29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Отан қорғаушыларға көзқарасы дұрыс болмайынша, мемлекет дамымайды

11 февраль 2015, 9:21
Отан қорғаушыларға көзқарасы дұрыс болмайынша, мемлекет дамымайды Тарих бетінде қанды із қалдырған Ауған соғысы аяқталғалы қанша жыл өтсе де, қырғынды күндердің елесі ардагерлердің әлі күнге дейін көз алдында. Себебі, олар соғыс жылдарын ұмыттыратындай мамыражай өмірге жете алмай отыр. Заңды мәртебесі жоқ, әлеуметтік жағдайы қамтамасыз етілмеген. 15 бойы бойы күрессе де, еш нәтиже шығар емес.

Алматыдағы Ауған соғысы ардагерлерінің ұйымдастырған баспасөз мәсхилатынан осындай ой түйдік. Жиын соңында мәселені кеңінен қамту үшін «Ауғансоғысы ардагерлеріжәне мүгедектері кеңесі» төрағасының орынбасарыБайкал Хамзинмен аз-кем сұхбаттасқан едік.

- Ауған соғысы ардагерлеріне қандай мәртебе берукерек? Заң жобасы жасалып, билік тарапынан қабылдануы мүмкін бе?

- Ауған соғысы ардагерлеріне қатысты заң жобасының қабылдануы күрделі мәселе.Заңдық терминологияда «соғыс» деген түсінік жоқ, оның орнына «әскери конфликт» деген ұғым қолданылады. Бізде Президент қол қойған «Әскери доктринада» да жағдай дәл осылай. Біздің Ауғанстандағы азаматтық соғысқақатысуымыз тарихи факт. Көпшілік Ауғанстандағы соғыс Кеңес Одағы әскері барғаннан кейін басталды деп ойлайды.

Алайда, ондағы соғыс 1979 жылы емес, 1972 жылы басталған еді. Кеңес Одағы әскерін Ауғанстанға енгізген кезде онда сегізінші жыл соғыс жүріп жатқан болатын. Сондықтан бізАуғанстандағы азаматтық соғыстыңбір жағында ғана болғанымызды дәлелдегіміз келеді. Заңдық тұрғыда «әскери конфликтіге» қатыстық деген дұрыс. Сонда еліміздің «Әскери доктринасы» біздің әлеуметтік қорғалуымызға қарсы болмайды.

- Ауған соғысы ардагерлеріне қандай көмек керек?

- Қазір мемлекеттің жағдайы жақсы. Егер мемлекет тарапынан ардагерлерге қаржы бөлінсе, оны жүйелі пайданалану керек. Біз осы мәселе байланысты Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігіне қарасты комитет құру туралы ұсыныс жасадық. Енді алдағы 5-6 жылдың ішінде өзгерістер болып қалар. Егер Отан қорғаушыларға деген көзқарас дұрыс болмаса, мемлекетте даму болмайды.

- Ауған соғысына Кеңестік одақтас мемлекеттердің бірқатары қатысты. Ондағы ардагерлердің қазіргі жағдайы қандай?

- «ТМД Әскери-саяси одағының» мүшесімін. Бұл мәселені талқылауға ардагерлер жиі жиналып тұрамыз. Қазіргі ардагерлерге ең жақсы жағдай Қырғызстанда жасалған. Өтемақысы 200$ көлемінде және Ауған соғысын «соғыс» деп қабылдайды. Өзбекстанда жағдай нашар. Ардагерлерге көңіл бөлінбейді және көзқарас та дұрыс емес.

Онда 67 мың ардагер бар. Тәжікстанда ардагерлер мәселесін қарайтын Мемлекеттік комитет бар болғанмен, қаржыландыру жоқ. Ал, Балтық жағалауы елдерінде Ауған соғысын басқаша қабылдайды. ЕуроОдақтың құрамында болғаннан кейін нұсқау бойынша, оларда да Ауған соғысына да, ардагерлеріне де заңдық тұрғыда мәртебе берілген жоқ.

Ресейде заң бойынша Ауған соғысын«әскери қимыл» деген деп қана қабылдап, соғыс екенін мойындамай отыр. Бұл саяси мәселе. Украинада да жағдай солай. Онда 160 мың Ауған ардагері бар. Бірақ, Украинаның қазіргі жағдайы тұрақсыз болғандықтан, нақты айту қиын.Белоруссияда жағдай жақсы.

Мемлекеттің ардагерлерге көзқарасы көңілге қонымды. Біздегі жағдай да Ресейдікіне ұқсас. Өтемақысы да шамалас. Біз Мәскеуде өткен бір жиында Қазақстан, Ресей және Белоруссиядағы ардагерлердің жағдайын, оларға деген көзқарасты бірдей болсын деген ұсыныс жасаған болатынбыз.

- Ауған соғысының аяқталғанына ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, оған ресми түрде объективті баға берілмей келеді. Кеңес Одағы неге «соғыс» деп мойындамады? Сіздің көзқарасыңызша, қазір қандай баға берген дұрыс?

- Кезінде Ауғанстан ОК-нің Бірінші хатшысы Х.Аминмен Кеңес Одағы арасында келісім жасалып, Кеңес Одағы «көмек беру» деген желеумен Ауғанстанғакірді. Ресми түрде 25 желтоқсан 1979 жылы енгізілді дегенмен, шын мәнінде 7 шілдеде әскер жөнелтілді. Өз ішінде ортақ келісімге келе алмай отырған Ауғанстанға Кеңес Одағы келісіммен барды. Бір жағынан Ауғанстан геосаяси мемлекет.

Орталық Азияны бақылауға болатын нүкте, транзиттік аймақ. Ауғанстан 1600 метр биіктікте орналасқан, ал бұл жайт мұнда базасы орналасқан мемлекетке өте тиімді. Сол үшін үлкен мемлекеттер таласты. Біз сол үлкен «бір» мемлекеттің құрамында болдық. Әр мемлекет Кеңес Одағының араласуын әр түрлі бағалайды: біреулер агрессия, екіншілері интервенция секілді әртүрлі көзқарастар болды. Бірақ, қаталдық көп болды.

- Сіз қорғаған Отан тарап кетті. Сол соғысқа барып, жастығыңызды сарп еткеніңізге өкінбейсіз бе?

- Ол кезде саясат басқа болды. Үлкен мемлекеттің құрамында едік. Америка мен Кеңес Одағы арасында қайшылықтар жүріп жатты. 1979 жылы Иранда революция қызып тұрған, Қытай жақтан да қауіп бар болатын. Сондықтан, Кеңес әскеріне оңтүстік шекараны қорғау керек болды. Ал сол кездегі идеология өте күшті болатын. Ұлы Отанды, оңтүстік шекараны қорғау үшін қаншама кеңес сарбаздарымен қатар біз де аттандық...

- Геосаяси тұрғыда Ауғанстан қолайлы аймақ екен рас. Алдағы уақытта Ауғанстан үшін конфликт тағы туындауы мүмкін бе?

- Әрине мүмкін. Ауғанстан мемлекеті өте қиын жағдайда. Онда пуштандар, тәжіктер, өзбектер секілді диаспоралары бар. Солтүстігіндегі жүргізіліп жатқан саясат оңтүстіктен мүлде бөлек. Мүмкін федерализиция болар. Және сыртқы күштер де жиі араласуда. Үлкен мемлекеттер кірісіп жатыр. АҚШ талибтермен келісімге келмекші.Ауғанстан ресурстарға бай, әскери ыңғайлы жер. Оған ықпалы бар мемлекеттің Азияны бақылау мүмкіндігіне ие болады. Үндістан мен Пәкістан секілді үлкен нарықты Азиямен байланыстыратын транзиттік елге ықпал етеді. Сондықтан Ауғанстан үшін талас туындай беруі мүмкін.

- Қазіргі кезде Ауғанстанға Қазақстан тарапынан гуманитарлық көмектер жасалуда. Бұл туралы ойыңыз қалай?

- Мемлекеттің байлығы- адам. Егер Ауғанстан халқының менталитеті бізге жақын болса, олармен тіл табысу да оңай бола түседі. Ол бір күндік саясат емес. Ауған жастарын сол үшін де оқытып жатыр. Халық жақсы араласатын болса, мемлекеттердің де байланысы жақсара түседі. Бұл дұрыс саясат, меніңше.

Сұхбаттасқан Жания Әбдібек, Матрица.kz
Просмотров материала: 2 196

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 630 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 468 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 454 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 393 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 348 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 642 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 298 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 452 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031