24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Айдос Сарым: Мәселе шыршада емес...

19 декабрь 2013, 22:52
Айдос Сарым: Мәселе шыршада емес... Қазір әлеуметтік желілерде Қазақстанның ең басты мейрамы – Тәуелсіздік күнінің тойлануы талқыға салынуда. Интернет пайдаланушылар арасында бұл айда елдің тәуелсіздік алуы мен қайғылы желтоқсан оқиғасының қатар келуіне орай мерекені қазан айында өткізу жөнінде ұсыныстар айтылуда. Сондай бастаманы көтерген саясаттанушы Айдос Сарымды сөзге тартқан едік.

- Желтоқсан - қазақстандықтар үшін мереке айы, тіпті демалыс күндері көп, тынығу айы. Бірақ өзіңіз оны ар мен аза тұту айына айналдыруды, тіпті тәуелсіздік күнін қазан айына жылжытуды ұсынасыз. Оған қатысты саяси пайым, тарихи уәждеріңіз қандай?

- Қазақ елінің шынайы тәуелсіздік пен мемлекеттікке ұмтылысы 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы декларациядан басталады деп есептеймін. Осы тарихи күн бұрын Республика күні ретінде тойланып, артынан мүлдем мейрамдар тізімінен алынып тасталды. Қызыл империяның шекпенінен шыққан көптеген елдер осындай құжаттар қабылданған күнді де-факто тәуелсіздіктерінің басы деп атап өтуде.

Сонымен бірге еліміздің әралуандығын, ауа-райы жағдайдаларын ескерсек, кешенді шаралар өткізу үшін желтоқсаннан гөрі қазан айы тиімді көрінеді. Ал желтоқсан айына келер болсақ, дәл Тәуелсіздік күніне екі бірдей қанды оқиға болған күндердің қатар келуі мерекелік емес, керісінше азалы көңіл-күй мен ойлар тудыратыны анық. Жалпы қазақ тарихы мен тағдырындағы желтоқсан айының рөлі мен маңызы айрықша қызық тарихи феномен деуге тұрады.

- Қалайша?

- Бұл айда қазақ үшін трагедиялы, әрі тағдырлы оқиғалар көп болды. 1917 жылы желтоқсанда Алаш автономиясы жарияланды. Бұл – қазақтың тұңғыш ұлттық-буржуазиялық құндылықтарға, демократиялық-республикалық принциптерге негізделген мемлекеттік құрылымын дүниеге әкеліп, мемлекеттігімізді жаңғыртты. Дәл осы айда 1927 жылы Сталин бастаған тоталитарлы мемлекет ұжымдастыру саясатын қолдану жөнінде шешім қабылдаған. Мұның арты қазақ тарихында бұрын-соңды болмаған алапат аштыққа, қолдан жасалған геноцидке соқтырды.

1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастары КСРО-да тоталитарлық-отарлық жүйеге бірінші болып бас көтеріп, қарсы шықты. Қазақтың бұл көтерілісі басылып-жаншылып, арты «кіші 1937 жылға» айналып, қазақ елі мен қоғамының азаттыққа деген құлшынысын біршама бәсеңдеткен. Осыдан екі жыл бұрынғы Жаңаөзендегі қантөгіс Тәуелсіздік сияқты қасиетті мерекенің қадірін кетірмесе де, шырқын бұзған. Біздің ұсынысымыз бен ұстанымымыз анық: болашақта осы айдың ортасын "шыршаға" емес, шынайы ойлануға, ой қозғауға, азаға арнасақ деген ойымыз бар.

Желтоқсан айының аралығы "Алаш апталығы" немесе "Азаттық апталығы" деп атау ұйғарылса...Мысалы:13 желтоқсан - Алаш күні;14 желтоқсан - Ар күні;15 желтоқсан - Айығу, арылу күні;16 желтоқсан - Азаматтық әрекет күні;17 желтоқсан - Аза күні;18 желтоқсан - Арман-мұрат күні болса... Мұны дабыралатып тойлаудың қажеті жоқ. Бұл - ұлт, мемлекет ойланатын, қабырғасымен кеңесетін күндер болмақ. Осы уақыт аралығында барша жұрт, оқушылар, студенттер тарихи тақырыптар бойынша ой толғап, баспасөз, теледидар, интернет тарих тақырыбына тереңірек үңілсе деген ұсыныс білдіргеніміз рас.

- Жаңа сіз осы ай «шыршаға» емес, шынайы ой-толғанысытарға арналса дедіңіз. Шырша демекші, былтыр тәуелсіздік мерекесі жаңа жыл мейрамының тасасында қалмасын деп, Шымкентте әкімшілік шыршаны ерте қойғызбаған. Ал биыл Астана әкімшілігінің іргесіндегі үлкен шыршаны Президент күнінің қарсаңында-ақ орнатуға кіріскен. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде наразылық білдіріп жатқандар бар. Шыршалардан саясат іздеу қажет пе, әлде шынымен осы бір мерекелік әбігерліктің де саяси мәнісі бар ма?

- Мәселе - шыршада емес, халықтың, қазақ зиялыларының, жастардың бүгінгі саясаттың ұлттық құндылықтар мен ұлт қадір тұтатын қасиетті ұғымдардан қашқақтап,айналып өтуіне деген наразылығында. Шырша - тек тілге тиек етілген, көпшілікті мезі қылған көп тақырыптың бірі ғана. Оның астарында«қазақ мемлекеті қазақи, ұлттық құндылықтарға көшіп, көпшіліктің сөзін қашан сөйлейді?» деген қыжыл, реніш, түсінбеушілік жатыр. Оған қоса елдегі отарсыздану саясаты, тіл, көші-қон, ономастика саясатының мүлдем дерлік тоқтап қалуына деген ызасы бар.

Мұның сыртында қолдан жасалған зұлмат - ашаршылық, большевиктік-сталиндік жүйенің қылмыстары, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі сияқты кешенді, аса маңызды оқиғаларға тиісті саяси-құқықтық бағаның берілмеуіне деген наразылық жатыр. Жаңаөзен оқиғасына қатысты шындықтың ашылмауы да қазақ қоғамын қатты алаңдатуда. Оның үстіне қазіргі интеграциялық саясат қазақтың сан ғасырлық арманы – мемлекеттігі мен тәуелсіздігіне қатысты аса қатты алаңдаушылығын тудырып отыр... Егер осы мәселелер кезінде оң шешімін тапқанда, дәл бүгін шырша мәселесі, оны кім-қашан құра бастады деген әңгіме мүлдем туындамас еді. Алдағы уақытта идеологиялық саладағы көзқарас қайта қаралып, қайта жасақталмаса, мұндай түсініспеушілік, іштей наразылық ашық текетіреске әкелуі де мүмкін.

- Жалпы күнтізбеде саяси мерекелерді, атаулы күндерді көбейту қажет пе? Жақында Германияның мерекелері туралы оқып қалдым, онда он бес шақты атап өтілетін мерекенің оншақтысы - әр түрлі діни, гуманистік мейрамдар екен...

-Менің ойымша, қазақтың мейрам-мерекесінің саны тым көп. Әрбір мейрам немесе демалыс күні - экономикаға тигізіліп жатқан зиян. Еңбек этикасы мен мәдениеті, еңбек өнімділігі, тиімділігі төмен біз сияқты елдегі мейрамның көбеюі, санының артуы - жақсы үрдіс емес. Алдағы уақытта мемлекеттік дәрежеде атап өтілетін 3-4 қана ірі мейрам, бір-екі отбасылық мейрам, 1-2 діни мейрамды қалдырсақ, жетіп жатыр.

Қалғандарының дәреже-деңгейі төмендетілуі қажет. Тіпті әрбір қызметкерге берілетін демалыс уақыты азайтылып, жаңажылдық каникулдар соған автоматты түрде қосылуы керек шығар. Бізге демалыс емес, қарқынды еңбек қажет. Қалған мереке-мейрамдарды кәсіби дәрежеде, дабыралатпай, «мал шашпаққа» айналдырмай атап өтуге болады. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалап, «алма піс – ауызға түс» заманында ғұмыр кешіп жатпағанымызды ескерген жөн.

Әңгімелескен Айжан Жеңісқызы, abai.kz
Просмотров материала: 1 662

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 027 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 850 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 821 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 759 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 741 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 479 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 234 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 261 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 718 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 846 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 973 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 502 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 652 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930