4 мая 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" нақты адамға бағдарланған

28 ноябрь 2014, 3:23
"Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" нақты адамға  бағдарланған «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 400 мыңдай қазақстандық мемлекеттік қолдауға ие болды. Оның ішінде 357 мың жұмыспен қамтылды. 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін 4 239 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру, ағымдағы жылдың қазанында шамамен 3 мың жобаны аяқтау жоспарланып отыр, - дейді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов. Вице-министр «ЖЖК-2020» бағдарламасы бұл мақсатта қала іске асырылуда және қандай жұмыстар атқарылып жатқандығы жайлы әңгімелеп берді.

- Дәулет Рашидович, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «ЖЖК-2020» бағдарламасына тікелей қатысты қызметі туралы әңгімелеп берсеңіз.

- Қазіргі таңда көптеген қазақстандықтар «Жұмыспен қамту–2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылып жатқандығы жайлы білетіндігін айтуға болады. Бағдарлама дағдарысқа қарсы әрекет ету механизмдерін қамтиды. Бағдарламаның нақты бағыттары бар. Біріншісі – инфрақұрылым мен ТКШ дамыту арқылы жұмыспен қамту, ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру, жұмыс берушінің сұранысын есепке ала отырып, оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдем беру.

Министрлікте еңбек нарығын болжау және мониторинг жасау жөнінде жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын қабылдайды. ЖЖК 2020 іске асырудан бастап 2014 жылдың 1 қарашасына біздің 426 мың азаматымыз мемлекет қолдауына ие болды, олардың ішінде шамамен 219 мың адам - бұл 29 жасқа дейінгі жастар.
Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру есебінен 377 мыңнан артық адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде 70,5% тұрғылықты жұмыс орнына қабылданды.

- Бағдарлама қатысушылары кімдер және «ЖЖК–2020» іске асырудың тиімділігі қандай?

- Бағдарлама қатысушылары - бұлар жұмыссыздар, ішінара жұмыспен қамтылғандар, аз қамтылған, және оралмандар. 29 жасқа дейінгі жастар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, еңбек ету қабілеті бар мүгедектер, ауыл әйелдері, зейнетақы жасына дейінгі қазақстандықтар, бұрын ауыр, зиянды (ерекше) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында еңбек еткен, мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған тұлғалар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, Қорғаныс Күштері қатарынан босатылғандар, сонымен бірге кәсіпорынның таратылуына байланысты жұмыссыз қалған тұлғалар Бағдарламаға қатысу басымдылықтарына ие.

Екінші сұраққа жауап бере отырып, тиімділік бар, және бұл мүмкін деймін. Жұмыссыздық деңгейі 5,8%-тен 2010 жылдың қорытындылары бойынша осы жылдың 3-тоқсанының қорытындылары бойынша 5,0% дейін азайды, ал жұмыссыздық деңгейі жастар арасында 6,6%-тен 4,3%-ке азайды.

- Қазіргі таңда бірінші бағыттың шеңберінде Қазақстанда қанша жоба бойынша қанша жұмыс орны құрылды?

- Бірінші бағыт бойынша азаматтарды жұмыспен қамту инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы қарастырылады. Соңғы екі жыл ішінде жоспарланған 4 240 жобаның ішінен 3 235 жоба іске асырылды. Бұл жобаларды іске асыруда шамамен 52 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Олардың ішінде жартысынан көбі жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша. Ағымдағы жылдың қарашасында 1 929 нысан іске қосыла бастады, 21 024 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 11 274 адам – «ЖЖК -2020» бағдарламасының қатысушылары.

- Екінші бағыт «Кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» шеңберінде қанша қазақстандық микрокредит алды?

- Бағдарламаның екінші бағыты тірек ауылдарды дамытуды көздейді. Әрбір қазақстандық «ЖЖК -2020» шеңберінде кредит алу есебінен жеке ісін ұйымдастырып, немесе кеңейте алады. Кредитті мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамыту үшін алуға болады.

Микрокредит ауылды елді мекендердің тұрғындарына 5 жыл мерзімге дейін 3 миллион теңгеге дейін көлемде беріледі. Сондай-ақ, Бағдарламаның шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін де оқып-үйренуге болады.

30,5 мыңнан астам адам білім алып, олардың ішінен 9 мың адам ағымдағы жылдан бастап білім алды. «ЖЖК- 2020» іске асырудан бастап 28 мыңнан астам адам кредит алды. Олардың ішінен 19,5 мың адам жеке ісін ашса, шамамен 8,5 мың адам жеке ісін кеңейтті.

Кредит алған бағдарлама қатысушылары қосымша жұмыс орындарын ашып жатыр. ЖЖК-2020 іске асырудан бастап микрокредит алушылар 23 мың қосымша жұмыс орнын құрды. Егер 2011 жылы микрокредиттерге 3,6 миллиард теңге бөлінсе, ал 2014 жылы микрокредиттерге 20,6 миллиард теңге бөлінді, яғни 5,7 есеге көп.

- Үшінші бағыт шеңберінде қанша қазақстандыққа және қандай көмек көрсетілді?

- «ЖЖК-2020» үшінші бағыты – еңбек басымдылығын дамыту арқылы берік және өнімді еңбекпен қамтылған халықты қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының аймақтық ұтқырлығы.

ЖЖК – 2020 іске асыру уақыты ішінде шамамен 121 мың адам кәсіби оқудан өтті. Қазіргі таңда 104 мың адам оқуын аяқтады, оның ішінде 87 мың адам жұмыспен қамтылды. Мұнда жұмыспен қамтылғандардың ішінен 82 мың адам тұрақты жұмысқа қабылданды. 86 мың адам әлеуметтік жұмыс орнына қабылданды, мұнда олардың еңбекақысының 35 процентіне мемлекеттің есебінен жәрдем көрсетіледі.

Жастар практикасына 65 мың жас маман қатысты. Бағдарлама қатысушылары үшін жатақханалар мен қызметтік үйлер салынып жатыр. «ЖЖК -2020» қатысушыларының тілегі бойынша келген орындарында баспана беріледі, көшіп-қонуға жәрдем төленеді.

«ЖЖК -2020» іске асырылған уақыт ішінде 1237 үйдің құрылысы аяқталды, нақтылай айтсақ – 4692 пәтер. «ЖЖК– 2020» бағдарламасы әлеуметке бағдарланған, әрбір қазақстандыққа жекелей көмек көрсетеді деп нық сеніммен айта аламыз.

- Мазмұнды сұқбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Ботагөз Омарова
Просмотров материала: 6 120

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 93 479 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 93 289 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 93 257 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 93 199 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 93 190 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 554 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 304 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 332 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 817 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 968 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 518 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 347 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 509 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 417 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 168 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 336 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 988 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 145 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 486 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 179 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 155 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 092 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 945 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 156 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 120 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 10 136 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 846 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 987 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 198 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 436 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 927 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 966 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 016 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 917 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 285 Просмотров





Опрос


«    Май 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031