23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бауыржан БАЙБЕК: Жаттанды болған жалтақ аргументтен арылу керек

06 февраль 2014, 17:32
Бауыржан БАЙБЕК: Жаттанды болған жалтақ аргументтен арылу керек 4 ақпанда ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің басшылығымен мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған отырыс өтті. «Нұр Отан» партиясының ХV сьезі барысында өткен кеңейтілген Саяси кеңесі бюросының отырысында Елбасы берген тапсырмаларды орындау мақсатында 4 ақпанда ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің басшылығымен мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған отырыс болды. Сол жиынға қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан БАЙБЕКТІ әңгімеге тартқан едік.

shyn.kz

– Бауыржан Қыдыр­ға­лиұлы, мемлекеттік тіл сая­саты жөнін­де ертеден кеш­ке дейін сөйлесек те ай­тылатын әңгімеміз таусыл­май­тын шығар. Бір қара­ғанда осы мәселенің ойда­ғыдай алға жылжуы үшін елімізде барлық жағдай да, мүмкіншілік те жа­сал­ған. Соған қарамастан күт­кен нәтижелердің көңіл көнші­терліктей болмауының себебі неде?

– Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сали­қалы саясатының арқасында біз мемлекеттік тіл мәселесінде үлкен табыстарға қол жеткіздік. Мемлекет бас­шысы қазақ тілінің дамуына барлық қажетті құқықтық, ұйымдасты­рушы­лық, қаржылық жағдайды жа­сап берді. Тілдің статусы Конс­титуцияда көрсетілген. Тіл туралы арнайы заң бар. Мемле­кеттік бағдарлама қабылданды. Қыруар қаржы бөлініп жатыр.

Нәтижесінде, қаншама қа­зақтілді балабақшалар мен мек­тептер салынып, қазақша білім алатын оқу­шылар мен студенттердің үлес салмағы артып келеді. Еліміздегі БАҚ пен элек­тронды ақпарат құрал­дарындағы ана тіліміздің үлес салмағы айтарлықтай артты…

– Дей тұрғанмен…

– Дегенмен, қолда бар мүм­кіндіктерге қарамастан мем­лекеттік тілдің жағдайы қоғам­да өзінің көкейкес­тілігін жо­ғалтпай келеді. Бұл бір жағы­нан, тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы ішкі жағдайдың ерекше­лік­терін, басқа да толып жатқан этносаяси және қалып­тасқан менталдық фактор­ларды ескерсек, объективті құбылыс.

Ал екінші жағынан алсақ, түбінде мәселе өзіміздің, тиісті өкілетті органдардың ен­жар­лығына, науқаншыл­дыққа әуес­­­тігіне, орындау­шылық тәр­­тібінің болмауы­на келіп тіреледі. Бұған БАҚ құралдарындағы сан-алуан мақалалар мен жа­рия­ланымдар, ұлт зиялыларының жанайқайы, алысқа бармай-ақ қоялық, партия поштасына то­лас­сыз келіп түсіп жатқан аза­матта­рымыздың хаттары мен арыз-шағымдары куә. Мемлекеттік тіл туралы бағ­дарламада 2020 жылы халқы­мыз­дың 95% қазақша сөйлейтін болады деп межеленді.

Ол жөнін­де жария түрде айтылды. Ал енді осы бағдарламаның іске асырылу барысына, тиісті ми­нистрліктің жұмыс сапасына қарасақ, ол қал­ған 6 жылда ойдағыдай орын­да­ла ма деген үлкен сұрақ туа­ды. Қа­зіргі заман тілімен айтсақ, қол­жетімді ме? Егер Интернеттегі қазақ тілінде ақпарат алмасудың үлес салмағы (небәрі 5%), мектеп бітіруші жастардың қазақшасы­ның деңгейі сияқты көрсеткіш­терді ескерсек, мақсатымызға уақы­тылы жететініміз күмәнді. Ал шындығында, біз межелі көрсеткіштерге жасалған мүм­кіндікті ұтымды пайдаланып, Елбасы тапсырмаларын, қол­дағы заңнаманы қалтқысыз орынд­ай отырып, байбалам­сыз, күнделікті нақты жұмыспен ғана қол жеткізе аламыз. Оған бар­лық мүмкіндік бар.

– Кешегі Елбасы тапсыр­ма­сымен Үкіметте өткен жиналыста осы жұмыстың қандай нақты жолдары талқыланды?

– Біріншіден, отырыстың өзі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Нұр Отан» партиясы Саяси бюро кеңесінде мемлекеттік тілді да­мытуға байланысты берген тапсырмасын орындау мақ­сатында өткізілді. Оған Премьер-министр С.Ахметов төрағалық етіп, министрлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері қатысып, қызу пікір таластырып, ой бөлісті. Партия тарапынан біз ми­нистрліктер атқаруы тиіс жұмыстың кемшін тұстарына нақ­ты назар аударып, олардың атын атап көрсеттік.

Мысалы, қолданыстағы «Тіл туралы» заңның тиісті бапта­рында қазақ тілін қажетті дең­гей­де білуі міндетті лауазым­дар мен маман­дардың тізімі бекіті­луі жөнінде нақты айтылған. Біраз уақыт өткеніне қарамастан, ол тізім тиісті министрлік тара­пынан ұсынылмаған. Егер он­дай тізім, сәйкесінше, заңды та­лап бол­ғанда, ұшақтық бортсеріктер сияқты халыққа тікелей қызмет ететін мамандық иелеріне қа­тысты кейбір келеңсіздіктер орын алмас та еді.

«Білім туралы» заңға сәйкес бірыңғай ұлттық тестілеуде қа­зақ тілі міндетті пәндердің қатарын-­да болуы тиіс. Бірақ осы ҰБТ өткізуді реттейтін Білім және ғылым министрлігінің бұйрық­тарына сәйкес, қазақ тілі бойын­ша жиналған ұпай сан­дары есеп­телмейді. Нәти­же­сінде, үміткер балалар оны үй­ренуге мүдделі емес.

Мемле­кеттік органдар Ел­басы қол қойып, қабылданған заңның сөзсіз іске асуын қамта­масыз етуге міндетті екенін естен шығармауы керек. Қоғамда, әсіресе, жастар ал­дында қазақ тіліне байланысты та­лап бол­майынша, бұл мәселе­де түбегейлі өзгеріс күту қиын.

Сол сияқты Мемлекеттік бағ­­дарламаның жыл сайынғы орын­далу барысы да жариялы түрде айтылып, әр жылға нақты жоспар, қала берді «Жол кар­тасы» жаса­луы қажет. 95%-ға қалай жететі­німізді ел білуі керек. Сонда ғана қоғам мүше­лері оған атсалысып, ой бөлісіп, іске асуына көмекте­седі. Бұл – Мәдениет және ақпа­рат ми­нистрлігінің тікелей мін­деті.

Мәселе – Мемлекет басшысы тапсырмаларын, мемлекет та­рапынан айтылған міндетте­мелерді абыроймен орындауды ойлауы­мызда. Әйтпесе істің аяғы жалаң айғайға, өзгені кінәлауға, сөйтіп өзімізді де, тілімізді де қолдан сүйкімсіз етуге алып келеді.

– Бірақ тізім жасап, тіл білуді міндеттеу қазақша білмейтіндер­дің наразылығын тудырады дей­тін­дер де бар…

– Кезінде, Елбасы тапсырма­сымен мемлекеттік қызмет­керлердің «А» корпусы жасақта­лып, үміткерлерге қойылатын талап­тар қатарына қазақша тестілеуден өткізу бойынша сұ­рақ туындаған. Өзіңіз айтқан­дай уәж келтіріп, қарсы шыққан­дар да болды. Бірақ Президент Әкім­шілігі соған қарамастан мем­лекеттік тілді жетік білу жөнінде талап қойып, үміткерлердің «КазТест» жүйесінде тест тапсы­ру міндетін бекітті. Оны барлық үміткерлер, оның ішінде ұлты қазақ емесі де жетерлік, хал-қадерінше тапсырды. Наразы болған біреуі жоқ. Керісінше, олардың көпшілігінде мемле­кет­тік тілді үйренуге, ол бойын­ша сынақтан өтуге болады екен ғой деген сенім, үміт пайда болды.

Жалпы, «басқа жұрт қарсы болады» деген – әбден жаттан­ды болған жалтақ аргумент. Бі­лім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда қазақ орта мектептерінде оқитын өзге ұлт өкілдері бала­ларының саны 35 мыңнан астам. Бұл деге­ніңіз солардың ата-ана­лары­ның, туыстарының көзқа­расы оң, ұлт болашағына деген сөзсіз сенімге толы дегенді білді­реді. Бұл – Елба­сы саясатының жемістілігі­нің көрінісі.

– Бауыржан Қыдырғали­ұлы, кезінде сіз басқарған «Болашақ» қауымдастығы киноиндустрия саласының өкілдерімен тығыз жұ­мыс жасап, бірнеше голли­вудтық фильмді қазақ тіліне тәржіма­лағанын жақсы білеміз. Мұны тілге тиек етіп жатқан се­бебім, елімізде сатылатын фильм­дердің кез кел­генінің қазақша бала­масын қам­тамасыз етуге тиіс «Мәдениет ту­ралы» заңының «фильмдерді про­каттау тілі де­ген» бабы орын­далмай жүр деген пі­кір бар.

– Дұрыс айтасыз, осы заңды Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі табандап отырып қа­былдатты. Заң бойынша, прокат­тау мақсатында Қазақстан ау­ма­ғына әкелінетін барлық фильмдерге, оның ішінде сауда желілерінде сатылатын шығар­маларға осыдан екі жыл бұ­рын қазақ тілінде дубляж жасау жолға қойылуы тиіс еді.

Сол заң қабыл­данған уақыт ішінде өкілетті орган тарапынан қанағаттанар­лық деңгейде жұмыс атқарыл­мады. Соның салдарынан елге әке­лініп жатқан шетелдік фильм­дердің қазақша баламаларын таппайсың. Бұл – қабылданған заңның орындалуын қамтамасыз етпеудің тағы бір нақты кө­рінісі. Ал киноиндустрия саласы­ның бірде-бір өкілі өнімдердің қазақ­шалануына, кинотеатр­лар­да мемлекеттік тілде көрсе­тілімдер көбеюіне қарсы емес. Оны біз анық білеміз. Әрине, техникалық, қаржылық, кадр мәселесінде қиындықтар, соған байланысты ішінара келіспеу­шілік болуы мүмкін. Бірақ онымен мақсатты түрде айналысу керек. Сонда ғана проблема шешіледі.

Тіпті «Болашақ» қауымдас­тығы өз күшімен қазақ тіліне голливуд­тық стандартта аудар­ған фильм­дерді отандық кино­театр­лар­дан көрсете алмай әлек бо­лып жата­ды. Яғни талап бол­маған соң, ең аяғы қарапайым ұмтылыс та болмайды. Осының барлығын реттеп, жөнге келтіру өкілетті органның тікелей жұ­мысы.

Үкіметте болған отырыста осы­лардың барлығы айтылып, ол Үкімет басшысы тарапынан қолдау тауып, құзіретті органдар басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Негізгісі – егер әрбір мемле­кеттік орган өздері дайында­ған заңның немесе бағдарлама­ның орындалуын қатаң бақылауға алып, жұмысын дер кезінде, жалтақтамай атқарса, мәселенің оң шешілгеніне сөзсіз көз жеткізер едік. Партия төрағасы, Елбасы берген тапсырмалар мен жұмыс­тар қолдан саясилан­дырылмай, дер кезінде толық атқарылуы тиіс.

– Жалпы, мемлекеттік тіл, мәдениет мәселесі партияның Саяси доктринасында да көрініс тапты емес пе?

– «Нұр Отан» партиясының XV съезінде қабылданған жаңа Саяси доктринада жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады деп айтылған. Барлық ұлттардың өзіндік ерек­шелігін сақтай отырып, қазақ ті­лін, мәдениет пен дәстүрді дамыту партияның стратегиялық басым­дығы ретінде айқын­далған.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен айтыс, көкпар, бүр­кітшілердің халықаралық фес­тивальдері, «Жас тұлпар» сияқ­­ты мәдени шаралардың жоспар­­лы түрде өткізіліп жатқандығы осы айтылғандарды орындауға де­ген ұмтылыстың көрінісі. Елбасы айтқан Мәңгілік ел идеясының негізгі өзегі де түптеп келгенде, мыңжылдықтар те­зінен өтіп, өміршеңдігін дәлел­деген ұлттық құндылық­тардан тұрады.

Сондықтан мемлекеттік тілді дамыту мәселесі, оған байла­нысты берілген партия Лидері­нің тап­сырмаларының орын­далу барысы әрдайым партия­лық қатаң бақылауда болады. Біз осы мақсатта қоғамдық ұйымдар мен тиісті ғалымдарды қа­тыстыра отырып, әр 2-3 ай сайын партия қарамағындағы «Мирас» кеңесі шеңберінде тал­қылау өткізуді ұйғарып отыр­мыз.

Тағы бір айта кетерлік мәселе – Үкіметтегі отырыс соңында мемлекеттік тілді дамытудың жағдайы бойынша тоқсан са­йын министрлер мен өңір басшы­лары Премьер-министр төр­ағалы­ғымен жинала­тын арнайы ко­миссия алдында кесте бо­йынша есеп беретін болып ше­шілді. Осылай­ша тұрақты жұ­мыспен ілгерілеуіміз керек. Мәңгілік ел болуды мұрат еткен мемлекет өзге елдің тілінің бәрін біліп, өз ана тілін құрметтей білуі тиіс.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен Амангелді Кеңшілікұлы
"Шын-порталы"
Просмотров материала: 3 751

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 930 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 752 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 724 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 662 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 643 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 474 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 230 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 257 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 708 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 839 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 933 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 468 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 618 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930