусылған отбасының ғана емес, бүтін елдің таргедиясы.

«Оның себебі – мұқтаждық және содан шығатын жолдың табылмауы ғой. Әлеуеті мықты елдерде мұның бәрін мемлекет реттейді. Адам аштан қалмайды. Өмір сүру деңгейіне мән береді. Социал-демократтар басқаратын елде ең бірінші адам – басты құндылық. Адам тіршілігі деңгейі десек, қымбат көлігің жоқ, үлкен үйің жоқ бай емессің, бірақ жейтін тамағың бар, далада қалмайсың деген бағытта жұмыс істейді. Ал Қазақстанда осындай әлеуметтік деңгей болмай тұр.

Ата заңда әлеуметтік мемлекет деп жазылғанымен, салыстыруға келмейді. Үш баласын асырай алмайтын деңгейге дейін жетуі және сондай деңгейге жеткен кедейшіліктің Қазақстанда барын мойындаумыз керек. Бұған көзді жұмбауымыз қажет. Сондықтан айтып жүрген әлеуметтік мемлекетті біз әлі құрған жоқпыз. Мемлекеттің ең бірінші жұмыс істеу шарты – әр отбасын баспанамен қамту. Бұл дамуға қол созған елдердің алдындағы басты парызы мен міндеті», - дейді Дос Көшім.

Оның пікірінше, билік бұл оқиғаны жай қайғылы оқиға деп жауып қоя салмай, қоғамның жағдайын, психологиясын зерттеуі қажет.

«Бұған билік қана емес, халық та жауапты болуы керек. Неліктен осындай жағдайға жетті? Басатын тауы, жүретін жері қалмады ма? Егер өзін-өзі жағып жіберсе немесе құзырлы органдардың алдына барып осындай қадамға барса, оны саяси қарсылық, өлімі арқылы бір мәселеге назар аудару болады дер едік. Ал мына жерде шарасыздықтан кеткені көрініп тұр. Осы шарасыздыққа қоғамның жеткенінің куәсі болып отырмыз. Сондықтан бәрімізді ойландыруы керек. Неліктен осындай жағдайға жеттік? Жалпы бұндай мәселе көбейді. Билік бәрі жақсы, осы күнге жеттік, гүлденіп отырмыз деп қайта-қайта айта береді. Ал халық арасынан осындай көріністің бой көрсетуі шын мәнінде жағдайдың басқа екенінен хабар береді», - дейді саясаттанушы.

АҚПАРАТ ҮШІН:

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлаужәне реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2021 жылғы қазан 2021 жылғы қыркүйекке баға азық-түлік тауарларына – 0,7%, азық-түлік емес тауарларына – 1%, ақылы қызметтерге 0,5% жоғарылады.

Бағаның өсуі жұмыртқаға – 7,2%, жаңа жиналған көкөністерге – 5,5%, құмшекерге, құс етіне – 1,4%-дан, картопқа – 1,2%, нанға – 0,7%, пастерленген сүтке – 0,6%, айранға, шошқа етіне, қарақұмық жармасына – 0,5%, шұжық, макарон өнімдеріне, ұнға 0,4%-дан байқалды. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған жемістерге 1,5% тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге – 3,4%, тұрмыстық тауарларға – 1,1%, киім және аяқ киімге, фармацевтикалық өнімдерге 0,4%-дан құрады. Жазғы дизель отыны – 16,6%, баллондағы сүйытылған газ – 6,4%, ағаш – 2,6%, тас көмір – 2%, бензин 0,9% қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер электр энергиясына – 1,1%, ыстық суға – 0,2% өсті, ал орталықтан жылыту 0,4% төмендеді.

Қазақстанда 2021 жылдың қазанында орташа айлық деңгейі 245 715 теңгеге тұрақтаған. Жұмыссыздар саны – 450,7 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9%. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы қазанның соңына 193,5 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,1%.

Дереккөз: AzattyqRuhy.kz.
Просмотров материала: 9 908

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 402 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 220 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 192 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 135 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 119 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 280 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 102 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 618 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 766 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930