25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Әлеуметтік желідегі белсендінің бәрі блогшы емес

12 октябрь 2014, 23:49
Әлеуметтік желідегі белсендінің бәрі блогшы емес «Әлеуметтік желілерді парақша ашып алып, пост жазатындардың бәрін блогшы деп айта алмаймыз. Бірақ, олардың белсенділігі жақсы болып, арнайы жарыстарға қатысып, блогшы атанып жүр. Бұл көре алмаушылық емес. Бірақ, блогшының да өз талаптары бар емес пе?», - деді Матрица.kz сайтына берген сұхбатында белгілі блогшы, «Гонзо.kz» сайтының редакторы Бақытжан Бұқарбай. Расында блогшыларға азаматтық журналистер деген мәртебе берілді. Бірақ, оның талаптарына қазіргі блогшы қауым қаншалықты сай? Сонымен қатар, блогшы Қазнеттегі кейбір ізденістер мен іркілістер туралы айтып өтті.

‒ Блогшы ретінде немесе қарапайым қолданушы ретінде ҚазНЕТ-тен соңғы жылдары қандай өзгерістерді, тенденцияларды байқадыңыз?

‒ Ғаламтордың Қазақстандық бөлігін, яғни Қазнетті бұрыннан тұтынамын. Ал, тек ақпарат алмай, өзімнің ақпарат қосып, ойларыммен бөлісіп, контент жасай алатын деңгейге жетуім шартты түрде алғанда 2010 жылдан басталатын болар. Осы уақыттан бастап тұрақты түрде блогтар жүргізіп келе жатырмын.

Ал, блог Қазақстанға 2005 жылдан бастап келе бастады. Бұл «Мой мир» әлеуметтік желісінен басталған құбылыс және мұны бірінші тәжірибе деп айтуға болады. Қазнет үнемі дамып, өз өзімен тіршілік етіп жатқан «организм» секілді.
Қазнеттегі тенденцияларға келер болсақ, бізде қазір екі түрлі дискурс бар, яғни тілдік жағынан алғанда, қазақ және орыстілді кеңістік. Олардың өздерінің көтеретін мәселелері бар, кей тұстарда ұштасып жатады, кейде ерекшеліктері бар. Негізінен, Қазнетте болсын, Фейсбук секілді ірі әлеуметтік желілер болсын жазатындарды 80% журналистер.

‒ Отандық ақпараттық кеңістікте екі дискурс бар деп қалдыңыз. Осы қазақ және орыс тілді ортаның журналистерінің бір-бірінен үйренетін тұстары бар ма?

‒ Біздегі журналистика бұрыннан қазақ және орыс болып қалыптасқан. Сәйкесінше, интернетте де олардың екі түрлі ортасы, кеңістігі бар. Интернетте дәстүрлі журналистиканың кейбір элементтері қабылданып, екі дикурстың өзіндік проблемалар, көтеретін тақырыптары да бөлектенді. Қазақтілді басылымдарда үнемі рухани мәселелер: дін,діл, тіл т.б. көтеріледі.
Ал, орыстілді ақпарат көздері ақпаратты басқа қырынан беріп, көбіне экономикалық мәселелерді басты назарға алып отырады.

Қазақтілді кеңістікті бір жетістігі ‒ олар үнемі орыс тілінде шығатын БАҚ-ға мониторинг жасап, көтерген проблемаларын жіті бақылап, өздері де қамтып отыруға тырысады. Осындай мониторингтің арқасында кез-келген мәселеге оперативті түрде үн қосып отырады немесе контраргументерін дайындап, жауап бере алады.

Орысша басылымдарға мұндай үрдіс жоқ, жүйелі түрде қазақтілді басылымдарына шолу жасамауы мүмкін. Кейбір сайттарды ғана болмаса. Сондықтан, орыстілді журналистер осы тәжірибені қабылдап алса деген пікірді бұрыннан айтып келе жатырмын.
Кезінде «Дайджест» деген газет бар еді. Онда қазақ басылымдарында жазылған материалдар орысшаға аударылып басылатын. Уақыт өте бұл газет ұлтаралық араздықты қоздырды деген сылтаулармен жабылып қалды. Қазір мұндай жүйе жоқ.

Қоғам біртұтас болсын деген идеялар көп айтылады ғой. Ал, ол үшін екі ақпарат көзінің арасында байланыс, селбестік болуы керек. Ал, қазақтілді БАҚ өкілдері орыс тілді әріптестерінен мынадай тәжірибені алса болады: кейбір іс-шараларда қазақтілді журналистер сарапшылардың орыс тілінде пікір білдіруіне қарсы болатын жағдайлар кездесіп қалады. Осындайдың керегі жоқ секілді.

Сараптамалық материалдарды көбейту керек. Мен қазір сайттың редакторымын және экономикалық мәселелер туралы жазатын маман жоқ. Әсіресе, жас журналистер арасында мұндай ұғым жоқ. Орыс тілінде жазатындардың өзі де көп емес.

‒ Қазнетте кәсіби журналистер және блогшылар бар. Блогшылардың журналистикаға келуі дилетанттық, яғни кәсіби емес журналистиканы қалыптастырып, кәсібилікке кері әсер етіп отырған жоқ па? Жалпы, блогшыларға қандай талаптар қойылуы керек?

‒ Кәсібилік дегенді тіл тазалығын меңзеп отырған шығарсыз. Біз қазақ тіліне жанашырлықпен қараймыз ғой. Бірақ, бұл мәселе тек блогерлерге ғана қатысты емес. Әрине, журналистикаға кәсіби емес авторлардың келуі, сыннан сүрініп жататын журналистердің бар екен рас қой. Блогерлер қазіргі заманғы медианың ерекше тенденциясы. Бұдан бас тарта алмаймыз. Себебі, әлемде осындай үрдіс бар.

Әрине, әлеуметтік желілерді парақша ашып алып, пост жазатындардың бәрін блогшы деп айта алмаймыз. Бірақ, олардың белсенділігі жақсы болып, арнайы жарыстарға қатысып, блогшы атанып жүр. Бұл көре алмаушылық емес. Бірақ, блогшының да өз талаптары бар ғой.

Оның жазбасын керек жағдайда гуглдан не басқа жақтан іздесең таба алмайсыз, көп жағдайда оны тек достары ғана оқиды. Ал блогшы жазбасы журналист материалы секілді кез келген уақытта табылып, оқылуы керек. Менің ойымша, блогердің негізгі анықтамасы осы.

Егер блогтұғырда жазылған жазба болса, оның авторын блогшы деп атауға болады. мәселен, мен «Гонзо.kz» сайтында редактормын. Фейсбукте қызық жазба жазатындарға сол ойын дамытып, мақала етіп жазып бер десем, көбісі жаза алмайды. Екі-үш сөйлемнен ары кете алмайды. Ойы соған ғана жетеді, ары қарай алып кете алмайды.

‒ Қай блогшыларды оқып отырасыз?

‒ Маған Радик Темірғалиевтің блогы қызық. Қазақстан тарихына қатысты біраз мәселелер жазып жүреді. Тарихқа қатысты тың деректер мен жаңашыл көзқарасты байқауға болады. Ғылыми емес, оқуға жеңіл тілмен жазады. Бірақ, зерттеп, ізденіп жазатын автор. Экономика тақырыбында жазатын сарапшы Олжас Құдайбергеновты оқимын. Объективті әрі тиянақты жазады.

‒ «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы «Интернеттің жаулары» деп аталатын есебінде Қазақстанда интернетке шектеу қою жылдан жылға күшейіп келе жатқанын мәлімдеген екен. Қазнетте бақылау қай деңгейде?

‒ Менің ойымша, бақылануы керек. Себебі, ұлттық қауіпсіздікке кесірі тиюі мүмкін авторлар бар. Республикада тыйым салынған ұйымдар, діни ұйымдар бар. Олар да көпшіліктің ортасына, әсіресе жастар көп қолданатын жерлерге өз насихаттарын жүргізуге ұмтылады. Сондықтан, логикаға сүйенсек, интернет бақылауы керек.

- «Гонзо.kz» сайтына келсек...

‒ Гонзо.kz менің сайтым емес, мұнда мамыр айынан редакторлық қызмет атқарамын. Бұл блогтұғырнама форматында жасалған сайт. Қазір публицистикалық, этнографиялық, қоғамдағы әлеуметтік өзекті мәселелер туралы жазылады, арасында болашаққа қатысты болжамдар жазуға тырысамыз.

‒ Өзіңізге белгілі, гонзо-журналистика стилі еркін, нормативті емес лексикамен жазылатын журналистика бағыты. Сіздердің сайттарыңыз қаншалық осы талапқа сай келеді? Немесе гонзо сайт екен деп не болса саны жаза беру керек пе?

- Мәселен, жақында Тимур Бектұрдың бір материалы жарық көрді. Тақырыбы «По умолчанию немесе by default мұсылман болайық» деп аталатын болуы керек. Мұны кейбіреулер тіл тазалығы сақталмады деген секілді сын айтуы мүмкін. Бірақ, жақында ғана Елбасы терминдердің бәрін аударуға қарсылық білдірді емес пе?

Кейбір терминдер қолданысқа енбей қалады. Сол секілді ол авторлық тәжірибе, кәсіби термин. Қазақша «по умолчанию» деп қалай айтасыз? Ерсі нәрсе деп есептемеймін. Мұнда бастысы авторлың ойы және месседж.

Гонзо.kz сайтына қараша айында 2 жыл болады. бастапқы ашылғанында қандай мақсат көзделгенін біле бермеймін. Атауы Гонзо.kz болғанымен, айтатын мәселесі салмақтырақ.

Тақырып қызықтырған адам атауына мән бермейді деп ойлаймын. Қазір тарих, этнография, қоғамдағы басқа да қызықты әрі зәру тақырыптарды уақтылы көтеріп, өзіндік ой айтып отыру. Кейде сайттың өзіме де ұнамайтын тұстары болып отырады. Мәселен, интерфейсы деген секілді. Бірақ, бастысы контенті деп ойлаймын.

Сұхбатыңызға рахмет!


Сұхбаттасқан Жания Әбдібек, Матрица.kz





Просмотров материала: 2 432

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 197 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 018 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 989 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 930 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 911 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 488 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 243 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 269 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 731 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 858 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 031 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 315 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 310 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 555 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 136 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 703 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 960 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930