26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Білім саласының инфрақұрылымын дамыту – сапалы білім кепілі»

«Білім саласының инфрақұрылымын дамыту – сапалы білім кепілі» Елімізде білім саласының дамуы – мемлекеттік стратегиялық міндеттердің маңызды бөлігі болып табылады. Сапалы білімнің қол жетімділігін арттыруды, еліміздегі білім деңгейін көтеруді көздеген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы да осы білім саласындағы оңды өзгерістерге жол ашпақ. Осы орайда Маңғыстау облысындағы білім беру саласындағы жағдаймен танысу үшін Маңғыстау облыстық білім басқармасының бастығы Динара Жұмашевамен сұхбаттасқан едік.

- Динара Нағимоллақызы, Маңғыстау аймағындағы білім беру саласында нендей жұмыстар қолға алынды? Маңғыстаудағы апатты жағдайда тұрған және үш ауысымды мектептерді жою бағытында қандай шаралар жасалды?

- Өзіңізге белгілі, ағымдағы жылдың 11-ші қарашасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Бұл Жолдау -Қазақстан халқы үшін тарихи күрделі кезеңде жарияланып отыр және қаржылық қиын¬¬¬¬дықтар өз алдына, саяси және гео¬саяси жағдайдың оңай емес кезінде Елбасы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың барлық сұрақтарына жауап іздей отырып, осы кезеңнен елімізді аман-есен алып шығудың алғышарттарын қарастырған шараларды ұсынды.

Президент әлеуметтік міндеттемелердің еш қысқармайтындығын ерекше атап өтті. Оның ішінде «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – бұл, ең алдымен, апаттық мектептер мен үш ауысымда оқу мәселесін шешу. Бұл проблеманы түбегейлі шешетін уақыт жетті. Бұл - біздің сайлауалды тұғырнамамыздың негізгі индикаторларының бірі. Үш жылдық бюджетте қарастырылған қаражат бұл мәселені 2017 жылға дейін шешуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан үкіметке осы мәселені шешуге қосымша 70 млрд теңге бөлуді тапсырамын», - деген Елбасы сөздері білім саласы қызметкерлерін сөзсіз қуантты.

Осы тапсырманы жүзеге асыру бағытында Маңғыстау облысы бойынша біршама жұмыстар қолға алынды және алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы бойынша 141 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, бала саны – 108,3 мың.

Айта кету керек, Маңғыстау облысы - тұрғындар саны бойынша жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан аймақтардың бірі. Облыстағы әлеуметтік-демографиялық ахуалдың жақсаруы мен дүниеге бала әкелудің көбеюі мектептегі оқушы санының өсуіне де тікелей септігін тигізуде. Сыртқы және ішкі миграция мен бала туудың, яғни өсімнің жоғары болуының себебінен, мектеп оқушыларының саны жылына тұрақты түрде орташа есеппен 3-4 мыңға өсуде. Биылғы 2014-2015 оқу жылында өткен оқу жылымен салыстырғанда, оқушы саны 6438-ге артты (2014-2015 оқу жылында – 108,3 мың оқушы; 2013-2014 оқу жылында – 101,8 мың оқушы; 2012-2013 оқу жылында – 97,8 мың оқушы).

Әрине, бұл өз кезегінде – оқушы орнының тапшылығына және үш ауысымдық мектептердің пайда болуына басты себеп болады. Сондықтан, Елбасының тапсырмасын орындау, облыстағы үш ауысымды мектептер санын азайту және жою бағытында нақты шаралар қабылданып, жүзеге асырылуда.

Осыдан 2 жыл бұрын үш ауысымдық оқыту - 6 мектепте жүргізілсе (оқушы саны – 796), өткен оқу жылында олардың саны 4 болды (оқушы саны – 439), ал биылғы оқу жылында облысымыздағы 3 мектепте ғана білім беру үш ауысымда жүргізілуде. Үшінші ауысымда білім алатын оқушылардың саны — 427. Бұл балалар - негізінен бастауыш сыныптың оқушылары. Қазіргі таңда жалпы облыс бойынша 9 мектепте 7 мыңнан астам оқушы орнының тапшылығы байқалады.

- Өзіңіз айтып отырғандай, жыл сайын оқушылар саны артып отыр. Оқушы орнының тапшылығын азайту үшін қандай жобалар жүзеге асуда?

- Қазір осы проблема бойынша жұмыстар жүруде. Мәселен, 2013 жылы республикалық бюджет есебінен 4, инвесторлар есебінен 1 жаңа мектеп іске қосылып, 2 мектеп жаңа кең ғимаратқа көшірілді. Ал 2014 жылы республикалық қаражат есебінен салынған 3 жаңа мектеп құрылысы аяқталып, олар да іске қосылды. Жаңаөзен қаласында 1 бастауыш мектеп жаңадан салынған 1200 орындық ғимаратқа көшіріліп, орта мектеп болып қайта құрылды.

Осының нәтижесінде, 2 жылдың ішінде үш ауысымдық мектептер санын екі есеге дейін азайтуға мүмкіндік алдық. Бүгінгі таңда жалпы сыйымдылығы 1750 болатын тағы 2 мектеп құрылысы жүргізілуде. Олар: Мұнайлы ауданы Атамекен селосындағы республикалық бюджет есебінен салынып жатырған 1200 орындық мектеп және Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында жер қойнауын барлаушы компаниялар есебінен 120 орындық интернаты бар 550 орындық мектеп. Бұның өзі аталмыш 2 аудандағы үш ауысымда оқыту мәселесін толықтай шешетін болады.

Қазір Бейнеу ауданында бір мектепте балалар 3 ауысыммен оқытылуда. Ол мәселені шешу үшін 900 орындық мектептің және Атамекен орта мектебінің жанынан 175 орындық қосымша ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды, құрылысын 2015 жылы бастағалы отырмыз. Осылайша, бұл ауданда да 3 ауысыммен оқыту жойылады деп отырмыз.

- Елбасының тағы бір қадап айтқан нақты тапсырмасы – еліміздегі апаттық жағдайда тұрған мектептер мәселесін шешу болатын. Маңғыстауда қанша апатты жағдайда тұрған мектеп бар?

- Өткен 2013-2014 оқу жылында облысымызда 3 апаттық мектеп болған еді. Оның біреуінің мәселесі шешілді, яғни ағымдағы оқу жылының 1-қыркүйегінде Маңғыстау ауданының Жыңғылды селосында 200 орындық негізгі мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал қалған апаттық жағдайдағы 2 - Қарақия ауданындағы Жетібай және Құланды орта мектептерінің мәселесін шешу мақсатында, ағымдағы жылы республикалық бюджет есебінен әрқайсысы 624 орындық, 2 жаңа мектептің құрылысы басталды, 2015 жылдың қыркүйек айында мектептер пайдалануға берілмек. Сөйтіп, бұл тапсырма да толығымен орындалатын болады.

Облыстағы үш ауысымдық және апаттық жағдайдағы мектептердің мәселелерін шешу - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің де, Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Маңғыстау облысының халқы сайлаған депутаттарымыздың да тікелей қолдауымен жүргізілуде. Сондықтан, Елбасының тапсырмаларын орындау барысында Республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлгізіп, жаңа мектептер құрылысын салуға көрсеткен көмектері үшін алғысымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта да облыстағы білім ордаларын апатты жағдайға жеткізбеу мақсатында тиісті сараптамалар жүргізіп, жоспар бойынша кезеңімен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Мысалы, өткен оқу жылында жергілікті бюджеттен 1 672,0 млн. теңге және республикалық бюджеттен 173,1 мың теңге бөлініп, 13 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқушы орнының тапшылығын болдырмау мақсатында, мектеп құрылысын салу бойынша 2015-2017 жылдарға инвестициялық жобалар тізбесі жасақталып бекітілді. Аталған инвестициялық ұсынымдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсынылды.

Осы орайда қоса кетейін, Маңғыстау облысында Білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асты. Мысалы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 120 мектепте, 91 мектепке дейінгі ұйымда бейнебақылау орнатылған. Сонымен қатар, Ақтау қаласының 5 орта мектебіне және облыстық бағыныстағы 2 мектеп-интернатқа турникет орнатылды. Оқулықпен қамтамасыз ету мәселесін де назарда ұстап отырмыз. 2015 жылы оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етуге жергілікті бюджет есебінен қаржы қаралып отыр.

2014 жылы оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын сатып алуға жергілікті бюджеттен 396 435 473,0 теңге бөлінсе, 2015 жылға 583 558 000,0 мың теңге қаражат жоспарланды. Бұл - оқушыларымызды оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Мектептердегі педагог кадрлар мәселесі қалай шешімін табуда және олардың біліктілігін арттыру бойынша жасалып жатқан жұмыстар бар ма?

- Облыстың күндізгі жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 9025 мұғалім, оның ішінде ауыл мектептерінде 5719 мұғалім жұмыс жасайды. Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі 43,8% құрайды. Қазір облыс мектептерінде 79 мұғалім, негізінен математика, физика, қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жетіспей отыр.

Кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында 2006 жылы әлеуметтік сала мамандарын дайындаудың облыстық бағдарламасы қабылданды, облыс әкімінің білім гранты белгіленді. Осы бағдарлама аясында республиканың жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандар ауыл мектептеріне жұмысқа орналасты.

- Бұл - мектептер жайы. Ал мектепке дейінгі ұйымдар туралы не айтасыз? Қазір балабақшаға баланы орналастыру деген мәселе елімізде өзекті болып отыр ғой?

- Жоғарыда айтып өткенімдей, Маңғыстау облысында 141 жалпы білім беретін мектеп бар, оның ішінде күндізгі мемлекеттік мектептер - 131. Сонымен бірге 202 мектепке дейінгі ұйым, 14 мектептен тыс, 6 арнайы (түзету) және 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы қызмет жасайды. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие саласын алатын болсақ, қазіргі уақытта облыста 202 мектепке дейінгі ұйымда (151 мемлекеттік - 24052 бала, 51 жекеменшік - 4223 бала) 28 275 бала тәрбиеленуде. 2014 жылы 2289 орындық 19 мектепке дейінгі ұйым іске қосылды. Облыс бойынша қазіргі таңда жекеменшік балабақшалардың саны жалпы балабақша санынан 25,3 % - ды құрайды.

Енді осы орайда айта кететін жайт, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында туындап отырған кейбір проблемалық мәселелер бар. Біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы әлі де сезіліп отыр. Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің көбеюіне қарамастан, балабақшаға кезекке тұру әлі де сақталып келеді. Облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегінің көбеюдегі айқындаушы факторы - елдегі демографиялық ахуалдың жақсаруы мен бала туудың көбеюі болып табылады.

Сөз басында айтып кеттім, біздің облысымыз тұрғындарының саны жоғары қарқынмен өсіп келе жатырған аймақтардың бірі болып саналады. Облыс тұрғындарының саны табиғи түрде және көші-қон арқылы өсу нәтижесінде көбейіп келеді. Жыл сайын Маңғыстау облысында 18 мыңнан астам сәби дүниеге келеді. Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мәліметтері бойынша 2014 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі 9792 бала кезекте тұр.

Кезек санының ең көп деңгейі Ақтау қаласында (13 000), Жаңаөзен қаласында (8 000) және Мұнайлы ауданында (5919) байқалады. Оның ішінде 3-6 жас аралығында - 2254 бала кезекте тұр.

- Бұл мәселені шешудің қандай жолдарын көріп отырсыздар?

- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту және тұрғындар арасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерінің өскелең қажеттіліктерін орындау мақсатында 2014-2020 жылға дейін мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу Қадамдық жоспары жасалып, аудан, қала әкімшіліктерімен келісілді. Жоспар болжамына сәйкес, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамтуға мүмкіндік береді.

Жанаөзен қаласында республикалық бюджеттен әрқайсысы 320 орындық, барлығы 1280 орынға арналған 4 мектепке дейінгі ұйымның құрылысы басталды. 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен 10 балабақша құрылысы жоспарланып қаралған болатын. Оның 360 орындық 2-уі берілді. Яғни, Мұнайлы ауданында -280, Бейнеуде -80 орындық балабақша өз есігін айқара ашты. Қалған 8 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр.

Атап кететін болсақ, Мұнайлы ауданында әрқайсысы 280 орындық 3 балабақша құрылысы, Бейнеу ауданында 140 орындық 1 балабақша құрылысы, Түпқараған ауданында 190 орындық 2 балабақша құрылысы, Қарақия ауданында 140 орындық 1 балабақша құрылысы, Ақтау қаласында 29 шағын ауданда 280 орындық 1 балабақша құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса республикалық бюджет есебінен 4 балабақша, жер қойнауын барлаушылар қаражаты есебінен 3 балабақша салынуда.

- Динара Нағимоллақызы, Маңғыстау облысындағы интернаттық мекемелерде тәрбиеленіп жатырған балалардың құқықтары туралы қозғап өтсеңіз? Тұрғын үймен қамту мәселесі қандай деңгейде?

- Маңғыстау облысында интернаттық 3 мекеме бар. Облыстық балалар үйінде -44, отбасы үлгісіндегі балалар ауылында- 44, балалар баспанасында – 6, барлығы - 94 бала тәрбиеленуде. Аудан, қаладағы 426 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағып отырған қорғаншыларға немесе қамқоршыларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап - бағуға жәрдемақы тағайындау қағидасы және оны төлеу мөлшерінің ережесіне» сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жәрдемақы ай сайын төленуде.

Сонымен қатар, балалар үйі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерінің тұрғын үй мәселесін шешу, олардың жеке жинағын қолдануға тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда, балалардың жәрдемақыларын тиімді пайдалануда, балалардың жинақ ақшаларын, демеушілікпен берілген қаражаттарды «Тұрғынүй Құрылыс Жинақ банкіге» салып, болашақта пәтер алу мүмкіндігі қарастырылуда.

Ал енді тұрғын үймен қамту туралы мәселеге келсек, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2009 – 2014 жылдар аралығында (Жаңаөзен қаласы -73, аудандардан -Мұнайлы-8, Түпқараған-19, Бейнеу -22, Қарақия -20, Маңғыстау-8) 150 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, соның ішінде қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) - 95 (40 бала- 18 жасқа толған), балалар үйі және отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен түлектеріне 42 (23 түлек, 19 тәрбиеленуші) балаға жергілікті жерлердегі әкімдіктерден тұрғын үй берілді. Ал 2014 жылды алатын болсақ, қорғаншылық және қамқоршылықтағы Мұнайлы ауданында -2, Қарақия ауданында -6, Маңғыстау ауданында -8, 13-23 жас аралығындағы барлығы 16 балаға пәтер берілді.

Сонымен қатар, тұрғын үйге өте мұқтаж облыстық балалар үйінен – 35, отбасы үлгісіндегі балалар ауылының-19, барлығы 54 түлек Ақтау қаласының 35 шағынауданында орналасқан Әлеуметтік тұрғын үйінен берілген 20 пәтерге орналастырылды.

2014 жылы жергілікті бюджет есебінен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Қарақия ауданы бойынша 21 пәтер сатып алу үшін қаражат қарастырылды. Жалпы, білім саласындағы қарқынды жұмыстарымыз жалғаса бермек.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. Елбасының білім беру саласына бөліп отырған ерекше көңілі – тәуелсіз еліміздің болашағына деген зор көңілі, сенімі деп түсінуіміз қажет. Ал біздер - өңірлердегі мемлекеттік қызметшілер Елбасының білім саласындағы саясатының тиімді, сапалы және уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Сұхбатыңызға рахмет! Табысты жұмыстар тілейміз!

Сұхбаттасқан Алтынгүл Меңдіхан, арнайы «Матрица.kz» үшін, Маңғыстау облысы
Просмотров материала: 3 833

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 314 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 135 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 106 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 048 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 032 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 495 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 251 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 275 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 738 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 873 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 076 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 595 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 139 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 742 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 836 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 431 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930