25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жолдағы "жыртықты" қалай жамаймыз?

08 ноябрь 2016, 21:30
Жолдағы "жыртықты" қалай жамаймыз? Қазақстанда жол төсеуге және жөндеуге жылына қыруар ақша бөлінеді. Тек биыл автожол саласына 330 млрд теңге бөлініпті. Бірақ өкініштісі сол, жолдар салынған соң жыл өтпей жыртық-тесіктерін жамауға тағы қаржы шығындалып жатады. Елімізде республикалық жолдардың 85 пайызы, ал өңірлік жолдардың 65 пайызының сапасы жарамды.

Алайда жүруге жарамсыз жолды есептемегенде, жарамды дегендерінің өзі қырық жамау екені жасырын емес. Көп жолдарды жаңбыр жібітіп тастайды, немесе жүк көліктері мылжалайды, әйтеуір сапасыз жолдан мезі болғанымыз анық. Сондықтан, жол сапасын қайтсек жақсартамыз деген сұрақ күн тәртібіне жиі шығып жүр.

Осы ретте Қазақстанның ғалымдары жолдардағы жарықшақтардың алдын алудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты ұсынған әдіс арқылы автожолдардың тез тозуын тежеуге болады. Ол үшін жолға төселетін асфальтбетонның әр түрлі климаттық жағдайға төзімділігі алдын ала тексеріледі. Және соған сай құрамындағы заттардың мөлшері анықталады.

Мамандардың айтуынша, адами факторды есепке алмағанда, еліміздегі тұрақсыз климат жолдардың тез жарылуына алып келеді.. Сондықтан жолдың сапасын ұзағырақ сақтау үшін алдын ала зерттеу жүргізу керек. Ол үшін арнайы мамандар жол төселетін аймақтың климаттық ерекшелігін, градустық ауытқуларын есептейді. Солайша асфальтбетон құрамындағы заттардың мөлшерін климатқа сай әр түрлі деңгейде қосады.

Осы мақсатта институт екі құрылғы ойлап тапқан. Біреуі асфальтбетонды 80 градусқа дейін ысытса, екіншісі 36 градусқа дейін мұздатады. Құрылғыларды патенттеу мәселесі қарастырылып жатыр.

Жаңалықты айналымға енгізген ғалым, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті Бағдат Телтаевтың айтуынша, бұл әдістің әлемде баламасы жоқ.

Жолдағы "жыртықты" қалай жамаймыз?


«Жолды салмай тұрып, оны жобалаған кезде асфальбетонның құрамын осы температуралық жарықшақтар мөлшерін азайтып, жобалауға болады. Атап айтсақ, мысалы битумдар, оның көлемін, қасиеттерін зертханада зерттеп алып, жол салынатын аймақтың климаттық жағдайын есепке ала отырып, біз осы асфальбетонның құрамын жобалаймыз. Бұл ғылыми жаңағымыз мамандардың мойындауынша, әлем жол тарихында жасалған тұңғыш ғылыми жаңалық деп есептелінеді. Мүмкін бұған дейін түрлі ұсыныстар болған шығар. Бірақ біз алғаш рет ғылыми айналымға енгізіп отырмыз», - дейді.

Бұл жаңалықты Ресейдің ғалымдары мойындап отыр. Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясы өнертапқыш Бағдат Телтаевқа орыс физигі, Нобель сыйлығының лауреаты Петр Капица атындағы «Алтын медальмен» марапаттаған. Ал құрылғыларды патенттеуге 7 елдің ғалымдары қолдау білдірген.
Жобаны іске асыруға ҚР Инвестициялар және Даму министрлігіне қарасты Автожол комитеті тарапынан нақты қолдау қажет. Институт 2017 жылы солтүстік және оңтүстік өңірде екі сынақ алаңы құрылып, жаңалық із жүзінде қолданылса деген ұсыныс жасап отыр. Әзірге жеке жоба ретінде қаржы бөлініп, нақты қолдауға қол жеткізе алмай келеді. Қазірше жоба жол институты есебінен қаржыланып отыр. Осы ретте айта кетейік, институтқа 2016-2018 жылдарға 1 млрд 300 млн теңге бөлінген.

Түйіндегендей келе, елде түрлі ғылыми жаңалықтар ашылып жатыр. Бірақ оны енгізіп, жемісін көретін жүйе жетілмеген. «Сараң екі рет төлейді» деген сөзді басшылыққа алып, жолды бір төсеп, екінші рет жамап жүргеннен гөрі, сапасын келістіріп, алдын ала зерттеп салуы керек. Жол саласында, сапасына салғырттық танытпасақ екен. Өйткені, жылына 17 мыңға жуық жол апаты тіркеледі. Оның ішінде сапасыз жолдың кесірінен апатқа ұшырайтыны қаншама?..

Жолдағы "жыртықты" қалай жамаймыз?Жания Әбдібек, арнайы Матрица.kz үшін
Просмотров материала: 2 428

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 171 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 992 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 963 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 903 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 884 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 487 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 242 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 268 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 727 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 855 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 022 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 314 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 547 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 135 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 087 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 940 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 114 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 695 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 831 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 192 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 428 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 959 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 011 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930