19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Жаңаөзеннің серпінді дамуы – қала халқының жағдайына жақсы әсерін тигізе бермек»

«Жаңаөзеннің серпінді дамуы – қала халқының жағдайына жақсы әсерін тигізе бермек» Өткен қараша айында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Серікжан Қанаев моноқалаларды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаның орындалысын сынға алған болатын. Мәжілісте өткен аймақтық саясат жөніндегі кеңес отырысында депутат моноқалаларда өндіріс өсімі азайып, жұмыссыздықтың өсіп жатқанын атаған еді. Депутаттың сөзіне қарағанда, Атырау облысы Құлсары елді мекенінде және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында шағын несие беру деңгейі төмен екен. Шын мәнінде де Жаңаөзен қаласында жағдай осындай ма? Жалпы бағдарлама қалай іске асуда? Бұл орайда, «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асырылуының ағымдағы жағдайымен танысу үшін Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Трұмовпен сұхбаттасқан едік.

- Серікбай Өтелгенұлы, алдымен осы мемлекеттік деңгейдегі бағдарламаның іске асуы қандай деңгейде, соған тоқталсаңыз?

- Жаңаөзен қаласының бірінші кезекте әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында, жергілікті атқарушы орган ағымдағы жылы «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бірқатар кешенді жұмыстарды іске асырды. Сол қолға алынып жатырған қолдау шараларының арқасында жаңаөзендіктердің әлеуеті көтеріліп, қазіргі таңда шаһардың қоғамдық-саяси ахуалы қалыпты деуге болады. Бұған қала аумағындағы барлық сала бойынша жасалып жатырған жұмыстардың нәтижесі арқылы көз жеткізуге болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында ел тұрмысын түзеуге бағытталған межелі іс-қимылдар ұдайы жалғасын тауып келеді. Өзіңізге белгілі, шағын қалаларды дамыту бағдарламасы - инфрақұрылымды жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту мен тұрғындардың тұрмыс жағдайын оңалтуға бағытталған.

- Енді, моноқалаларды дамыту бағдарламасы қабылданған кезден күні бүгінге дейінгі аралықта қандай жұмыстар жасалды? Атап кетсеңіз?

- 2012 жылы пилоттық түрде Жаңаөзен қаласын абаттандыруға, сәулеттік келбетін жақсартуға республикалық бюджеттен 477,0 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа «Самал», «Өркен» және «Көктем» шағын аудандарының аулаішілік жолдары жаңартылды, асфальт жабындысы бар 14,8 мың ш.м. автомобиль жолы салынды, жаңарту және кеңейту жұмыстарын жүргізу арқылы 51,2 мың ш.м. асфальт жабындысы төселінді, асфальт жабындысы бар 14,9 мың ш.м. жаяу жүргіншілер жолы салынды, жаяу жүргіншілер жолы мен алаңшаларға 30,7 мың м. жиектастар орнатылды және 5,0 мың ш.м. ескі жол тегістелді. Сонымен қатар «Самал» шағын ауданында 2 ойын алаңшасы және №5, №18 орта мектептерде спорттық ойын алаңшалары орнатылды.

Аталмыш бағдарлама аясында жұмыстар 2013 жылы да жалғасып, шараларды іске асыруға жергілікті және республикалық бюджеттерді қоса алғанда 930,8 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттар негізінде келесідей бағыттар бойынша жұмыстар жасалды:

Біріншіден, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жаңа өндірістер ашуға 3 жобаға 15,0 млн.теңге мемлекеттік гранттар ұсынылды. Мұнан басқа жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қаланың өндірістік аймағынан кәсіпкерлерге жерді жалға беру мақсатында жалпы аумағы 50,0 га жер телімі бөлінді. Өндірістік алаңның (технопарк) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысын жүргізуге 115,0 млн.теңге бөлініп, сәйкесінше 2,2 шқ. орта қысымды газ құбыры, 2,54 шқ. ВЛ-6кВ электр желісі, 5,0 шқ. байланыс желісі, 3,3 шқ. су құбыры мен 2,1 шқ. кәріз құбыры салынды.

Ал инженерлік инфрақұрылымды дамытуға барлығы 741,4 млн. теңге бөлініп, «Теңге, Қызылсай селоларының аяқталмаған жер телімдері бойынша инженерлік жүйелерінің құрылысы» аяқталып, 7,2 шқ. су құбыры, 11,1 шқ. газ құбыры, 25,2 шқ.м электр желісі тартылды.

«Жаңаөзен қаласының «Достық» көшесінде 1,952 шқ., «Қосқұлақов» көшесінде 1,555 шқ. автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және «Көктем» шағын ауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру үшін 5293м2 жолға жөндеу жүргізілді, 27333м2 ескі жолдар асфальтпен жаңғыртылды, 7616 м бетон жиектастар орнатылды, 5607м2 жаңа асфальттық бетондық алаңдар төселінді, 10660м2 жаяу жүргіншілер жолдары жасалынды.

Сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен «Өркен» шағынауданының аулаішілік көшелерін абаттандыру» бойынша 7646м2 қолданыстағы жол жөнделіп, жаңа асфальтты бетондық жабындымен төселді, 36625м2 ескі жолдар алаңына жиектаспен бірге асфальт төселді, 14874м2 жаяу жүргінші жолдары асфальтталды, 25827м жерге жаяу жүргінші жиектастары орнатылды.

- Ал биыл 2014 жылы қандай бағыттар бойынша жұмыстар жүрді?

- Әрине биыл да жұмыстар өз легімен жалғасын тапты. 2014 жылы 1,423 млрд.теңге қаржы бөлінді. Бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар жүруде.

Мәселен, шағын және орта бизнесті дамытуға барлығы 257,6 млн.теңге бөлінді. Кәсіпкерлік жобаларды іске асыру үшін несиелер бойынша пайыздық үстемелерін субсидиялауға 48,0 млн.теңге бөлінді. Келісім және сұраныс негізінде 43,0 млн.теңгесі «Даму» қорына аударылды. Жалпы сомасы 1278,7 млн.теңгені құрайтын 18 жоба мақұлданды.

Оған қоса жаңа өндірістер ашуға мемлекеттік гранттарды беруге 15,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінге 8,1 млн.теңгені құрайтын 3 жоба мақұлданды. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 5 жоба) 69,4 млн.теңге бөлінді. 01.10.2014 жыл кезеңіне 20,0 млн.теңгесі игерілді. Технопарктің инфрақұрылымдарының жұмыстары аяқталды. Төңірекшін шаруақожалығының шиегін «Газдандыру» жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде (9,0 млн.теңге игерілді) және «Электрлендіру» жобасы бойынша конкурс өткізіліп, нәтижесі анықталуда.

Айта кету керек, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге несие беру бойынша республикалық бюджеттен - 125,2 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 69 кәсіпкер шағын несие алуға өтініш білдіріп, оның ішінен нақты 27 жобаға несие берілді және тағы 7 жобаға несие беру үшін құжаттары ресімделуде.

Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға барлығы 1165,6 млн.теңге бөлініп, биылғы жылдың 1 қазанына дейінгі кезеңіне 1101,2 млн.теңге игерілді. Атап айтқанда, Теңге селосындағы 6 кВ-тық бөлу пункті (РП-6) мен 110/6 кВ-тың «Рахат-1,2,3» подстанциясынан Теңге селосының шығыс бөлігіне дейін 6 кВ әуе электр жүйесінің құрылысы, қалаішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жүргізілді, Қызылсай селосы мен «Мамыр» шағынауданында орналасқан теміржол депосына дейінгі автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілді. Одан басқа «Шұғыла» шағынауданының аулаішілік көшелеріне, Теңге және Қызылсай ауылдарына және «Астана» ш/а Ақтау көшесіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Міне, осындай жұмыстар атқарылды.

- Қазір елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша нендей жұмыстар қолға алынды?

- Шындығына келгенде, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда айырықша жағдай жасалып, түрлі жеңілдіктер беруде қаламызда көптеген артықшылықтар бар.

Жалпы Үкімет тарапынан қабылданып жатқан игі шаралар нәтижесінде, қалада кәсіпкерлік саласы дамып, сала бойынша көрсеткіштер өсіп келеді. Оның айғағы ретінде айта кетейін, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі - 130,7 млрд.теңгені, нақты көлем индексі – 111,3% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 23,0 млрд.теңгені құрап, бұл - 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,3% - ға артқан.

Жалпы ауданы 80,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың сәйкес деңгейінен 4,5%-ға көп. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлеміндегі негізгі үлесі халықтың қаражаты есебінен.

Шағын және орта бизнес субъектілері саны 8107-ге жетті және онда еңбекке жарамды қала тұрғындарының 32 пайызы немесе 16653 адам жұмыс жасайды. Бұл көрсеткіш 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға өсіп, жұмыспен қамтылғандардың саны 2,3 пайызға артқан.

Бүгінгі күні «Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған Арнайы жоспары» аясында 2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін 1,8 млрд. теңгені құрайтын 58 жоба қаржыландырылып, нәтижесінде жаңадан тұрақты 396 жұмыс орны құрылды. Мұның басым бөлігі кәсіпкерлікті дамыту арқасында жүзеге асуда.

Бизнесін жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында 2012 жылдың желтоқсанында Бизнес-инкубатор ашылды. Бүгінге 43 кәсіпкерге арнайы орындар жалға беріліп, жаңадан 140 жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар қаланың өндірістік аймағынан жаңа өндірістерді дамытуға 50 ГА жер телімі бөлінді, инженерлік коммуналдық инфрақұрылым тартылды, кіреберіс автожол құрылысы қамтылды. Осы өндіріс алаңында бүгінге 4 жеке кәсіпкер жерлерін алып, жұмыстарын бастауда.

Қаланы көркейтетін негізінен кәсіпкерлер. Бұған дәлел - соңғы жылдарда мейрамханалар, сауда және тамақтандыру орындары мен халыққа түрлі қызмет көрсету орындарының көптеп ашылып, сәнді де көркем ғимараттардың бой көтеруі. Олар қала көркіне көрік қосуда. Оған «Абат» мейрамханасы мен жеке қожалық иелігіндегі көптеген қонақ үйлер мен «Жібек жолы» секілді сауда кешендерінің бой көтеруін қосыңыз.

Сонымен қатар қалада екі бірдей ойын-сауық кешенінің құрылысы жүргізілуде. Осыған қоса айтарымыз қалада қоғамдық тәртіп нығайды. Ауыр қылмыс түрлері азайып келеді. Жаңаөзен қазір тыныш, жайлы қалаға айналды. Өз кәсібін ашып, табыс тапқысы келетін адам түрлі тәртіпсіздікке бармайды. Оған айналасындағы ортаның тыныш болғаны қолайлы. Кәсіпкерлікті дамыта түсудің бір тиімділігі осында жатыр.

- Серікбай Өтелгенұлы, мұнайлы қалада жұмыссыздық мәселесі шешімін қалай табуда?

- Жаңаөзен қаласындағы әлі де өзектілігі басым мәселе – жұмыссыздық. Әрине, бұл мәселені түбегейлі шешіп тастау мүмкін болмаса да, оның жолдарын табу, жұмыссыздықтың санын азайту, қайткенде де халықты жұмыспен қамту шаралары атқарылып келеді. Халқының саны, оның ішінде нағыз жұмыс жасайтын дер шағындағы жастар санының басымдау болуы – Жаңаөзенде жұмыспен қамту мәселесінің алдыңғы орынға шығуына әкеп соқтырды. Жаңару жолына түскен қалада бұл мәселені шешу - басты назарда.

2014 жылдың басынан бері жұмыссыздыққа тіркелгендер саны – 4988 адамды құрап, оның ішінде «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасын есепке ала отырып есептегенде әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылғандар саны – 2249 адамды құрады. (2013 жылы бұл көрсеткіш – 2241 адам еді).

Атап айтқанда, тұрақты жұмысқа – 616 адам, әлеуметтік жұмысқа – 195 адам, жастар практикасына – 230 адам, қоғамдық жұмысқа – 878 адам, кәсіптік оқыту мен біліктілігін арттыру курстарына – 226 адам, абаттандыру жұмыстарына – 95 адам тартылды. 9 адам 27,0 млн. теңгенің шағын несиесін алып, өз кәсіптерін ашты. Оның ішінде мал шаруашылығын ұйымдастырып, тігін, шаштараз, наубайхана сияқты кәсіптердің басын ұстағандар да бар.

Күні кешегі 1 қарашаның мәліметі бойынша, жұмыссыздық бөлімінде тіркеуде қалған адам саны 1213 болып, жұмыссыздық деңгейі 2,2%-ды құрады.

Ағымдағы жылдың III-тоқсанында қаламызда бірқатар мұнай саласы кәсіпорындарында жаңадан жұмыс орындарының құрылуы «оператор», «бұрғышы», «бұрғышының көмекшісі» т.б. мамандықтар бойынша серіктестіктерге орналасуға ниет білдірушілердің санының артуына алып келді.

Жыл басынан бері «Каспий Битум» БК-на 5 адам жұмысқа орныластырылып, олар облыс әкімінің қолдауымен Ақтау қаласынан жатақханамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Кешенді жоспарға сәйкес, «АқтауОйлМаш» ЖШС-ның сұранысымен, бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру мақсатында «Ақтау тренинг» орталығында 36 адам, Маңғыстау энергетикалық колледжінде 61 адам «монтаждаушы», «металлоқұрылғыларын жинақтау», «дәнекерлеуші», «слесарь», «токарь» мамандықтары бойынша қайта даярлау курстарында оқытылып жатыр. 1 қарашада 10 монтаждаушы оқуын аяқтап, бүгінге 3-уі «Ерсай» компаниясына іріктеуден өтіп жұмысқа орналасты, 1-уі «ТУС» ЖШС-на, 1-уі «АТД Мұнай» ЖШС-на жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның өндірістік аймағында тазалық жұмыстарына 100 адам жұмысқа жолдануда.

Осы ретте айта кету керек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған емес. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қала бойынша анықталған жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 477, оның 172-і тұрақты жұмыстарда, 196 адам жұмысты қажет етпейді, 109 адам жұмыс жасауға ниет білдірді. Оның ішінде: жұмыссыздық бөліміне 82 мүгедек тіркеліп, 54-і жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы 1 мүгедек мал шаруашылығын кеңейту арқылы өз бизнесін дамытуға 3,0 млн.теңге несие алып, жұмысын жалғастыруда, 4 мүгедек әлеуметтік жұмыспен қамтылды, 1 мүгедек 2012 жылдан бері «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша үш жылдық оқуда білім алуда, 1 мүгедек Рахат кентіндегі абаттандыру жұмысына орналасты.

Бүгінгі таңда қала әкімдігімен тұрғындардың арасында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуіне қарамастан, мұнай саласына жұмыс сұраушылардың саны азаймауда. Жеке қабылдауда болған азаматтар жалақысы жоғары, яғни мұнай саласына тұрақты жұмысқа орналастыруды сұрайды.

Әрине, біздер барынша жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы халықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз, алайда жалақысы жоғары мұнай саласына орналасуға ниет білдірушілердің саны тым басым.

- Қала бойынша атқарылып отырған маңызды шаралар әлеуметтік сая-саттың аса маңызды және басым бағыттарының бірі – инфрақұрылымды дамыту болып табылатыны сөзсіз.

- Әрине. Жаңаөзен қаласындағы инфрақұрылымның дамуына келсек, биылғы жылдың өзінде моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында қалаға іргелес ауылдар мен қаланы қоса алғанда 24,0 шақырым тас жол төселінді және қаланың, Қызылсай және Теңге ауылдарының аяқталмаған жер телімдері бойынша инженерлік жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

30 мыңнан астам халық тұратын «Рахат» шағынауданына өткен жылы кент статусы беріліп, биыл ауыл атанды. Ондағы барлық үйлерге жылу да, ауыз су да, көгілдір отын да барып тұр. Ауылдағы кейбір бас көшелер асфальттанған. Өзге Теңге және Қызылсай ауылдарындағы жағдай осындағыдан артық болмаса кем емес.

Одан бөлек тікелей Үкіметтің қолдауымен қабылданған «Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспары» бар. Бұл Кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін кәріздік-тазарту имаратының құрылысы (1 кезеңі), қаланы электрмен қамтамасыз ету желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жобасы аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар «Орталық қазандықты кіші жылу электр орталығына ауыстыра отырып, қайта жаңғырту және кеңейту» жұмыстары 2015 жылы аяқталады деп күтілуде. Аталған жоба іске қосылғаннан кейін қаланың басым бөлігін осы нысанда өндірілген электрмен қамту жоспарланса, қалған бөлігін бекітілген тарифті бағамен үйлестірудің тың жоспарлары тағы бар.

Сондай-ақ биыл Жаңаөзен қаласындағы еділ суын тәулігіне 30 мың текше метрге дейін ауыз су сапасында дайындауға арналған су тазарту имараттарының құрылысы басталды. Алдағы уақытта қалаға іргелес жатқан екі шағын аудан тұрғындарына арнап ауыз сумен жабдықтау желілерін тұрғызу, бұларға қоса қала ішіндегі және оған қанаттас жатқан он алты көшенің жарықтандыру желілерін жаңадан салу жоспарымызда бар. Осылардың қай-қайсысы да қала тұрғындары үшін үлкен маңызға ие.

Біздің қаламызда электрмен жабдықтау бағытында біршама жұмыстар жасалды. 2013-2015 жылдарға бағытталған «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында электр қуатын үнемдеу бағытында қала көшелерін жарықтандыру үшін күннен қуат алатын батареялар қондырылып, 2013 жылы Сәтпаев және Бейбітшілік көшелеріне 207 бағана орнатылып, 342 жарықшамдар қондырылды.

Нәтижесінде биылғы жыл өткен жылғыға қарағанда электр қуатын үнемдеу 374921 квт/сағ-қа жетіп, оның қаржылай үнемделуі – 6,0 млн. теңгені құрады. Бұл бағдарлама бойынша өзін-өзі басқаруды дамыту мен шағын қалалардың экономикасын көтеруге септігін тигізу жолындағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасын табуда. Бүгінде қаламыз электрмен, газбен, сумен және кәріз жүйесімен толық қамтылған.

Жалпы алғанда қаламызда мемлекеттік бағдарламалардан тыс өңірлік бағдарламалар, демеушілік көмектер арқылы ағымдағы мәселелер кезең-кезеңімен оңтайлы шешімдерін табуда. Қала көлеміндегі мұндай игі істер, халық игілігіне, ел мүддесіне арналған жұмыстар легі толастамайды. Қай саланы алып қарасақ та, Жаңаөзен қаласына арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Кешенді Жоспары, моноқалаларды дамытудың бағдарламасы аясында бірқатар келелі істер атқарылуда.

Мұнайлы қаланың серпінді дамуы – қала халқының тұрмысына, әлеуеті мен әлеуметтік жағдайына жақсы әсерін тигізе бермек.

- Рахмет, Серікбай Өтелгенұлы! Жұмыстарыңыз алға баса берсін!

Сұхбаттасқан Алтынгүл Меңдіхан, арнайы «Матрица.кз» үшін, Маңғыстау облысы
Просмотров материала: 2 530

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 689 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 512 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 481 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 416 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 399 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 665 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 733 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 438 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930