29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



АЙТЫСТАН МӘН, СӨЗДЕН ДӘМ КЕТЕ БАСТАДЫ (ВИДЕО)

05 декабрь 2016, 15:23
АЙТЫСТАН МӘН, СӨЗДЕН ДӘМ КЕТЕ БАСТАДЫ (ВИДЕО) Алатаудың етегіне елді жиған «Алтын домбыра» айтысы аяқталды. Екі күнге созылған аламан айтыстың алғашқы күнінде қала басшысы Бауыржан Байбек мырза қатыспады. Іс сапарда болыпты. Десе де айтыс өз деңгейінде өтті. Жылдың қорытынды айтысына сайланып келген жиырма ақын өз баптарында екендіктерін көрсетті.

Сонымен арты айғай-шуға ұласқан айтыста не айтылды, нелер айтылмай қалды? Халық қазылардың шешімімен не себепті келіспеді? Шолу жасап көрелік.
Бұл айтыстың бірінші жаңалығы – айтысты бастан аяқ «Еуразия» арнасы түсіріп, тарататын болды. Осыған дейін ұлттық өнерге «прайм таймнан» уақыт бөліп, ақындардың айтқандарын қиып тастаса да экранға шығарып жүрген «Қазақстан», «Хабар» арналары бұл жолы тыныш. Себебі, тағы белгісіз.

Сахнаға шыққан Жүрсін Ерманға "Қазақстан" телерадиокорпорациясының басшысы Кемелбек Ойшыбаев xабарласып, бұл айтысты көрсетеміз депті.
Содан кейін, айтыстың әуелгі жарнама ролигінде Ринат Зайтов қатысады деп көрсетілген еді. Сахнаға шыққан жиырма ақынның сапында Ринат болмай шықты. Сөйтсек, жыл бойы республиканың барлық аймақтарында өткен айтыстарда бірінші жүлделерді иемденген ақындар ғана қатысатын көрінеді. Ерманов солай деді.

Жә, солай болсын дегенде Шымкенттен келген шайыр Нұрлан Есенқұл сахнаға шықты. Нұрланның да жарытып бәйге алмағанын қарсыластарының өздері айтты. Сондағы Жүрсіннің сөзі қайда қалды дестік.

Халық Ринатты сұрады. Жүрсін оларға жауап беріп: «Мен тағы да айтамын, сіздер де залға толық келіп отырған жоқсыздар ғой...» деді. Ауыздарына тілі сыймай тыпыршып тұрған жиырма ақын: Айбек Қалиев, Болатбек Оразбаев, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ереже, Мақсат Аханов, Иранғайып Күзембаев, Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Қалижан Білдәшев, Ершат Қайболдин, Рүстем Қайыртай, Өміржан Көпбосынов, Шұғайып Сезімхан, Ержан Әміров, Сырым Әділбек, Серікзат Дүйсенғазин.

Енді қазылар алқасына тоқталсақ, Мұхамеджан Тазабек, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Халиолла, Әділбек Ыбырайымұлы, Қонысбай Әбілов, Қойлыбай Асанов сияқты «зейнеттегі ақындар» қазылық етті. Бұл қазылардың төрағасы – Мұхамеджан Тазабек еді.

Алғашқы күнгі айтыста ақындар барын салды. Бірсыпыра әлеуметтік, ұлттық мәселелер айтылды. Мысалы, осы айтыстың бірінші күнінде жаңалық болған Өміржан Көпбосынов: «ән шығарып бүлдірсем ештеңе емес, заң шығарып бүлдіріп жатқаным жоқ» деді. Немесе айтыстың шымылдығын ашқан Ершат Қайболдин Талғат Аян мен Макс Боқаевтар туралы терең көсілді.

Сөйтіп қызықтың көкесі айтыстың екінші күнінде болды. Ақындар алғашқы күні көп шауып қойды ма, әлде дайындығы жетіспеді ме, әйтеуір екпін басылып қалыпты. Оның үстіне екінші күнгі айтысқа Бауыржан Байбек мырза келеді деп жұрт көп күтті. Әкім мырзаны сөге жамандаудан аулақпыз, шаруаның адамы. Айтыстың соңғы жұбы айтысып жатқанда келді. Екінші күні топтан суырылып 12 ақын, алты жұп айтысты. Солардың ішінде көрерменнің көңілінен шыққан Болатбек Оразбаев, Мұхтар Ниязов және Жансая Мусиналардың ұпайы тең түсті. Тартыс осы жерден басталды.

Финалдық айтыстар аяқталып, қазылар жүлде бөлуге кеткен еді. Республика сарайына жиылған жұрт іштей биылғы «Алтын домбыраны» Болатбекке беріп қойғаны аңғарылды. Рас, Болатбек төгіп айтты, жырауларша кешегі. Сүйінбай, Кенендерден жеткен үлгіні нақ көрсетті. Оған ешкімнің дауы болмас.
Жансая шымыр шумақтарымен жұртты қыран-топан әзілімен баурап алды. Шаппа-шап айтыс жасай білді. Шоу жасады. Сәйкесінше жұрттың ерекше ықыласына бөленді. «Алтын домбыраның» алғашқы иегері атанған Мұхтар Ниязов та бұл екеуінен кем түспеді. Шаппа-шап айтысты, дайындап келген шумақтарын да айтты. Тек жалғыз ақсаған тұсы – жиі сасқалақтады. Шумақтары шымыр болғанымен, соны жеткізу жағынан есе жіберді. Нағыз тартыс қазылар арасында болған екен.

Сахнаға шыққан Жүрсін Ерман сөзін былай бастады: «Сіздерді қайдам, әйтеуір мен осы айтыстан кейін біраз уақыт айтысты көргім келмейді. Тіпті, маңайына жолағым...».

Жүкеңнің осы сөзінің өзі біраз нәрсені аңғартқан секілді болды. «Нағыз айтыс сахнада емес, қазылар арасында болды. Тіпті бір-бірімен жаға жыртыса жаздады» деді жүргізуші ағай. Е, бәсе. Солай болуы керек еді ғой.

Екі күн бойы жұрттың айызын қандырып, жырға сусындатқан 13 ақын шабыттандыру сыйлығын алды (әр қайсысы 250 мың теңге). Ал 3-орын Серікзат Дүйсенғазин, Мейірбек Сұлтанғазы, Иранғайып Күзенбаев пен Өміржан Көпбосыновқа берілді (әрқайсысына 300 мың теңгеден). 2-орын Жансая Мусинаға (1 млн теңге) бұйырды.

2016 жылдың «Алтын домбырасын» я Болатбек, я Мұхтар алады деп шешіпті қазылар. Шешім бойынша Болатбек 1-орын мен 2 млн теңге сыйлық, ал Мұхтар Ниязов екінші мәрте «Алтын домбыра» иегері атанды.



Дәл осы жерде Бас жүлдені қала басшысы Бауыржан Байбек беруі тиіс еді. Әкім сахнаға шықты. Бірақ, қазылардың шешімімен келіспеген халық әкімнің сөзіне де құлақ аспады.

Біразға дейін даурыққан жұртқа басу айтқан Бауыржан Қадырғалиұлы бюджеттен қосымша ақша бөліп, «Болатбектің жүлдесін көбейтемін» дегеніне болмады. Себебі, бұл жерде мәселе ақшада емес, халықтың қалауында еді.

Қазылар алқасы осындай шешім шығарып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі барысында бас жүлденің Мұхтарға берілуіне Республика сарайына лықа толған халық наразы болды. Оразалы Досбосыновтың төл шәкірті Болатбек Оразбаев шешуші айтыста жыраулардай жыр төкті. Дегенмен әділ қазылар берген бағада «бір тоғыз» беріліп, «Алтын домбыра» қарсыласы Мұхтар Ниязовқа берілді. Бұл жерде қазылар алқасының төрағасы Мұхамеджан Тазабектің жаншығында төрағаға тиесілі 1 дауысы бар еді. Алайда Мұхамеджан ол дауысын Болатбекке бермеді.

Республика сарайына келген дүйім жұрттың көңілі су сепкендей болып қайтты. Қазылар бұра тартты ма, әлде басқа факторлар ықпал етті ме, әйтеуір Жүрсін ғана емес, жұрт та айтыстан күдерлері үзілгендей әсер алды.

Рас, «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды» десек те, халықтың пікіріне пысқырымағандары қынжылтты. Ашығында солай болды. Мұхтардың ақындығына ешкім шек қоя алмайды. Десек те, бұл жолы халықтың көңілінен Болатбек шыққан еді. Жалқы сұрақ мынадай: Айтыс қазылар үшін бе, әлде халық үшін бе? Егер қазылар қара қылды қақ жарып әділдігін айта алмаса, Құлагерді өлтірген Барақбайша ақындардың аяғынан шалса қоғамнан таппаған әділетті ендігі айтыстан іздемегені жөн. Айтпақшы, Ринаттың да осы айтысқа не үшін қатыспағаны белгілі болды...

Айтыс аяқталып, қазылардан неліктен бұлай болғанын сұрадық. Есім-сойын жасырып қалуды өтінген бір қазы: «Мұхамеджаннан сұра!» деп діңк етті.

Солай болды.

Азуы қышыған айтысты сынайдының кебі емес, кесімі күпті айтыстан көріп қайтқаным осы болды. Әйтпесе Мұхтар Сыр сүлейлерінің сарқыты еді.

Шамасына қарай шапты. Айып Мұхтарда емес, Мұхтарды сүйрегендерде еді...

Әкімдердің бірсыпарасы таласқан бұл айтысқа Баукең өзі келіп қатысты. Бас жүлдені тапсырарда ақжарма тілегін айтайын деп еді, «Болатбек, Болатбек» деп шулаған халық оған сөз бермеді. Обал. Әкімде не кінә? Қазылар ғой. Соңғы үміт Мұхтарда еді. Мұхтар мәрттік жасап, сол алтын домбыраны көп тілеуінен аса алмай ел алдында Болатбекке ұстатар деп едік. Олай болмады. Алтын қолдан қолға өтер. Алтыннан қымбат айтыс дейтін асыл қазынамыз қолдан қолға өтіп кетпесе игі еді.

Айтыстан мəн, сөзден дəм кете бастағандай көрінді.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz
Просмотров материала: 1 874

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 541 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 380 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 368 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 306 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 261 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 218 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031