25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Өзімді ұстаз санамаймын»

27 декабрь 2014, 22:39
«Өзімді ұстаз санамаймын» Қазіргі қазақ эстрадасын «Музарт» тобынсыз елестете алмайсыз. Топтың әндерінен тұтас бір дәуірдің көңіл-күйін, арман-мақсатын анық аңғарамыз. Елімізде құрылып жатқан топтар «Музарт» жігіттеріне қарап бой түзейтіні жасырын емес. Сондықтан «Музарт» тобын қазақ эстрадасының бойтұмары десек артық айтқандық болмас еді.

Свобода Слова

Таяуда топтың әншісі Сәкен Майғазиевпен жолығып, сөйлесудің сәті түсті. Майталман әнші біздің сұрақтарымызға жауап беріп, көкейдегі ойын оқырмандармен бөлісті.

- Сәкен мырза, қазір қазақ эстрадасы қатты дамып келе жатқаны өзіңізге мәлім. Оның топ басында «Музарт» тобы тұрғаны көпшілікке мәлім. Соңғы уақыттары шоу-бизнестің дамуына қандай фактор әсер етіп отыр деп ойлайсыз?

– Қазіргі таңда шоу-бизнестің бұлайша қатты дамуына әсер етіп отырған көптеген себептер бар. Мұндай тенденция қазір барлық елде жүріп жатыр ғой. Осы ретте қазақ эстрадасының да көштен қалмай, қарқынды дамып келе жатқаны мені қатты қуантады. Эстраданың жарық жылдамдығындай дамуына қара базардағы «пираттар» де өз «үлесін» қосып жүр.

Осыдан біршама жыл бұрын жақын таныстарым қоңырау шалып, «жеке ән жинағыңыз құтты болсын» деп құттықтады. Содан дискіні алып қарасақ, ешқандай дизайны жоқ, сапасыз, әлі жазылып бітпеген шикі әндерді қайдан көшіріп алғанын да білмейміз «пираттар» таспаға басып, саудаға шығарып жіберіпті… Сол кезде екі дискіден тұратын жеке ән жинағымды шығарайын деп жүрген едім. Осы уақытқа дейін барлық күш-жігерімді «Музартқа» салып келдік.

Осы тұрғыдан алғанда эстраданың қарыштап дамуына заманауи технологиялардың қатты дамуы ерекше әсер етіп отыр деп айта аламын. Бұдан басқа қазақ эстрадасының дамуына қазақтың берекелі тойы да әсер етіп отырғанын мойындауымыз керек. Қазіргі таңда қазақ эстрадасы жаңа сапалық кезеңге аяқ басып келеді. Кезінде қазақ әндерін теледидардан прайм-тайм уақытта тыңдау мүмкін емес еді. Ал қазір оның бәрі келмеске кеткен.

Бүгінде еліміздегі телеарналар шоу-бағдарламаларын қарапайым халық теледидардың алдына жиналатын уақытқа дәлдеп қояды. Өз басым бұл қазақ әніне, өнеріне жасалған жақсылық деп санаймын.

- Қазіргі таңда қазақ әншілерін той көтеріп тұрғаны белгілі. Әншілеріміздің клиптерін насихаттау үшін телеарналар ақша беруге мәжбүр деген әңгімені құлағымыз шалып қалды. Сіздің ойыңызша, бүгінде әншілерге қандай қамқорлық қажет?

– Өз басым отандық телеарналарға өкпе арта алмаймын. Қазірде қазақстандық арналар қазақ эстрадасын барынша насихаттап, дәріптеп келеді. Иә, телеарна қызметкерлері көрермендер арасында беделін арттыру үшін сұранысқа ие әншілерді шығаратыны анық. Бүгінде өздеріңізге белгілі телеарналар арнайы шкаланы тексеретін құралдарды пайдаланады.

Яғни, «халық, қалың бұқара қай телеарнаны, қандай бағдарламаны жиі көреді» деп рейтингін тұрақты тексеріп отырады. Сол себепті де қазақ әндерін тамашалап, ал шетел әндері қойылған кезде басқа арнаға ауыстырып жіберсеңіз, олардың рейтингтері де төмендейді. Осылайша отандық өнердің дамуына жол ашуға болады. Өз басым қазір қазақ эстрадасы қазіргі күні өзінің төріне шықты деп есептеймін.

- Жұлдыздық «ауруға» қатысты не айта аласыз?

– Бүгінгі дейін өзін «мен жұлдызбын» деп аспанға әуелетіп жүрген әншіні көрген де, естіген де емеспін. Бірақ кейде автоматты түрде «жұлдыздар келіп қалыпты» деп айтып жатады ғой. Әрине, бір жағынан бұл сөз жаныңа жылу сыйлайды, ал енді бір жағынан жаның жараланып жатады. Халық өзі әншілерге «жұлдыз» деп ат қоятыны жасырын емес.

Сондықтан «мен жұлдызбын» деп көкірегін керіп тұрған әнші-күйшіні көрген емеспін. Кейде менімен жақын танысқаннан кейін адамдар «сіз мүлдем қарапайымсыз» деп жатады. Өз басым қарапайым болмауға Алладан қорқамын. Бірақ кейбіреулер керісінше: «өзіңді-өзің бағалай білген жөн, жұлдыз болу керек, ешкімнің қолы жетпейтін болу қажет» деп ойлап жатады. Ал кейбір әншілер бар, олардың әндеріне де сұраныс жоғары, өздерін де байсалды ұстап, барлығымен бір деңгейде сөйлеседі, бір сөзбен айтқанда өздерін өте қарапайым ұстайды.

Олардың қатарына өзім – Роза Рымбаева, Батырхан Шүкенов, Нұрлан Абдуллинді жатқызар едім. Мейлің қазақ, мейлің орыс бол, ақ нәсіл, қара нәсіл, бәрімен бір деңгейде сөйлеседі. Рас, дүбәра әншілер де жоқ емес, тіпті оларға қарап қарның ашады. Айталық, не туған тілін, не басқа тілді жарытпай, тіпті ұлтын, руын білмейді. Тарихының тереңнен тамыр тартатынын білмейтін, білгісі де келмейтін санасыз әншілер де жоқ емес.

- «Жігітке жеті өнер де аз» дегендей, әншіліктен басқа немен шұғылданасыз?

– Көлік жүргізе білемін (күледі). Түрлі ұлттық аспаптарда ойнай білемін. Қасиетті қара домбырамызда, гитара, соқпалы аспап, ксилофонда ойнаймын. Сонымен қатар, спортқа да жаным жақын. Оның ішінде бильярд, аяқ доп, волейбол және баскетболды ұнатамын. Жалпы спорттың қай түрі болмасын, кенде емеспіз.

Көптеген әншілер әншілікпен қоса, актерлік бағытты да алып жүреді. Киноға түскіңіз келмей ме?

Сәкен Майғазиев, интервью, культура, Нұрлан Жұмахан, Есет Көшебе– Шынымды айтайын, актерлік шеберлігім шектеулі… Бір кездері актерлік шеберліктен атақты Жайлау Жабағин, Роза Рымбаевадан дәріс алған болатынмын. Алайда табиғат дарытпаған нәрседен бәрібір ештеңе шығара алмайды екенсің. Жалпы образға кіріп, ойнау қолымнан келмеді. Керек десеңіз, тіпті өлеңді мәнерлеп оқуға да жоқпын.

- Шәкірттеріңіздің де бар екенін білеміз. Солар жайлы айтып берсеңіз? Және шәкірт тәрбиелеудің басты мақсаты неде?

– Барлығы да, бәрі де бір Алланың разылығы үшін ғой. Бәріміз де мұндай дәрежеге, деңгейге жету үшін көптеген қиыншылықтарды бастан өткердік. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді ғой, сол себепті жас таланттарға қол ұшын созғымыз келіп тұрады. Алайда өзімді продюсермін немесе ұстазбын деп айтудан аулақпын.

Жастарға шамам жеткенінше көмектесіп, кеңесімді беремін. Әлеуетім жетіп жатса, қаржылай көмектесуден де қашпаймын. Ал нақты қандай, нендей топ десеңіз, «Меломен» тобын білесіздер ғой. Түрі ән-байқауларда үздіктердің қатарынан көрініп жүрген белсенді топтардың бірі. «Сіздің батаңызбен бастайық» деді төртеуі бас қосқан кезде, әрине, өзімнің ақыл-кеңесімді аяған жоқпын. Кейіннен олар достары арқылы, қазіргі продюсері Жанна Әбуовамен танысқан екен. Жаннаға барар кезде, келіп менімен кеңесті. Бірден екі қолымды көтеріп келістім.

Өздеріңізге де белгілі ғой, Жанна Әбуова өнерге жанашыр, тіпті ер адамдар атқара алмайтын істі жасап жүрген азаматша. Сол себепті қуана-қуана келістім. Әзіргі еңбектері, әлбетте, бәріміздің де көңілімізден шығып жүр. Қазір де үйге келіп, ақыл сұрап тұрады, қолымнан келгенше көмектесуге даярмын. Керек болса, олармен қоса өзім де үйренемін. Сосын, «До-Мажор» деген топ бар. Оларға да қолымнан келгенше, көмегімді бердім. Сонымен қатар, «Аршат» деген топ болды. Бұрын «Арман» тобы болатын, қазіргі күні «Арманға» өзгертілді. Оларды Оңтүстік астанаға алып келіп, «өнер жолын осы жерде жалғастырыңдар» деп кеңес берген тұғым. Мені ұстаз деп сыйлайды, алайда ұстазбын деп айта алмаймын.

- Әлеуметтік желіде көп көрінесіз. Қоғам үшін оның пайдасы мен зиянын айтсаңыз.

– Әрине, әзіргі күнгі ғаламтордың, оның ішінде әлеуметтік желілердің тиімділігі көп. Олардың қайбірін айтайын. Жасырып жабары жоқ, егер ғаламтордың алдында ұзақ отырар болсаң, ендеше кем дегенде 7-8 сағатыңды «құрбандыққа» шаларың анық. Алайда оны тиімді пайдалану, яғни өз мақсатына қарай жүзеге асыру әркімнің өз ісі.

Айталық, қажетті мәлімет алып, сол тараптағы ой-пікіріңді ортаға саласың. Елімізге белгілі Мұрат Әбен ағамыз айтқандай, менің «Твиттер» әлеуметтік желісінде 5000-ға жуық оқырманым бар, демек мен білдей бір газеттің немесе журналдың бас редакторымын». Сайып келгенде, менің ойымды, сауатымды, белгілі бір мәселеге қатысты көзқарасымды әлгі 5000 адам оқи алады деген сөз.

Алайда, өзімнің ұстанымым – мұндай жерге қажетсіз, түкке тұрғысыз дүниені, айталық келген-кеткен жеріңді немесе не ішіп, не қойғаныңды салып отыруға болмайды. Өз басым негізінен өзектілігін жоймаған, мақсатты, маңызды дүниелерді жазуға тырысамын. Мысалы, бұдан бірнеше жыл бұрын Оңтүстік астанаға келген ағылшын азаматы әуежайдің есігіндегі «От себя» деген жазуды бадырайтып «Өзіңнен» деп аударылғанын осы әлеуметтік желіде мәселе етіп көтергені есіңізде болар. Мұндай қателікті біз түземесек, кім түзейді?!

- Соңғы уақыттары тіл жанашырына айналғаныңызды да білеміз. Бұл тарапта түрлі оқиғаларға тап болғаныңыздан да хабардармыз…

– Қазақ тілі бәріміздің ана тіліміз. Мен үшін одан артық қастерлі дүние жоқ. Тіл менің болмысым, жаным десем артық айтпаспын. Сондықтан әрбір азамат Қазақстанның кез-келген жерінде қазақ тілінің айбынын, абыройын асқақтатып, мерейін үстем етіп жүруі тиіс. Бұл азаматтықтың белгісі деп есептеймін. Тіл арқылы атымды шығару деген ой басыма кіріп-шыққан емес. Меніңше, кез-келген азамат тіл мәселесіне келгенде енжарлық танытпауы керек.
Просмотров материала: 2 185

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 152 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 974 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 944 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 884 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 865 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 015 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 541 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 690 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930