27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Білімді басшы, ғалым әрі ұстаз-бұл ҚазҰУ-дың түлегі

20 май 2016, 13:43
Білімді басшы, ғалым әрі ұстаз-бұл ҚазҰУ-дың түлегі Қазақтың киелі жерлерінің бірі - Қазығұрт тауының етегінде орналасқан кішкентай Жұман атты елді мекенде 1956 жылы маусымның 3 күні жоғары оқу орындарындағы мұражай ісінің болашақ маманы әрі басшысы, еліміздегі тәуелсіздікке дейінгі екі университеттің үздігі - Қазақтың С.М. Киров атындағы университеттің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) түлегі, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, осы Академия тағайындаған «Ғылым мен білім саласының еңбегі сіңген қызметкері» құрметті атағының иегері, биология ғылымдарының кандидаты Мұсабеков Қылышбай Сатимбекұлы қарапайым отбасында дүниеге келді.

Ауыл баласы табиғат аясында, оның қыры мен сырына таңырқай қарап өсті. 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданына қарасты Келес совхозының Жамбыл бөлімшесіндегі «Қызыл ту» сегізжылдық мектебінің табалдырығын аттады. Оқуға зерек жасөспірім ауыл баласы ауыл мектебінде
әліпбидің бетін ашып, әріп танып, есеп-қисаптың негізін жетік меңгеріп, заманға сай білім алуы үшін 1968 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы № 12 қазақ орта мектебіне ауысты.

Бұл мектептің сол кездің өзінде-ақ дүрілдеп тұрған кезі еді. Осы білім беру ошағында жоғары санатты, елге танымал көптеген ұстаздар қызмет жасады. Бұл ұстаздар өздерінің шәкірттерінің арасынан кімнің қандай іске қабілетті екендігін біліп, оларға бағыт-кеңес беріп, таланттарын дамыта білді. Сондай шәкірттердің бірі-біз сөз қозғағалы отырған азамат–Қылышбай бала еді. Ол басқа сыныптастарынан кітапқа деген құмарлығымен ерекшеленді. Мұны білген сол кездің өзінде-ақ есімі Бүкіл Одаққа танымал, белгілі әдебиет пәнінің ұстазы, Ленин орденінің иегері Әлия Дүйсенова апайы еді. Осындай ұстаздан тәрбие алған Қылышбай мектеп қабырғасында жазу-сызуға бір табан жақын болды. Қылышбайдың алғашқы мақалалары мектептің қабырға газеттерінде, кейіннен республика деңгейінде таралатын «Қазақстан пионері» газетінде жариялана бастады. Оның бұл деңгейдегі мақаласы 1970 жылы 15 сәуірдегі нөмірінде жарық көрді. Мектеп бітіргенше бірнеше мақалалары осы газет бетінде басылып шықты.

Сол кездегі талаптарға сай және тылсым табиғаттың әлі де жұмбақ қыр-сырларын білу мақсатында мектеп бітірген түлектің жұдырықтай жүрегі ауылға барып, оның тіршілігімен жете танысу керектігін айтып тұрғандай болды. Осындай жүрек қалауы балауса жігітті елге баруға итермеледі. Алды-артын ойлауға қабілетті жас жігіт еңбек жолын 1973 жылы Алматыдан алыста жатқан Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы Жамбыл совхозында слесарь болып бастады. Бұл да жас жігітке берген тағдыр сыйы болса керек-ті. Шу өзенінің бойындағы орман-тоғайлардағы, құмдарындағы жануарлар түрлерінің алуандылығы, оларды өз көзімен танып білу Қылышбайдың бойындағы тағы бір қасиетін ашқандай болды. Ол жұмыстан қолы сәл-пәл босаған уақыттарды бекерден-бекер өткізген жоқ. Тылсым табиғаттың аясында сол өлкенің жануарлар әлеміне қызығушылық таныта бастады. Олардың тіршілігіндегі сан ғажаптарды шешуге бел буды.

Осылайша балалық шағында әдебиетке икем жігіт, енді өз болашағын биология саласынан көре бастады. Ол 1974 жылы аталған университеттің дайындық бөліміне қабылданып, оны ойдағыдай аяқтап, 1975 жылы өз қатарларының алдыңғыларының бірі болып Биология факультетінің студенті атанды. Біліммен сусындана жүріп, жас шәкірт қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Оқу үздігі әрі ұйымдастыру қабілеті жоғары студентті 2 курста оқып жүргенде студенттер қауымы және факультет басшылары үлкен сенім артып, сол кезде университет жатақаналарының көрсеткіштер бойынша соңғы орында тұрған жатақана студенттерінің төрағасы, әрі факультеттің және университеттің кәсіподағының мүшесі етіп сайлады. Бұл көрсетілген сенімді төраға Қылышбай ойдағыдай атқарып шықты. Алғашқы рет республикада студенттердің жатақханаларының арасында ақындар айтысын ұйымдастыруға ат салысып, биология факультетінің студенттері І орынды иеленді. Ол төраға болған жатақанада "Жатақхана - өз үйің " деген девизбен этаждар, бөлмелер арасында байқау өткізіліп, бір жылдың ішінде университеттің арнайы жасаған " №9 үлгілі жатақанасынан " кейінгі екінші орынға көтерілді. Бұл студент Қылышбайдың командамен бірге жұмыс жасай білетінін көрсетті.

Мұсабеков Қылышбай өзі маманданып жүрген «Табиғат қорғау және биологияны оқыту методикасы» кафедрасының студенті ретінде өзі сияқты табиғатқа жанашыр білім алушылармен біріге отырып "Табиғат қорғау дружинасын" ұйымдастырып, Мәскеу, Воронеж, Свердловск (қазіргі Екатеринбург) қаларында өткен Бүкілодақтық Табиғат қорғау дружиналарының Кеңестерінің жұмыстарына қатысып, тәжірибелер алмасты. Басқа да университет студенттерінің табиғат қорғау саласындағы жұмыстарының тәжірибелерін үйреніп және өзі оқитын Университетте атқарылып жатқан жұмыс қорытындыларымен алмасып, табиғат қорғау саласында да студент кезінің өзінде-ақ біраз жұмыстарды тындырды.

Табиғат қорғау саласының болашақ маманы ретінде ол басқарған дружина Алматы қаласының маңындағы орман шаруашылықтарында Жаңа жыл қарсаңында шыршаларды қорғау шараларын алғашқылардың бірі болып ұйымдастырып, факультет студенттерін осы іске жұмылдыра білді. Сонымен қатар, қала тұрғындарын қолдан жасаған шыршаны пайдалануға насихаттау үшін "Наша елка" атты сұрақнаманы "Вечерняя Алма-Ата" газеті арқылы жүргізді. Осы дружинаның жұмыстары туралы республикалық радио арқылы бірнеше арнайы хабар дайындалды және университеттің газетінде, сонымен қатар "Ленинская смена" газетінде (1979 жылғы 24 қарашасындағы нөмірінде) "Мы за это в ответе" деген үлкен көлемді мақаланы газеттің белгілі журналисі Лариса Астанина жазды. Міне осылайша болашақ табиғат қорғаушы зоолог-маман қалыптасты.

1980 жылы университетті ойдағыдай жақсы аяқтаған соң ол арнаулы жолдамамен Қазақ ССР Ғылым Академиясы Зоология институтының териология зертханасына жұмысқа орналасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап ол Қазақстан жануарларын зерттеу жұмысын бастады. Бұл жұмысқа дейін студент Қылышбай дипломдық жұмысын орындау үшін Ақсу-Жабағылы қорығындағы тұяқты жануарлардың биологиясы мен экологиясын зерттеген еді. Міне 1981 жыл Қылышбай Сәтімбекұлының зоология ғылымының дамуына өз үлесін қосуды бастаған жылы деп айтуға болады. Алғашқы зерттеу жұмыстарын жан-жақты үйретуге және кейіннен танымал зоолог болып қалыптасуына осы жолдың авторларының біреуінің де үлесі бар. Өйткені алғашқы ғылыми экспедицияға Сырдария өзенінің фаунасын зерттеу мақсатында 1981 жылдың наурыз-маусым айларында Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара, Қызылқұм аудандарын аралап, жануарлар дүниесімен танысты.

Сонда алғашқы рет, шиебөрінің ұлығанын естіп, түнімен ұйықтамаған Қылышбай 20 жылдай, оның биологиясын, таралу себептерін, халық шаруашылығындағы орнын анықтады. Осы шиебөріні зерттеген Өзбекстандағы Г.И. Ишунин, М. Палваниязов, Т. Нуратдинов, В.И. Тарянников, Түркменстандағы Е.И. Щербина сияқты ғалымдармен танысып, солармен бірге бірнеше рет Амудария өзенінің бойындағы экспедицияға қатысып, тәжірибе алмасты.

Яғни Қылышбай Сәтімбекұлы 1980 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақ ССР ҒА-ның зоология институтының териология зертханасында лаборант (1980-1981), кіші ғылыми қызметкер (1981-1991), ғылыми қызметкер (1991-2000) міндетін атқарды. Осы жылдары ол шүйебөрінің Қазақстанда таралу ерекшеліктер, биологиясы мен экологиясы жайында жұмыстар атқарып, Одақтық және республикалық басылымдарды бірнеще ғылыми мақалалар жариялады. Сол сияқты кезінде өзекті мәселелердің бірі болған Сібір өзендерінің суын Орта Азия мен Қазақстанға бұру жайындағы жұмыстарға, ақбөкендердің қыстау, төлдеу орындарын анықтау жұмыстарын орындауға да белсене араласты.

Нарық экономикасының талабына орай ол жеке кәсіппен айналысуға бел буды. Қала тұрғындарын азықпен, киім-кешекпен жабдықтауда да табысты еңбек етті. Деседе жастайынан жануарлар әлемін зерттеуге ынталы болған азамат 2007 жылы өзі ғылым жолын бастаған институтқа қайта оралып, териология зертханасында кіші ғылыми қызметкер міндетін атқарды. Сол жылы «Қазақстандағы шиебөрі (экологиясы, мінез-құлқы және халық шарушылығындағы орны)» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл жұмыс Жоғары Аттестациялық Комиссия тарабынан оң баға алып, оның шешімі бойынша 3 айдың ішінде биология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу құқығы бекітілді. Бір жыл өткен соң, ол 2008 жылы териология зертханасының аға ғылыми қызметкері болып тағайындалды. Енді Қылышбай Сәтімбекұлы өзі де жас зоолог-мамандарды тәрбиелеуге кірісті.

2008 жылдың шілде айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы оны осы университеттің Биология мұражайының директорының орынбасары қызметіне шақырды. Білімді зоолог-ғалым біршама тұралап қалған мұражай жұмысын аз жылдардың ішінде жандандырып, ол тек университет шеңберінде ғана емес, республикада белгілі бола бастады. Жас басшының еңбекқорлығы арқасында Биология мұражайы Еуразия Жоғары оқу орындары мұражайларының қауымдастығына Қазақстаннан қабылданған алғашқы әрі жалғыз мұражай болды. Мұражай ісін дамытудағы еңбегіне орай Қылышбай Сәтімбекұлы 2010 жылдың қыркүйегінен осы ұжымның директоры болып сайланды. Осы жылдан бастап ол мұражай қорын жаңа жәдігерлермен толықтыру үшін хайуанаттар бағымен, қорық және ұлттық саябақтармен тығыз байланыс орнатты. Нәтижесінде мұражай қоры ғылымға өте құнды керқұлан, су күзені, кәмшат, көкқұтан, құлақты жапалақ, аққанат тоқылдақ, тауыс, безгелдек, көкқұс және т.б. аң-құстардың тұлыптары және нақтұлыптарымен толықтырылды.

Ең бастысы мұражай қорында 50 жыл жатқан, таралу аймағында нақтұлыбы сақталмаған, қазіргі күнде тұран жолбарысының жалғыз толық нақтұлыбын, осыдан 78 жыл бұрын ғылымға алғаш рет танымал болған, университет ғалымдары сипаттап жазған және қазіргі кезде жалғыз формалинде сақталған жалманның (қалқанқұлақтың) нақ өзін көрме залына арнайы диорамалар жасатып, көпшілік назарына ұсынуы да құптарлық іс-шара деп айтуға болады. Сонымен қатар, қазіргі мұражайдың тарихы туралы және Қазақстанда таксидермия мектебінің негізін қалаушылардың бірі Э.Ф. Родионовқа арнайы диорамалар жасауы дадұрыс шаруа.

Мұсабеков Қ.С. мұражайға қызметке келгеннен бергі 8 жылдың ішінде Биология мұражайын насихаттауда да үлкен табыстарға жетті деуге болады. Оның ұйымдастыруымен республикамыздың мерзімді басылымдары мен телеарналарында 70-ден аса мұражай туралы арнайы хабарлар жасалып, мұражай ісін көпшілік арасына насихаттап, келушілердің санын 2-3 есе арттырды. Сонымен қатар, мұражай қызметкерлерін Халықаралық, республикалық ғылыми және практикалық конференцияларға қатыстырып, мұражай жәдігерлерін алыс-жақын мемлекеттерге таныстырып, университеттің абыройын арттырып жүр.
Қылышбай Сәтімбекұлы 100 жуық ғылыми жұмыстардың және көпшілікке арналған ғылыми еңбектердің авторы.

Соның ішінде «Қазақстан» Ұлттық энциклопедияда (1998-2007) – 21, Қазақстанның Қызыл кітабында (2010) – 2, Оңтүстік Қазақстан облысының Қызыл кітабына (2014) - 2, «Атлас природных и техногенных опасностей и рисков чрезвычайных ситуаций РК» альбомында (2010) – 2 мақаласы жарық көрген. Ол тұңғыш рет «Орта Азия мен Қазақстанда шиебөріні аулау тәсілдері« (1988) атты нұсқаулық жазған зоолог. Қазақстандағы шиебөрінің биологиясы мен экологиясы жайында жинаған көпжылдық материалдары «Шакал в Казахстане» (Lamberd, 2014, Германия) атты монографиясында баяндалды.
Ғылыми мақалалар және монографиядан басқа Мұсабеков Қылышбай ЖОО-на арналған «Териология» (2011) оқулығының, «Омыртқалылар зоологиясының зертханалық сабақтары (Оқу-әдістемелік нұсқаулық, 2015)» оқу-құралдарының авторларының бірі болып табылады.

ҚР Мәдениет министрлігінің тіл комитетінің тапсырысымен орындалған қазақша-орысша және орысша-қазақша «Биология» терминологиялық сөздігін құрастырушылардың бірі және ғылымның осы саласы бойынша ұжымдық топтың жетекшісі (2014) болды. Осылармен қатар, ол орыс тілінде жарияланған оқулықтарды қазақ тіліне аударуда да біраз еңбек етті. Оның және басқа да ғалым-мамандардың қатысуымен, Жоғары оқу орындары қауымдастығының тапсырысы бойынша, А.П. Пеховтың "Биология с основыми экологии" оқулығы (47,4 табақ) қазақ тіліне аударылып, қазір жоғары оқу орындарында пайдалануда.

Әрі басшы, әрі ғалым Қылышбай Сәтімбекұлы соңғы жылдары ұстаздық жұмыспен де айналысып, өз білімін, ғылыми тәжірибесін шәкірттерге беруде де абыройлы қызмет жасап жүрген білікті маманның бірі. Ол жұбайы Мариямен бірге 2 қыз, 1 ұл өсіріп, олардан 4 немере сүйіп отырған бақытты отбасы, әке және ата.

Сөз соңында Мұсабеков Қылышбай Сәтімбекұлына мұражай ісін дамытуда, ғылыми жұмыстарды орындауда және ұстаздық қызметте үлкен табыстарға жетуіне тілектеспіз. Ол үшін адамға бірінші денсаулық керек, осыған орай деніңіз сау болсын, қазақта «алпысың-талтүсің» деген сөз бар, осы шыққан белесіңіз құтты болсын деп тілек білдіреміз.


Есжанов Бірлікбай, биология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының доценті;
Орманова Гаухар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының аға оқытушысы





















Просмотров материала: 2 380

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 411 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 229 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 202 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 144 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 128 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 501 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 281 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 744 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 879 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 108 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 622 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 771 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930