25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мен реалистпін: өмірге, жаңалыққа, экстримге құштар адаммын!

29 октябрь 2014, 10:22
Мен реалистпін: өмірге, жаңалыққа, экстримге құштар адаммын! Маңғыстаудан басталып, еліміздің аймақтарын аралап жүрген «Менің елім: Каспийден Алтайға дейін» атты автоэкспедиция жұрттың назарын аударуда. Экспедиция құрамында британиялық, тегі итальян әнші Сон Паскаль да бар. Ол шоу-шараларда ән айтып, маңайына жастарды үйіріп, автокеруеннің көрігін қыздыруда. Алайда, қоғамда «Сон Паскальдан басқа қазақ әншісі жоқ па?» немесе «патриоттық идеяларды Сон Паскаль насихаттай ала ма?» деген сұрақтар да туындауды. Осы орайда, автоэкспедиция Алматыға ат басын бұрған күні шетелдік әншімен сұхбаттасып, қоғамның көкейіндегі сұрақты қоюдың орайы келген еді...

‒ Ең алдымен, сіздерді Алматыға келулеріңізбен құттықтаймыз! Алматының тұрғыны, мәдени орталықтың өнер жұлдызы бола тұра, қалаға экспедициямен бірге, яғни басқа мақсатпен келу қалай екен?

‒ Алматы ‒ менің Қазақстанға келгендегі алғашқы үйім. Бұл жерде тұрып жатқаныма 1‚5 жыл болды. Қаланы жақсы білемін десем де болады. Ал, бүгін өте керемет әсердемін. Алматыны бір ай ішінде сағынған секілдімін. Достарымның көпшілігі осы жерде. Экспедиция бір айға жуық созылғандықтан, олармен көріспегелі көп болды. Бүгін де сәті түспейтін секілді. Себебі, уақытымыз өте тығыз.

Алматы бұл Қазақстанның мәдени астанасы. Мұнда болған сайын менде жаңа әсерлер мен эмоциялар болады. Халқы өте қызуқанды, олар идеологиялық тұрғыдан алғанда «менің тілімде» сөйлейді. Алматыда болған кездің өзі белгі беріп, осы қалада екеніңді білдіріп тұрады. Сондықтан, Алматыға экспедициямен келіп, жаңа көзқараста қабыл алғаным үшін өте қуаныштымын. ҚазҰУ –мен де менің жағымды естеліктерім байланысты. Өйткені, мұндағы Студенттер сарайында өнер көрсеткен едім.

‒ Сіз үшін Қазақстан әлі жаңа мемлекет болар?! Осы жаңа ел мен жерге саяхат жасау ұнады ма?

‒ Мен үшін Қазақстан жаңа ел деп айтпас едім. Себебі, күн сайын бұл елдің жаңалықтарын көбірек білуге ұмтыламын. Қазақстан ‒ үлкен мемлекет. Біз мұндағы бірнеше қалаға барып үлгердік. Және күн сайын Қазақстанды жаңа қырынан тани түстім.

Қазақ ұлтын, мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеріп келе жатырмын. Әсіресе, қазақтың қонақжайлығы маған ұнайды. Экспедиция құрамасы өте белсенді. Тек мен үшін емес, экспедициядағы қазақстандықтар да өз елдерін енді танып жатқан секілді.

‒ Өнер адамына экспедициямен жол жүріп, оның ыстығы мен суығына көну қаншалықты қиын?

‒ Экспедицияның құрамында 20 адам бар. Олар күн сайын бірге, бір-біріне қамқор болып, көмектесіп жүреді. Аса ауыр деп айтпас едім. Шыдауға болады (күлді). Күніне кем дегенде 500 км. жол жүру, әрине, оңай емес. Оның үстіне, жолдың бәрі кереметтей тегіс емес қой. Сондықтан тек қана жол қиындығы ғана бар. Дегенмен, күн сайын жаңа жерлерді аралап, ондағы жергілікті халықтың ыстық ықыласын көргенде, жолдың қиындығы ұмытып кететін секілді.

‒ Қазақстан эстрадасында әнші өте көп. Бірақ, экспедиция ұйымдастырушыларының таңдауы неге дәл Сізге түсті деп ойлайсыз?

‒ Мен реалистпін. Мен үшін халық үшін ән салу бәрінен маңызды. Мүмкін мен керемет тв-шоуға қатыспайтын шығармын, жылтыр журналға шығуды да ұнатпайтын да. Бірақ, менің өмірім мен өнерім халық пен музыкаға арналады. Мен жұлдызды «lifestyle»-ды емес, реалды өмірді ұнатамын. Мен өмірге, жаңалыққа, экстримге құштар адаммын. Сондықтан да, мен шақыруды бірден қабыл алдым. Естуімше, экспедицияға бірнеше қазақстандық әншілер шақырылған. Алайда, бәрі бас тартқан көрінеді.

Осы экспедиция барысында мен шетелдік болғандықтан, Қазақстанды жақсы тануға мүмкіндік алдым. Қазақстанның басқа қалаларына тойға жиі барамын. Бірақ, ол кезде қаланы көруге үлгермеймін. Ал, экспедиция Қазақстанды аралап, оның табиғатын көруге, елді тануға, әр түрлі жерлердегі тағамдардан дәм татуымыз қызық болды.

‒ Есіңізде ерекше сақталып қалған сәтті жәні сәтсіз оқиғаны айтып берсеңіз...

‒ Көкшетауға барғанда «Балдәурен» балалар санаторийне тоқтадық. Сонда бізді жақсы қарсы алды. Біз өмірге құштар, белсенді жастардың өсіп келе жатқанын көрдік. Әсіресе, сүп-сүйкімді, риясыз балалардың біздің келуімізге қуануы бізді керемет әсерге бөледі. Бұл біздің өміріміз үшін маңызды сәт деп айтар едім.

Сәтсіз сәттер деп жолдағы қиындықтарды айтуға болады. Қатысушылардың әрі адам, бәрінің эмоциясы бар. Жолда келіспеушіліктер болып қалады. Одан басқасы есімде жоқ екен.

‒ Экспедицияның мақсаты ‒ патриоттық сезімді қалыптастыру, елдік идеяларды насихаттау. Осы мақсат қаншалықты орындалып келе жатыр?

‒ Менің ойымша, Қазақстан секілді үлкен елдің бір өңірдің келесі аймаққа баруы ‒ мұның өзі үлкен жетістік. Қалай айтсам екен?! Мысалы, менің қазақ достарым Ақтауда немесе Ақтөбеде жүргенімде хабарласып, қайда екенімді сұрайды. Мен жауап берсем, өздерінің сол жерде ешқашан болмағандықтарын айтады. Мен олар бармаған жерлерге барып келдім.

Қазақстан әр түрлі. Ақтау мен Өскеменнің айырмашылығы бар. Сондықтан, біз тек насихаттап қана қоймай, елімізді қалай жақсы көретімізге өз көзімізді жеткізіп келеміз. Мен Қазақстанды жақсы көремін, халықты, өз жұмысым мен музыкамды жақсы көремін.

‒ Экспедициядан алған әсерлеріңіз керемет екен! Ал, сол әсерлер шығармашылығыңызды шабыттандыра алды ма?

‒ Мен қазақ халқының шынайы екенін көрдім. Қазақстан жерлері әдемі! Бірақ оны жалғыз тамашалау қызық емес. Мәселен, Шарын каньонына бардық дейік. Бірақ көргендеріңді басқа біреулермен бөліспесең, оның несі қызық? Эмоциялардың көп болуы мүмкін. Көрген феноменге қарап, әсерге бөліскің келеді. Бір фильмде «Бақытты сәтті бөлісе алмасаң, ол бақыт емес»,‒ деп айтылады. Сол секілді айналамда жақсы адамдардың жүруі, олармен әсерлерді бөлісу менің кейінгі музыкалық шығармашылығыма да әсер етеді деп ойлаймын.
Әңгімеңізге рахмет!

P.S.: Сон Паскальмен әңгімеміз осылайша қысқа ғана өрбіді. Байқағанымыз, шетелдік азамат бола тұра, елімізді танып-білуге деген талабы таудай. Экспедициямен бірге шақырымдаған жол жүруден қашпай, барған жеріне «позитивті» көңіл-күй сыйлап жүр. Дегенмен, патриоттық идеяларды былай қойғанда, еліміздің кереметтігін, табиғатының сұлулығын өзгенің аузынан естуіміз бір жағынан ‒ мақтаныш, екіншіден ‒ елдігімізге сын секілді. Қазақтың әнімен кең-байтақ даланы әлдилейтін бір әншінің табылмағаны өкінішті...

Сұхбаттасқан Жания Әбдібек, Матрица.kz
Просмотров материала: 2 347

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 203 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 024 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 995 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 936 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 918 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 033 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 310 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 557 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 705 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930