28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Девальвация қаупі күшейіп барады

24 октябрь 2014, 18:44
Девальвация қаупі күшейіп барады Бүгінгі таңдағы еліміздегі және әлемдегі экономикалық процесстер жан-жақты сараптаманы қажет етеді. Осы орайда, Қазақстан қоғамын жүйелі зерттеулер институтының директоры, экономист Тоқтар Есіркеп Қазақстанның ішкі экономикалық секторларының мәселелері мен сыртқы экономикалық саясат туралы айтып берді. «Соңғы уақытта Қытай мен Еуропа елдерінің өсімі баялап барады. Ресей экономикасының изоляциясы қанша уақыт созылатыны белгісіз. Сондықтан, біз ЕАЭО-пен шектеліп қалмай, жан-жақты экономикалық саясат жүргізіп, сыртқы байланыстарды да диверсификациялауымыз керек. Осы жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қажеттілігі артып тұр», ‒ дейді сарапшы.

- Бүгінгі таңдағы ел экономикасының дамуын қалай бағалайсыз? Қазіргі экономикаға ауыр тиіп отырған жағдайлар туралы не айтар едіңіз?

- 2008 жылы басталған бүкіләлемдік дағдарыстан біз де шығып келе жатырмыз. Өйткені, соңғы жылдары экономикамызда 5-6% өсім байқалады. Биылдан бастап әлемде жаңа тенденциялар жүріп жатыр. Соның ішінде Украина төңірегіндегі геосаяси проблемалар туындауына байланысты Ресейге қарсы Батыс елдері санкциялар жариялауы, мұнай бағасының төмендеуі, солтүстіктегі көрші елдің экономикасы едәуір теріс әсер етуде. Биыл экономикаларында 0‚4% өсім бола ма, болмай деп болжам бар. Біз Ресеймен экономикалық тұрғыдан одақтас болғандықтан, экономикамыз олармен тығыз байланысты. Сондықтан, елдегі тауар айналымында қиындықтар туындауы мүмкін.

Тек Ресейдің ғана емес, бүкіләлемдік экономиканың жағдайы да бізге әсер етеді. Мәселен, биыл Еуропада дамудың қарқыны төмедеді. Бұл жайттың Қазақстанға теріс - біздің экспортымызға қысқаруы мүмкін. Себебі, біздің экспорттың 50% Еуропаға шығарылады. Ал, Америка экономикасы сланстық газ өндіру арқылы өздерінің энергетикаға тәуелділігін жоюға ұмтылуда. Қытайдың да экономикалық өсімі (7%) құрап, алдыңғы жылдарман салыстырғанда өсу қарқыны бәсеңдегені айтылып жатыр.

Сондықтан, Еуропа мен Қытай экономикасының төмендеуі, Қазақстанның шикізатына сұранысты азайтады. Ал, Қазақстан экономикасының негізі шикізат, көмірсутегі екені белгілі. Экспорттың 80% дейін шикізат құраса, оның 65% мұнай мен газ, ал қалғаны қара түсті металлдар.

Жоғарыда айтқан елдердің экономикасы төмендеген сайын, Қазақстанның шикізатына деген сұраныс та азаяды. Содан даму қарқынымыз да тежелуі мүмкін. Мәселен, биылғы ЖІӨ 6% болады деп жоспарланған еді, бірақ тоғыз айдың көрсеткіші тек 4‚2% ғана құрап отыр. Яғни, Қазақстан экономикасының даму қарқыны төмендей бастады. Ал, маусым айынан бастап мұнайдың «Брент» сортының бағасы 20%-ға түсті. Маусым айында мұнайдың баррелі 116 АҚШ доллары болса, қазір 82-85 АҚШ долларының ортасында тұр.

Ал, Қазақстан үшін бұл тиімсіз. Биылғы экономикалық түсімді мұнайдың 95 доллар деген орта бағамен есептеген. Егер одан төмендеп кетсе, елімізге мұнайдан түсетін пайда да қысқаруы мүмкін. Біз секілді мұнайлы мемлекет үшін бұл өте қиын жағдай. Сондықтан, мұнайдың жағдайы сенімсіздеу болып отыр. Шикізат секторына қатысты негізгі мәселелер осы.

Қазақстандағы қаржы секторына келетін болсақ, 2007 жылға дейін біздің экономика 10% дейін дамыған еді. Ол кездегі қаржының негізгі көздері шикізаттан түскен сомма болса, екінші жағынан сыртқы қаржы нарықтарынан ақша алатынбыз.

Ал, кейін әлемдік дағдарыс және қаржы секторының ішіндегі проблемаларға байланысты қазір шетелдерден қаржы ала алмай отыр. Соңғы кездегі ішкі қаржы көздеріне үлкен мән берілу содан. Жеке адамдардың депозиттері, кәсіпорындардың қорлары, ұлттық қорлар мен компаниялардың т.б. қаржы көздерін пайдаланып жатыр. Алайда, бұл қор нарығы дамыған деп те айта алмаймыз.

Қор нарығы экономикаға тек акциялар айналымда болса ғана толыққанда жұмыс істеуі мүмкін. Бізде тек санаулы ғана компанияның акциясы қор нарығында жүріп жатыр. Сондықтан, нақты сектордың дамытушысы мемлекет қана екен белгілі. Экономикамыз «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «Ұлттық қоры» секілді мемлекеттік құрылымдарға тәуелді. Егер осылай жалғастыра беретін болса, нарық әлсірейді, дамымайды.

- Девальвация болуы мүмкін деген қауіп ел қоғамын елең еткізді. Бұл болжам қаншалықты шындыққа жанасады? Әлемдік процесстер пен елдегі экономикалық жағдайларға сараптама жасай отырып, қандай болжам айтуға болады?

- Еліміздегі жағдайларға байланысты қандай да бір болжам айту қиын. Қ.Келімбетов мырза: «егер мұнайды баррелі 80 доллардан түссе, 1 доллар Ресейдің 43 рубліне жетсе, сонда девальвациядан қауіп бар» дегенді айтып еді. Ал, қазір соған бір-екі ғана қадам қалып отыр. Жоғарыда айтылған трендтер жалғаса беретін болса, яғни біздің шикізатқа сұранысы төмендеп, мұнайдың бағасы түссе, қара-түсті металлдың бағасы онсыз да төмен екенін есепке алсақ, онда девальвация күтілуі мүмкін.

Қаржы әкеп тұрған секторлардың жағдайы осылай әлсірей беретін болса, әрине, қауіп күшейе түседі. Кеден одағына кіргеннен кейін тауар нарығы Ресейге қарайлайтын болды. Қазіргі күні екі ел арасында тауар айналымы 27 млрд. болып отыр. Ал, Ресейге сенім жоқ. Батыстың санкцияларына шырмалған Ресейге жылдан-жылға экспорт та, биыл импорт та азайып барады. Мұның әсері төлем теңсіздігіне алып келеді. Егер нарықтағы тепе-теңдік бұзылса, девальвация болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, экономиканың диверсификациясы өте төмен.

Елімізде игерілмей қалған бағдарламалар қаншама? Бір ғана мысал, жыл басында «Бәйтерек» ұлттық қорынан 1 трлн. қаржы бөлінді. Соның 100 млрд. шағын және орта бизнеске бөлінген екен. Ал "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің" басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев бөлінген қаржының бәрін игердік дейді. Бірақ, сонда бір таңғалғаным, бөлінген қаржыға 437 жоба жүзеге асырылып, 4‚5 мың ғана адам жұмыспен қамтылыпты. Өте аз көрсеткіш.

- Келер жылы ЕЭО заңды күшіне енеді. Өзіңіз айтқандай, батыстың санкцияларына шырмалған Ресеймен одақтасудың қаупі күшейе ме? Ортақ валюта айналымға енсе, теңгенің жағдайы қалай болады?

- 2010 жылдан бастап Ресей, Белоруссиямен экономикалық интеграция жүріп жатыр. Келесі жылы үшінші кезеңі ‒ Еуразиялық экономикалық одақ құрылады. Менің ойымша, Қазақстан бұл одаққа асығыс кірді. Егер, экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, бізге мұндай ұйымның керегі жоқ еді. Кез-келген одаққа кіру үшін мемлекет ең алдымен, ішкі факторларды жұмыс істеуі керек. Ішкі факторлар мен ресурстарға негіздеп, экономиканы дамытып, ары қарай факторлар жеткіліксіз болса ғана, сыртқы факторды қосудың қажетілігі туады.. яғни басқа елдермен одаққа кіруіне болар еді.

Қазақстан табиғи ресурс жағынан әлемде алғашқы орындардың бірін алады, жеткілікті және сауатты жұмыс күші бар еді. Бір сөзбен айтқанда, қандай да бір интеграцияға мұқтаж емес еді. Ал, енді ЕЭО енгеннен соң, ортақ экономикалық саясат ең алдымен, Ресейдің мүддесі тарапынан жүргізіліп жатқаны жасырын емес. Бұл, алдымен экономикалық тәуелділікті, содан кейін саяси тәуелділікті алып келуі мүмкін. Себебі, ЕАЭО-тың төртінші, бесінші... сатылары саяси одаққа ұласуы ғажап емес.

Егер, ортақ валюта енгізілетін болса, теңге ысырылып шығарылады. Ортақ валюта «Алтынды» 2025 жылға қарай енгізу жоспарланып жатыр. Ресейдің мамандарының пікіріне қарасаңыз, олар жуық арада енгізуге дайын отырған секілді. Ортақ валюта енгізілген соң, бүкіл қаржы саясаты мемлекеттің құзырынан кетіп, Мәскеудің қолына өтеді. Қауіп ‒ осы.

- Елбасы жыл басында 2014 жылдың соңына дейін Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтетінін айтты. Алайда, Қазақстан 1996 жылдан бастап ДСҰ-на кіруге ұмтылса да, әлі күнге дейін бұл мүмкін болмай келеді. Не себепті?

- Соңғы мәліметтер бойынша, ДСҰ-ға Қазақстанның кіру-кірмеуі осы жылдың соңына қарай мәлім болады. Біздің қателігіміз Кеден одағына кірмей тұрып, ДСҰ-ға еніп үлгеруіміз керек еді. Алғашында үш ел бірге кіреміз деген болатын. Бірақ, Ресей үкіметі біздің елді алдап, өзі өтіп кетті. Ал ендігі мәселе, ДСҰ-ға кіруі үшін Ресейге қойылған шарттар мен міндеттемелер Қазақстанға да қатысты болады. Бұлар ‒Ресейдің мүддесі тарапынан жасалған шарттар. Біздің елдің экономикасына, мемлекеттің мүддесіне ол шарттар қаншалықты сай? Соны ойлану керек! Қазақстан секілді дамушы елдер Грузия, Қырғызстан кіріп кетті. Яғни, оларды Қазақстаннан жоғары деп айта алмаймыз. Тек уақытында үлгерді.

- Еуразиялық Одақ міндеттемелері мен ДСҰ тарапынан қойылатын талапты Қазақстан қалай үйлестіре алады. Нақтырақ айтқанда, кедендік салықтар мәселесі мен ортақ мәмілелер турасында...

- Кедендік Одақты құрушылар салық, өзге де кедендік нормаларды ДСҰ-ның шарттарының негізінде жасадық дейді. Кеден одағына кірген кезде баж салығына 93% Ресейдың баж салықтарының бағасы қойылды. Бұл Ресейдің мүддесі деген сөз. Оған Қазақстанның мүддесі сай келе ме? Әрине келмейді. Бір ғана мысал, 2011 жылы шетелдік көліктер күрт қымбаттады. Өйткені, Еуропадан және Жапониядан, басқа елдердің көліктері үшін кедендік баж салығы күрт көтерілді. Соның зардабын халық әрі көріп отыр. Осы секілді мысалдарды айтуға болады.

ДСҰ-ның жалпы ережелеріне Қазақстан сай болуы керек. Соның бірі, ДСҰ-өту үшін осал секторларын дамыту үшін мүмкіндіктер береді. Біздің экономикадағы дамымай отырған өңдеуші сала, ауылшаруашығын қалыпқа түсіру қажет.

Қорыта айтқанда, ДСҰ кіру қажеттілігі артып тұр. Ресей экономикасының изоляциясы қанша уақыт созылатыны белгісіз. ЕАЭО жұмыс істей бастаса, Ресейге жасалып жатқан санкциялар біздің экономикаға едәуір кері әсер етеді. Сондықтан, біз жан-жақты, одақтың шеңберімен шектелмейтін экономикалық саясат жүргізіп, сыртқы байланыстарды да диверсификация жасауымыз керек.

- Сұхбатыңызға рахмет!

Жания Әбдібек, МАТРИЦА.kz
Просмотров материала: 2 762

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 483 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 322 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 310 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 248 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 203 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 267 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 419 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031