29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қармақшыдағы қазақ мектебіне 120 жыл

25 март 2015, 11:57
Қармақшыдағы қазақ мектебіне 120 жыл Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ орта мектебінің іргесі қаланғанына биыл 120 жыл толып отыр. Қазақстанда мұндай қарашаңырақ некен-саяқ. Қазақтын ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың есімімен аталатын №26 қазақ орта мектебінің негізі 1895 жылы қаланған. Бұл оқу орны тек Қармақшы ауданының тарихында ғана емес, еліміздің тарихи шежіресінде елеулі орын алады.

Қазақ жерінде 1864 жылы Ыбырай Алтынсариннің күшімен Торғайда, 1887 жылы Ырғызда ашылса, 1895 жылы Қазалы уезіне қарасты Қармақшы елді мекенінен екі кластық орыс-қазақ түземдік училище ашылған. Патша үкіметінің бұл мектепті ашудағы мақсаты орыс тілінде іс жүргізушілер мен тілмаштар даярлау болатын.

Бұл училищенің менгерушісі болып Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын бітірген Михаил Тарасович Широков тағайындалады. Бұл кісі өмірінің соңына дейін халықағарту саласында еңбек етіп, «Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген мұғалім» атағына ие болады.

Талантты педагог М.Т. Широков алғаш күннен бастап, мектептің демократиялық сипатта болуына күш салады. Өйткені онда оқитындардың көпшілігі үстем тап өкілдерінің балалары болатын. Бұл кісі еңбекші бұхараның балаларын көбірек тартуға тырысқан. Патша өкіметінің мектепке беретін қаржысы өте мардымсыз болған, балалардан қаржы жинаған, мектептін трақты уйі де болмаған.

М.Т. Широковтан кейін мектеп меңгерушісі болып, Ыбырай Қасымов деген кісі келеді. Бұл кісінің де жігерлі еңбегінің нәтижесінде мектепке жиналған каржы да, бала саны да едәуір өседі. 1912 жылы панасыз балаларға арнап пансион интернатының негізі қаланады.

1917 жылы 4 кластық ұлттық бастауыш мектеп болып қайта құрылады. 1918 жылы 5 класс болады, сабақ беретін мұғалімдер Хамит Мұхамединов, Мәдина Қасымова, Жүніс Үсеновтер болады. 1-2 сыныптарда әліппе оқытылады. Сүйтіп арифметика, география, жаратылыстану, сурет, өлең сабақтары да өтетін болған.

1937-38 жылдары мектеп орта мектепке айналып, 500 дей оқушы, 30-ға жуық мұғалімдер болады. Мектептің алғашқы түлектері халықшаруашылығының әртүрлі саласында жұмыстарды басқарған. Сегізов Тұңғышбай деген кісі Қазалы теміржол Депосын ұзақ жылдар басқарған.

Сауатсыздыққа қарсы күрестің уйтқысы болған, мектептің түлегі қазақ қыздарын комсомол болуға, қоғам жұмыстарына қатыстыруға белсенділік көрсеткен, сауатсыздарды оқытқан Дәмегүл Өксібай қызы Мырзағалиеваның есімі жастарға үлгі. Ол сол кезде жастарды ұйымдастырып, кірпіш құйып осы кездегі «Комсомол кинотеатрының» іргесін өз қолымен қалаған. Суық тиіп қайтыс боларду сол комсомол театрының ауласына жерлеңдер деген екен. Сол жерге 1934 жылы жерленген.

1965 жылы мектептің 70 жылдық тойын атап өтерде мектептің 5 «в» класының оқушылары Сариев Бектай, Шалов Темір, Ұзақов Рада т.б. оқушылардың зерттеуінің нәтижесіңде ауданда үлкен ескерткіш орнатылды.

Қазіргі таңда ол кісінің ескерткіші үлкен аллеяның ортасында тұр. Дәмегүлді Қармақшы тұрғыны құрмет тұтады. 1941 жылы мектепті бітірген түлектер, көптеген ұзтаздар майданға аттанады.

Майданнан аман-есен оралған соң қайтып келіп ұстаздық еткен Қойшыбаев Ерімбет, Ахметов Самалбек көп жылдар ұстаздық етті. Ахметов Самалбек ағай мектептің тарихын зерттеп жазып, 1965 жылы сол кездегі мектеп директоры Жаназаров Әбуәли ағайға табыс еткен.

1946 жылы №26 қазақ орта мектебінің 10 –класын алғаш рет бітіріп 13 шәкірт кәмелеттік аттестат алған. Олардың қатарында «Еңбек қызыл ту» орденді Махамбетова Фазила апайымыз осы мектепте кешеге дейін ұстаздық етіп, зейнетке шықты.

Осы қарашаңырақтан түлеп ұшқан Қазақстанның тынымал қайраткер, ғалым, ақын-жазушыларымыз баршылық. Академик Серғали Толыбеков, медицина ғалымының доктыры Камал Ормантаев, Ибрагим Шамшатов, Мархаббат Томанов, Әбдікәрәм Ахметов, Мырзабек Дүйсенов, Өтеген Күмісбаев, Адам Мекебаев, Раушанбек Бектібаев, Бақберген Досмағанбетов, сияқты қаншама шәкірттер түлеп ұшты.

Кейінгі 1955-60 жылдарда бітірген түлектер ауданымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосты. Олар: Нағымет Егізбаев, Исағали Жұмағулов, Асқар Омаров, Әбламит Сыздықов, Қонақбай Сыздықов, Ербошаев Сәндібек т.б. өз бақыттарын еңбектен тапқан ел құрметіне бөленген азаматтар.

Осы мектепті бітіріп, жоғарғы оқу орнын бітірген соң өз мектебінде ұзтаздық еткен жастар 30 асады. Олардың қатарында Байназарова Раушан, Жұмабаева Талмаш, Ерғабылова Күлжаһан, Бұқпанов Сағат т.б.

«Мұғалім бәрінен де қымбат» өйткені ол мектептің жүрегі»- деген Ыбырай Алтынсарин.

Өзінің педагогикалық шеберлігін білімі мен тәжірибесін үнемі арттырып, мектепті ұзақ жылдар басқарған ұстаз «Қазақстанға еңбегі сіңген мұғалімі “құрмет белгісі” орденді мұғалім» Жаназаров Әбдуәли ағайды «ұлағатты ұстаз» дер едім. Бұл кісінің есімі көше атына берілген. Бұл кісі мектепті 1963 жылдан 1982 жыл аралығында басқарып, зейнетке шықты.

Әбекең басқарған 20 жыл ішінде мектеп өмірінде елеулі өзгерістер болды. Мектептің базасы артты, мұғалімдер сапасы жақсарды, барлық пәннен мұғалімдер жеткілікті болды. Музыка, дене, еңбек, сабақтарынан мамандар келді. 1966 жылы мектеп жаңа 620 орындық үш қабатты үйге көшірілді. Әбекеңнен тәлім-тәрбие алған жас кадрлар Жұмаділдаева Райхан, Махамбетов Садуақас, Жомартов Әмірхан және Жалғасбаева Дәмелі мен мектеп директорына дейін өсті. Мектеп түлегі Басшыбаев Мұсахан оқу бөлімінің меңгерушісі қызметіне көтерілді. №26 мектеп Қарашаңырақ кадрлар даярлайтын ұстаздардың үлкен ордасы болды.

1980 жылы мектепке 1176 орындық үш қабатты мектеп үйін сыйлады. Онда 1700 оқушы, 150 мұғалім дәріс берді. Сабақ бір кезекте оқытылады, асхана, спорт зал, акт зал бар, бөлмелері кең, жарық.

Кластан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізуге толық мүмкіндік болды. Барлық пәндерден кабинет, лингафон кабинеті, орыс тілі, шет тілі пәндері топқа бөлініп оқытылды. Аудандық іс шаралар осы мектепте өтетін.

1980 жылы сыр бойның сүлей ақыны Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 100 жылдығ республикалық дәрежеде Қармақшыда өтті. Осы тойға Алматыдан ақын-жазушылар, ғалымдар, өнер қайраткерлері келген. Мектептің оқушыларымен ғалым Жұбан Молдағалиев, Жамбыл бабамыздың немересі Әлімқұл, Абайдың немересі Ақат, Бақытжан Момышұлы т.б. кісілер кездесіп, оқушыларға ыстық лебіздерін білдірген еді. Бұл кездесу оқушыларға ұлкен әсер қалдырған.

Сондай-ақ ардагер ұстазымыз айтыскер ақын Қали Шыңғысовтың алатын орны ерекше. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ бере жүріп «Жас қалам» атты үйірмесі арқылы шәкірттерін ақындық жолға салды. Олар Әбдікарімов Шакизада, Нағима Торманова, Мағираш Сарикова т.б.

Осындай тынымсыз еңбегінің жемісі «Қазақстан және Одақтық халық ағарту ісінің үздігі» деген аттаққа ие болады. Көптеген өлеңдер жинағы жарыққа шыққан. Мысалы: «Жас керуен», «Арлан ішік», «Шынға бергісіз», «Сырымды жеткіз жырларым».

Мектеп 120 жылдық тарихында үш кезеңді басынан өткізіп отыр. Бұл мектепті қанша мыңдаған шәкірт бітірді, канша жүздеген ұстаз тәлім-тәрбие берді. Мектепте жүргізілетін тәрбие жұмысының шегі жоқ, шегі ұшан-теңіз.
Міне осындай тарихи шежіресі мол мектепте мен де қызмет істедім. Бастауыш кластың мұғалімдігінен бастап, мектеп директорлығына дейін өстім. Жаназаров ағай эстафетаны маған беріп, мектептің тарихын зерттеп жазуды маған тапсырып еді. Осы мектепте оқып, ұстаздық етіп, 1982-1992 жыл аралығында мектептің 120 жыл тарихында мектепті 25 адам басқарыпты, соның ішінде жалғыз әйел адам мен екенмін. Мен мақтанамын, бақыттымын.

Бүкіл 35 жыл еңбегімді бала тәрбиелеуге арнадым. Өз білімімді шыңдай отырып, тәжірибелі ұстаздарым М. Асқаровты, М. Смағұловты, К. Қанқожаева, Н. Өсеров, М. Тебенова сияқты ұстаздарды мақтан тұтамын. «Адамның адамшылығы ... жақсы ұстаздан болады» - дейді Абай атамыз «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» - дейді. Олай болса мектептегі пән мұғалімдері, Шәркүл Әбдрахманова, Тұрсынкүл Құлымова, Талмаш Жұмабаева, Дина Әмралиева, Гүлсара Жаханова сияқты ұстаздардың алатын орны ерекше. Менің кезімде он екі оқушы алтын медальмен бітірді, екі мұғалім «Методист мұғалім», екі мұғалім «Аға мұғалім», сегіз мұғалім «Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі» деген атақтарға ие болды.

Сол сияқты 1984 жылы бітірген Болтірікова Гаухар жетекшілік ететін бір кластан 3 алтын медалист бітірді. Олар: Жамитова Бақыткүл-журналист, Әбдірова Айгүл-заңгер, Баймаханова Ақмарал-мәдениет қызметкері. Мектептін кейінгі жас түлектері әртүрлі мамандық игеріп, Досмахамбетов Серік, Тоқтаров Болат кәсіпкер, Нұржанов Ермек дәрігер, апалы-сіңілді Мадияровалар мұғалім, Мәліков Әбдібек дәрігер.

1985 жылы мектептің 90 жылдығы қарсаңында мектептің тарихына арналған «Мұражай» ашылды. Мұражай жыл сайын толықтырылып отырылады.

«Әжелер ансамблі» құрылған, ол күнге дейін жұмыс жасап келеді. Мектепте атқарылатын жұмыстын ұйтқысы әрине, ұстаздар.1996 жылы мектептің 100 жылдығы тойланды. Соған сый ретінде «Байырғы білім ұясы» атты кітапшамды табыс еттім.

Мектептің қазіргі таңдағы жайы жаман емес. Мектепті жас маман тәжірибесі мол, сол мектептің ұстазы Жұмабаев Болат басқарады. Бала саны азайған 700 дей бала, 80-дей мұғалім. Оқу тәрбие жұмысы қазіргі талапқа сай, пән кабинеттері компьютрленген, пән мұғалімдері жеткілікті. Жаңа әдістемелік оқытуды жүзеге асыруда.

Математика пәнінің мұғалімі Набира Жайықбаева I санаттағы мұғалім, пәндік олимпиядаларда жүлделі орындар алып жүр. Тарих пәнінің мұғалімі Бекенова Базаркүл I санаттағы ұстаз, іс-тәжірибесі таратылған, Дүйсенова Айнұр I санаттағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері мақтауға тұрарлық. Биылғы оқу жылында мектеп күрделі жөндеуден өткізілді.

Өмір- деген өзен! Оның шнгі жоқ ата-ана өмірі, өз-өмірің, бала, немере-шөбереңнің өмірі-ғасырлар бойы жалғасып кете береді емес пе! Қазір ауылдан шетте жүрсем де Қорқыт бабаның құтты мекені болған қасиетті топырақта бұдан 120 жыл бұрын ірге-тасы қаланған білім ұясы мектебімді әрдайым еске алып, жақсылығына қуанып, қиыншылығына күйзеліп отырамын. Ауылға барған сайын мектепке соқпай кетпеймін, себебі жүрегім мектебім деп соғады. Бүкіл өмірімнің қызықты да, шыжықты да сәттері осы мектепте өтті.

1992 жылы «92-жыл директоры» байқауына қатысқанымда өзімді былай деп таныстырған едім.

Ғасырлық тарихы бар мектебімнің,
Көбісі сонда қалды көктемімнің.
Ол өзі 26-шы орта мектеп,
Демеймін мен өзімді теп-тегімін.-деген едім!

Сонымен, тобықтай сөздің түйіні байырғы білім ұясы, қарашаңырақ мектебімнің 120 жылдық торқалы тойы құтты болып, бүкіл ұстаздар ұжымына оны басқарып отырған Жұмабаев Болатқа еңбекте абыройлы қажырлы қайратты Егеменді еліміздің ұрпақтарын тәрбиелеуде ерен табыстарға жете беріңіздер, қарашаңырақ болған білім ұясының намысын жоғары ұстаңдар!

Қамбарова Зибаш,
мектептің бұрынғы директоры, Қазақстан халықағарту ісінің үздігі, еңбек ардагері, зейнеткер

Просмотров материала: 2 326

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 628 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 467 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 453 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 391 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 346 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 642 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 228 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 298 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 452 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031