27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Кәсіпкерлік - қазақтың қанында жоқ қасиет

25 март 2015, 15:43
Кәсіпкерлік - қазақтың қанында жоқ қасиет Қазақстандағы шағын және орта бизнес баяу болса да, өз бағытымен дамып келеді. Еліміздің экономикалық дариясына келіп қосылуы үшін, шағын бизнестің шағын арнасын әлі де кеңейткеніміз абзал. Ал ол үшін бизнестің жаңабастау-бұлақтарын ашу керек. Осы мақсатта Алматыда жеке кәсіпкер, «Саржайлау корпорациясы» ЖШС президенті Ахметбек Нұрсила бизнесті бастаудың жолын үйрететін «Бизнес-Бастау» атты тренингін бастады.

Тегін өткізілген алғашқы сабағына150-ден аса адам келіп қатысты. Тренинг барысында кейс әдісі бойынша, нақты жағдайларға негізделген мысалдар талданып, қатысушыларға ешбір кітап, оқулықсыз, тренердің өз тәжірибесі негізінде кеңестер айтылды. Бұл тренинг туралы тренер Ахметбек Нұрсила: «Бүгін «Бизнес-Бастау» шеберлік сыныбын өткізуді бастаймын. Қазақ тілінде өтетін biznes-bistau.kz сайтына кіріп онлайн режимінде интернет арқылы көрулеріңізге болады.

"Қазақ байысын" деген ниетпен бастап отырмыз. Бұл туралы бұрын да армандаған едім. Телебағдарлама жасау да ойда бар», -деді. Осы және өзге де кәсіпкерлікке қатысты мәселелер төңірегінде Ахметбек Нұрсила ағамызбен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.

- Бүгін өткізген «Бизнес-Бастау» жобасының қандай тиімділігі бар? Және осылайша жастарды бизнеске баулу мәселесіне ден қоюыңыздың себебі неде?

– Бұл аты айтып тұрғандай бизнесті бастаудың қыр-сырын үйрететін тренингтің бірінші күні. Екіншіден, «бастау» деген сөздің өзі бұлақтың қайнар көзі дегенді білдіреді. Яғни, жастарды бизнеске баулу көзделді.

Қазір талантты жастар өте көп, бірақ көпшілігі қорқыныштың шырмауында жүр. Ертеңгі күн қалай болады, үй болсам, отбасымды қалай асыраймын деген уайым бар, оның үстіне бизнесте жолы болып жүрген замандастарын көріп, алға қарай ұмтылыс, күш-жігер пайда болады.

Бірақ, ең қиыны көп жастар бизнесті қалай бастау керек екенін, бір сөзбен айтқанда тетігін біле бермейді. «Бизнес-Бастау» тренингінің негізгі мақсаты іс жүзінде жастарға бизнес жолының әдістерін, кәсіптің көзін, яғни «нишасін» таңдаудың талаптарын түсіндіру, клиентпен жұмыс жасау секілді жайттарды түсіндіру.

Екінші мәселе, кейбір азаматтардың жап-жақсы идеясы бар, бірақ бастауға қаражаты жоқ болады. Тренинг барысында бастапқы қаражатсыз қалай бизнес жасауға болатыны туралы айттық.

Үшіншіден, кейбір кәсіпкерлер кәсіп ашу үшін көлігін, үйін сатып, үлкен тәуекелдерге барады. Сөйте тұрып, ары қарай жүргізе алмай, миы қатады. Сондай жандарға осы тығырықтан шығып, бастаған ісінің жемісін көру жолын көрсетеміз.

Осы үш мәселені теориямен емес, қарапайым сөзбен, іс жүзінде көрсеттік. Менің кәсіпкерлік саласында жиырма жылдық тәжірибем бар, бизнес саласы туралы кітаптар оқып, іздендім. Және осы білімім мен тәжірибемді көпшілікпен бөлістім.

- Тегін курс болса да, адам қатары аз секілді...

– Қазір пирамида, желілік маркетинг секілді бизнестің түрлері көп қой. Сондықтан, алғашында «лохотрон» ба дегендей күдікдің болғаны рас. Бүгін 150-ден аса адам келсе, олар да айналасындағыларға айтып, ұсынып, сол арқылы көбейеді деп ойлаймын.

Бұл тренингтің бір артықшылығы – қазақ тілінде өтуі және айтылған ой-кеңестерді тәжірибе жүзінде көрсету. Қатысушылар нақты бір жағдайға, яғни кейсті мысал ретінде алып, ары қарай өрбітіп, жан-жақты талқылау арқылы бизнестің жүргізудің жолдарын үйренеді.

Қазақ тілінде өтуінің тағы бір пайдасы шеттен келген, ауыл-аймақта туып-өскен азаматтарға туған тілінде түсіндірілді. Сонымен бірге, ары қарай тренингке қатысатындар үшін сайт жасап, көмек көрсету жоспарымызда бар.

Арманым – әр қазақ бай болса, ертеңгі ұрпағымыз таршылық көрмесе. Табиғи ресурстарға сеніп, семіріп жататын уақыт өткен. Той тойлап, ақшаны текке шашуды да доғару керек. Бар мүмкіндікді пайдаланып, еңбек етіп, кәсіп көзін ашып, ізденетін заман. Көпшілік осыны түсінуі керек.

– Қазақстандағы кәсіпкерлік интернетке енді деуге бола ма?

– Жоқ! Өте төмен деңгейде. Барлық мәселе осында. Біз әлі ғаламторды бизнеске пайдаланудың ең төменгі сатысында сияқтымыз. Онлайн-оффлайн дегендей біз әлі оффлайнда жүрміз.

- Өзіңіз дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан қымыс өндіріс туралы айтып өтсеңіз?

- Мен осыған дейін кәсіпкерліктің түр-түрімен айналыстым. Соның ішіндегі ең қиыны, инемен құдық қазғандай үрдісті өткерген кәсібім қымыз болды. Бұл түбегейлі зерттелмеген, сақтау мерзімі тез өтіп кететін қиын өнім. Керемет жетістікке жеттік деп айта алмаймын. Бірақ, бүкіл күш-жігерім, ақыл-ойым, қаржым соған кетіп жатыр. Өзін ақтап отырған да жоқ.

– Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы», өзге де нормативтік құқықтық актілер, заңи құжаттар кәсіпкерлердің мүддесін қаншалықты қорғай алады?

– Қазақстанның кәсіпкерлері заңи тұрғыдан қорғалған деп ойлаймын.Бірақ мәселе заң немесе басқасында емес, адамның өзінің ұмтылысына, әрекетіне байланысты. Кәсіп көзін ашып, өз тіршілігін жасауға ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ.

– Мемлекеттің бизнеске қолайлы климаттық орта қалыптастырамыз деген ұстанымы қаншалықты жүзеге асырылуда?

– Бизнесті дамытуға мемлекет тарапынан қолдаулар жасалып жатыр. Тек біздің өзіміз кешеуілдеп қалып отырмыз. Бір ғана мысал, Қытайдан, Моңғолиядан оралған қандастарымызға кім жағдай жасап, кім ресурс құйды? Тіл білмесе де, бел жазбай еңбектеніп, кәсіп көзін тауып, қазір жағдайларын түзеп алды. Әрине,бәрі бірдей емес. Көмек көрсетілмеді деп телеарналар арқылы шулап жүргендері де бар, бірақ көзін тапқандар, кәсібін дөңгелетіп жүр.

– Бір сұхбатыңызда Қазақстандық тауар маркасының айналымы қиын деген екенсіз. Неліктен?

– Қазақстан тауар өндіреді деп айтудың өзі қиын. Себебі, теңіздің тамшысындай ғана. Тауар өту үшін ол танымал болуы керек. Танымал болуы үшін үлкен күш, жарнама керек. Сапасы да талапқа, сұранысқа сай болғаны абзал.

– Елімізде кәсіпкерлікке қанша қолдау жасалса да, өрістеп дами алмай отыр. Осы тұста, кәсіпкерлік қабілеті қазақтың қанында бар ма деген сұрақ туындап тұр.

– Қазақтың қанында кәсіпкерлік қабілеті жоқ. Кез-келген халық, эволюциялық жолмен дамып, мінез-құлқы мен тұрмыс-салты географиялық орнынан байланысты қалыптасты. Араб түйелерінің терісінің жұқа болу себебі ыстық жерде мекендейді.

Қытайдың солтүстігі мен оңтүстігінің адамдары екі түрлі. Қай жерге барсаңыз да адам табиғатына сай дағдыланған. Сол секілді қазақ халқы үлкен сахарада, кең далада көшіп-қонып жүрген. Қалалардың, өндіріс пен сауданың дамымауының басты себебі осы. Отырықшы елдердегі сияқты сауда мықты дамымаған.

– Дәл қазіргі қарқынмен дамитын болса, Қазақстандағы кәсіпкерлік қанша уақытта жанданады деп үміттенуге болады?

– Нақты айту қиын. Оған қозғаушы күш болып, бір қиындықтың бір пайдасы да болады. Дағдарыс басталып келеді, ЕАЭО-қа кірдік, жағдай қыса түскен сайын халық қозғалып, дамитын болар деген үміттемін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Жания Әбдібек, Матрица.kz
Просмотров материала: 4 725

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 449 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 268 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 240 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 185 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 166 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 503 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 121 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 635 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 783 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 150 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930