26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



KFW: «Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек…»

24 октябрь 2014, 9:14
KFW: «Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек…» Өткен аптада жылына екінші мәрте өткізіліп отырған «Kazakhstan Fashion Week» сән апталығы болды. «Келер жылдың көктем-жаз маусымының сәнді киім үлгілері қандай болмақ?» деген сауалға жауап іздеген қалың жұртшылық апталықтың ашылуын тағатсыздана күтті. Апталықтың алғашқы күнін жылдағы дәстүрдегідей, оның тұрақты қатысушылары Алекс Чжен, Саят ­Досыбаев, Камила Курбани, Лария Джакамбаева, Ая Бапани, Айнұр Тұрысбек, Айдана Қожагелдина сынды отандық дизайнерлер мен грузиялық дизайнер Кети Чхиквадзе ашты.

"Ана тілі" газеті

Алғашқы болып өз топтамасын ұсыну Айнұр Тұрысбек есімді дизайнерге бұйырды. Готикалық бағытта, яғни қара түсті киімдерден құралған Айнұрдың бұл жолғы топтамасының тақырыбы бокс спортымен үндесіп тұрды. Көбінесе былғарыны пайдаланған топтама жылы қабылданды. Жұртшылық грузиялық Кэти Чхиквадзені отандық сән апталығының тұрақты қатысушысы ретінде таниды. Ол өзінің топтамасын ақ түсті денеге қонымды, жұқа жібек матадан тігілген көйлектерден дайындаған екен. Ал Камила Курбани есімді дизайнердің топтамасы бұрынғыдан өзгешелеу болды. Сүйікті шаһарымыз Алматының көріністерін топтамасына арқау еткен дизайнердің көйлектері, кеудеше мен сөмкелері Алматының көріністері бейнеленген жапсырмамен көзге түсті. Камиланың айтуынша, біз осылай қаламызды, елімізді әлемге танытуымыз керек.

Бұдан кейін көрермендер ақ пен қара түс негіз болған Алекс Чженнің конструктивизм бағытындағы киім­дерін тамашалады. Дизайнердің айтуынша, оның киімдері тек арнайы бір салтанатқа ғана емес, күнделікті өмірдің кез келген сәтінде киюге арналған. Мәселе, қыз-келіншектер сәнгердің дайын көйлегін киюде емес, оған өзіндік ерекшелігін көрсете білуде. Ал Артизан ательесінің топтамасы қыз-келіншектерге ғана емес, ерлерге арналған жібек матадан жасалған киімдермен ерекшеленді. Өткен сән апталығында тұсауын кескен жас дизайнер Айдана Қожагелдинаның осы жолғы топтамасы да қарапайым киіммен де сәнді болуға болады деген ұстанымда болды. Бұл ойды ақ, қара, сұр түстерден құралған ассиметриялы көйлектер мен белдемшелерден ұғындық.

Ал осы кештің жауһары деп Ая Бапани есімді дизайнердің топтамасын айтуға болады. Қазақ күйінің сүйемелдеуімен шыққан Аяның көйлектері барша жұртты елең еткізді. Жұқа киізге ұлттық оюды өрнектеп ел есінде қалған Аяның бұл жолғы топтамасында сары, күлгін, қоңыр, жасыл түсті жібектен тігіліп, ұлттық ою-өрнектермен бедерленді. Тіпті әр көйлегіне сәукелеге ұқсас, бірақ заманға лайықталған бас киімдерінің өзі жарасып-ақ тұр. Ұлттық бедерді ешуақыт есінен шығармайтын қазақ қызының бұл жолғы топтамасы жиналған қауым тарапынан жылы қабылданғанын байқадық. Аяның айтуынша, елге, Отанға деген махаббат, тіпті әр қазақ қызының киімінен көрініс табуы керек. Біз болсақ Аяның шығармашылығына тек табыс тілеп, болашақта оның биік белестерден көрінетініне сенеміз.
Алғашқы күннің сән үлгілерін Лария есімді дизайнер аяқтады. Ақ пен қара түсті негіз етіп, түстер мен реңктерді әдемі ойната білген дизайнер әр ұсынған киімінде қызыл түсті бас киімімен өзгешеленіп тұрды.

Апталықтың екінші күнін Ерлан Жолдасбек есімді дизайнер ашты. Гүлді оюлармен бедерленген ашық түстерден құралған оның топтамасы көктемнің жайма-шуақ күндерін көз алдымызға әкелді. Бұдан кейін алғаш өз топтамасын ұсынған Ая Аволи есімді дизайнердің банттармен әсемденген, жағасы классикалық үлгіде тігілген ақ пен қара және көкшіл түстерден құралған топтамасын тамашаладық. Тағы бір «Athena Clothes for Brosh» атты Ольга Ким мен Анна Лигайдың топтамасының тұсауы кесілді. Классикалық үлгіде тігілсе де, ерекше бір еркіндік лебі байқалатын күртешелер мен белдемшелер күнделікті киюге де, арнайы салтанатқа да жарасатыны сөзсіз. Бұдан кейін ел назары жас дизайнер Бота Бақытжанның көйлектерінде болды. Көктемде өткен апталықта Бота ұлттық нақышты ою-өрнекті былғарыдан жасалған көйлектерге бедерлеп, жас қыздардың көңілінен шыққан еді.

Ал бұл жолы Ботаның көйлектері мен белдемшелері ақ, қара, күлгін түстермен-ақ жастардың сәнді үлгісін көрсете алды. Бұл топтамада дала еркіндігінің лебі сезілді.
Апталыққа алғаш қатысып, өз топ­тамасын таныстырған отандық ди­зайнерлер қатарында Алена ­Полянская да бар. Бұған дейінгі дизайнерлерге қарағанда аспан түстес көкшіл, зүбәржат тектес түстерді қолданған Аленаның топтамасы шілтерлі көйлектермен көзге түсті. Кө­рерменіне көктемдей жадыраған көңіл-күй сыйлаған Малика ­Усу­­по­­ваның топтамасы сары, жасыл, алқызыл түсті барқыт, атлас маталардан тұрды. Этникалық стильді заманауи бағытта көрсете білген Дамиля Жұмабектің пальтолары мен көйлектеріне көкшіл және қызыл түс арқау болды. Топтамадағы барлық киім біркелкі этникалық бедермен көмкерілгені жарасымды.

Ал Дарья Шафенкова есімді дизай­нердің кең етек көйлектері, шілтерлі бе­дері бар ақ көйлектері міндетті түр­де көктем-жаз маусы­мының сән­ді үлгісіне айналатыны анық. Гру­зия­­дан келген дизайнер Саломе Амана­тиш­вили топтамасынан сәнгердің әртүрлі мінез-құлықты көрсеткісі келгенін аңғару қиын емес. Былғарыдан жасалған қара көйлектерден кейін жұқа жібек­тен тігілген сұр түсті нәзік көйлектер бұған дәлел.
Сән апталығының үшінші күні белгілі дизайнер Аида Кауменованың топтамасымен ашылды. Барқыттан, атластан тігілген кең етек көйлектер және ханшайымның тәжіндей әсер қалдыратын тастардан жасалған бас киімдер көздің жауын алды. Жиналған жұртшылық тура бір Шығыс әлеміне саяхат жасағандай болды. Ұлттық нақышты әр киім үлгісіне бедерлеуді ұмытпайтын Аиданың топтамасынан отандық сән индустриясының ұлттық бағытқа бет бұрғанын байқауға болады.

Сонымен бірге Украинадан келген Анастасия Иванова ақ, көкшіл түстес жеңіл матадан тігіл­ген көйлектерімен жиналған қыз-келіншектердің талғамын түсін­гендей болды. Бұдан кейін шыққан Тамара ­Ламанукаева шілтерлі бедерді топтамасына арқау етсе, Эндорфин топтамасының дизайнерлері қою көк, сұр, қызыл түстерден әйелдер және ерлер топтамасын ұсынды. Грузиядан келген тұрақты қонақ Ака Наниташвилидің бұл жолғы топтамасының барлы­ғында дерлік адамның суреті бе­дер­­ленген принтпен, отшашудай әсер қалдыратын бисерлермен ерекшеленді.
Өткен апталықта тоқыма киімде­рімен көпшілік қауымның назарына іліккен жас дизайнер Мадина
Нарбаева­ның осы жолғы топтамасы табиғат пен адамның арасындағы көзге көрінбес нәзік байланысты үндеп тұрды. Ақ матадан тігілген көйлектер, белдемшелер мен шалбарларда дизайнердің өз қолтаңбасы іспеттес құстардың, табиғаттың бейнесі бейнеленді. Бұл топтама жастарға арналды. Ал дизайнер Татьяна Цойдың киімдері ұйқыдағы ару тақырыбына арналды. Ақшыл, қоңыр түсті көйлектердің әрқайсысында шілтерлі маска болды. Бұл дизайнердің тақырыбын одан ары айшықтап тұрды.

Ирина Ашер­бе­ко­­ваның көй­лектері назарға ұсынылғанда жаз шығып, айнала құлпырғандай болды. Серік ­Букси­ков есімді су­рет­шінің картиналары дизайнерге ерекше әсер еткенін жасырмайды. Сондықтан оның барлық топ­та­масынның негізгі бедері ретінде суретшінің картиналары басылды. Апталықты грузиялық Гизи топтамасы аяқтады. Күнделікті кигенге ыңғайлы, спорттық стильге жақын болғанымен жылтырақ тастармен тігілген топтамадан дизайнердің қалып­тасқан қолтаңбасын аңғардық.

Сән апталығы ойдағыдай өтті. Келген көрермендер кеш соңында сән­герлермен сұхбаттасып, ұйымдас­ты­­ру­шыларға алғысын білдіріп жатты. Бәрінен де, Ая Бапани, Аида Кау­менова, Бота Бақытжан, ­Дамиля Жұмабек сынды дизайнерлердің топтамалары ұнады. Себебі олар киімдеріндегі ұлттық нақыш арқылы елімізді танытуды мақсат тұтқандары анық. Тіпті шет жұрттық қонақтар да қазақтың ою-өрнегіне, бүрмелі көйлектеріне тамсанатынын жасырмады. Сондықтан осындай сән апталықтарының отандық сән индус­триясын дамытуға, отандық өніммен халықты жақындатуға септігі мол. Түйіндеп айтсақ, келер көктем-жаз маусымында ақ, қара, сары, қызыл түсті жібек көйлектер мен барқыттан тігілген кең етек көйлектер, әсіресе шілтерлі бедерлер сәнге айналатынын түсіндік.

Ақбота Исләмбек
Просмотров материала: 3 153

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 292 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 112 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 084 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 026 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 009 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 249 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 273 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 735 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 066 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 164 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 317 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 733 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 834 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 194 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 961 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 913 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 277 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930