29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Асықты дамытуға әр алаш баласы атсалысуы керек!

Асықты дамытуға әр алаш баласы атсалысуы керек! Жуырда елімізде «Асық ату» ұлттық федерациясы құрылды. Жағымды жаңалық «мен қазақпын» деген әр қазақтың жүрегіне қуаныш ұялатқаны рас. Жаңа ұйымның құрылуы, мақсаты, алға қойған жоспарлары туралы ой бөлісу үшін «Асық ату» ұлттық федерациясының президенті Мұрат Әбеновпен әңгімелескен едік.

asyq.kz

– Мұрат Әбдуламитұлы, жуырда ғана «Асық ату» ұлттық федерациясының басшысы болып сайландыңыз. Мұндай игі бастаманы қолға алуға не түрткі болды, федерацияның басты мақсаты не?

– Ең бірінші мақсатымыз, бұл әрине, ұлттық спорт түрлерін дамыту, соның ішінде асықты спорт ретінде әлемге таныту. Кейбіреулер асықты кәдімгі балалардың сыртта ойнайтын ойыны немесе уақыт өткізетін, бұрыннан қалған ойын деп ескіше қабылдайды. Біле білсек, бұл –нағыз қажетті спорттың бір түрі.

Асық ойнау, біріншіден, денені шынықтырады, екіншіден адамға барлық дене құрылысының дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Асық ойнаған адамда ептілік, мергендік, ұстамдылық пайда болады. Бұл жеке адамға беретін пайдасы. Ал, егер топтасып ойнайтын болса, ол бірлікке, белгілі бір мәселені бірлесіп шешуге үйретеді.

Қазір жаһанданып жатқан кезеңде еліміз барлық мемлекетпен тікелей қарым-қатынаста. Осындайда қазақ деген халықтың жоғалып кетпеуі үшін, өзімізді сақтау үшін, төл өнеріміздің дамытып, салт-дәстүрлерімізге, өз құндылықтарымызға берік болуымыз қажет. Біз тілге де, өнерге де, мәдениетке де бай халықпыз, солардың бәрін байланыстыратын бір нәрсе керек, ол – күнделікті шаруашылық. Біздің дәстүрімізде көп нәрсе шаруашылықпен байланысты, алайда, ол да қазір жойылып бара жатыр. Сол сияқты тіл де жоғалады.

Олай дейтінім, жақында жора-жолдастарыммен саятшылыққа шықтық. Қолымызға бүркіт салып көрдік, қандай керемет?! Зерттеп қарасам, қазақта бір ғана бүркітке қатысты 1500 сөз бар екен. Жасының өзін айтқанда 20 шақты атауы бар. Демек, біздің тіліміздің, мәдениетіміздің сақталуына көмектесетін сала, ол – ұлттық ойындарымыз. Бала кезімде Қызылорда қаласында орыс мектебінде оқыдым.

Сыныбымызда қазақ балалары аз болды. Бірақ, мен жаздай ауылға барамын, ауылдан қалтам толған асық, ләңгімен келемін. Орыс балалармен асық ойнаймын. Олар менімен бірге асық ойынының атауларын айтып, «шік», «бүк», «алшы», «кетсін, жатсын» дейді. Не керек, сөйтіп жүріп әлгі орыс балалары асық ойнап жүріп, қазақшаны да үйреніп алатын. Ойын арқылы қазақ тіліне деген қызығушылық пайда болады.

Ойынды, әсіресе, балалар арасында кеңінен насихаттасақ дейміз. Сол арқылы біз келешек ұрпағымызды ұлттық құндылықтарға жақындатамыз. Асық ойынын ұйымдастыру да оңай. Оған спорт кешені де, қаражат та соншалықты қажет емес, бір жерді тегістеп жібер де, асықты алып ойната бер. Сосын басқа спорт түрлері сияқты қайта үйретіп, жаттықтырудың да қажеті жоқ.

Жуырда Астанадағы қазақ-түрік лицейінің басшылары асық ойынын оқушыларына үйретуімізді сұрап, өтініш жасады. Жарты сағат ішінде балалардың барлығы асық ойынын тез меңгеріп шықты. Қаланың балалары ғой, араларында бұрын асық ұстамағандары да бар екен. Дегенмен, тез игеріп кетті. Оның себебі, асық ойнау қазақтың қанында, табиғатында бар қасиет.

– Ең бастысы, «Асық ату» федерациясы құрылды. Ендігі кезекте жұмысты неден бастамақшысыздар?

– Бірнеше бағытта жұмыс атқармақшымыз. Бірінші – асықты ресми түрде бір жүйеге келтіруіміз қажет. Ойындардың өзін зерттеп, қалай насихаттайтынымызды анықтаймыз. Асықтың бір жақсы жері – оны үлкен де, кіші де, әйел де, бала да, кедей де, бай да ойнайды. Жасқа қарамайды. 8 облыста филиалымызды ашқымыз келеді және сол арқылы федерацияны Спорт агенттігінде тіркесек дейміз.

Олай жасайтын болсақ, жақын арада республикалық деңгейде жарыстар ұйымдастыруымызға болады. Кеңінен қолдау табатынына күмәніміз жоқ. Әр мемлекет өзінің ұлттық ойындарын насихаттағысы келеді. Біз неге қолға алмаймыз?

– Асықты әр өңірде әркім әртүрлі ойнайды. Бұл жағы қалай болар екен?

– Асықты әр облыста, әр ауылда әртүрлі ойнайтыны рас. Ортақ бір тәртіп керек. Бұл жағын ойластырып жатырмыз. Барлығына ортақ бір үлгіні таратуымыз керек. Сосын кеңейтуіміз қажет. Асықтың қимылдап ойнайтын түрі бар және логикалық түрі бар. Көп мемлекеттерді зерттеп көрсек, латынның 26 әрпінің формулаларының бәрін кезінде асықтан шығарған. Асықтың алты жағы бар. Біз төрт жағын айтамыз. Әр жағын есепке келтірсек, латын әрпінің формулалары шығады екен.

– Асық ату басталса, асық жинаушылар қатары да артатын болды ғой…

– Келінінің аяғы ауыр болса, атасы мен енесі көрсетпей асық жинаған, ер бала туса ойнайды деп. Ұл туса, бесіктің басына қасқырдың, қыз бала туса еліктің асығын байлаған. Әр үйде бір қалта асық болуы керек. Бір кісі: «қазір мал азайды, асықты қайдан аламыз?» деп сұрады. Меніңше, мал азайған жоқ. Тек қазақтар ет жеп болғаннан кейін асықты сүйегімен бірге тастай салады. Сондықтан, мал кеміді дегеннен гөрі, асық жинаушылар азайды десек болады.

Былайша айтқанда, асықтың қадірін түсінетін адамдар сиреп барады. Мен өзім жасанды («пластмасса») асыққа қарсымын. Оны көріп жүрегім ауырады. Жасанды асықты қолыңа алғанда, жасанды алманы ұстағандай болады екенсің. Табиғи асықты қолыңа ұстау мүлде басқа. Жақында Израильден келген бір кәсіпкерлер асықты «пластмассадан» жасаймыз деп ұсыныс білдірді. Қорапшаның ішіне «пластмассадан» түрлі-түсті асық жасапты. Түрі асыққа ұқсағаны болмаса, табиғи асыққа жетпейді екен. Ұстаған адамға біртүрлі.

Тағы бір баса айтып өтерлігі, жастарды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа әрі қарай дамуы керек. Осы сұхбатымызды оқыған әрбір Алаш баласы ойлануы керек, «мен әрі қарай ұрпағыма не қалдырамын, не үйретемін?» деп. Уақытша құндылықтар бар, олар кетеді, ұмыт болады. 40 мың жыл адамзаттың тарихында асық ойнаған мемлекетте осы уақыт ішінде талай нәрсе өзгерді, бірақ асық жоғалған жоқ. 20 жылдың ішінде ұмытып тастап кетуіміз мүмкін емес.

Осы федерацияны ашуға байланысты жиынға келген ел ағалары сақаларын ала келіпті. Көрініп тұр, кейбірі шеті мүжіліп, шытынаған, ескірген, бояуы кетіп, қарайған. Бірақ өздері үшін құнды дүние. Біз енді көшпенді халық болдық қой. Киіз үйде тұрдық, қазақ артық нәрсені өзімен алып жүрмеген. Бірақ, шаңырақты, бесікті қалай тастамаса, асықты да солай тастамай алып жүрген. Қанша ұрпақ асық ойнап өсті. Еуропаға басымызды бұрдық деп өз құндылықтарымызды ұмытпай сақтап қалуға тиіспіз. Жалпы, әрқайсысымыз ұлттық ойындарымызды насихаттауда біраз шара жасайтын болсақ қана ол дамиды. Тек федерация емес, бүкіл қазақ атсалысуы керек.

– Алдағы уақытта жарыс ұйымдастырамыз деп отырсыздар. Оған кімдер, қай жастағы азаматтар қатыса алады?

– Алдымен жастар арасында насихаттаймыз. Қатысушыларды жасқа қарай бөлеміз. Қуантатыны, еліміздегі бүкіл қазақ-түрік лицейлері өзара жарыс ұйымдастыруға ниет білдіріп отыр. Қазірдің өзінде олар Қарағанды, Қостанай қалаларында жарыстар өткізіп жатыр.
Просмотров материала: 3 373

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 554 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 392 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 380 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 318 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 273 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 222 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031