11 августа 2020 г.

Мы в соц сетях:



Президент ауыс-түйістер жайлы айтты

Президент ауыс-түйістер жайлы айтты
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Асқар Жұмағалиев пен Бейбіт Атамқұловтың жаңа қызметке тағайындалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мен бұл шаруаны баяғыда іске асыруды ойластырған едім. Себебі, Сыртқы істер министрлігін таза саяси ұйым деп ойлайды. Бірақ, біз Ресей де, Қытай да, Америка да емеспіз. Бізде қайдағы жаһандық шаруалар болуы мүмкін. Алайда қазіргі таңда Американың елшілігі өз елінің компанияларының мүдделерін қалай алға жылжытып жатқанын көріп отырсыздар. Бір жағдай туындай қалса бірден бізге келеді. Ал бізде ондай жоқ. Керісінше, индустрия, ауыл шаруашылығы министрлігі болсын, біз әр министрліктен елшілікке кеңесші тағайындадық. Ақырында, олардың не істеп жатқанын ешкім білмейді. Әр министрлік өз өкілін жіберуде. Міне, сондықтан, Сыртқы істер министрлігімен сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу мәселесі алдымызда баяғыдан тұрған еді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының айтуынша, инвестиция мен экспортқа қатысты мәселелерді СІМ қызметкерлері реттеуі керек. «Оларға бұл жұмыс ыңғайлы. Олар тілдер мен елдерді біледі. Штаттардың бәрін де соларға беруді жөн санадық. 500 адамға дейін сандалып, не істерін білмей жүргенше, бір органның осы шаруаны бақылағаны дұрыс. Сол себепті, министрліктің профиліне аздап өзгеріс енгіздік. Осы экономиканы білетін адам керек болғандықтан, мамандығы металлург, Малайзияда елші, Еуропада консул болған, жан-жақты тарапты, экономиканы жақсы білетін министр Атамқұловты тағайындадық. Яғни, бұрынғы министр басқа жұмысқа ауысып жатыр. Осыған байланысты Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болды. Ол бұрын ғарыш саласында істеген. Оның әскери білімі бар. Сәйкесінше, вице-пермьер ретінде қорғаныс өнеркәсібі мен ғарыш саласында еңбек ететін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескенін хабарлаған болатынбыз. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев биыл елімізде болған маңызды оқиғаларды қорытындылап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2018 жылғы 28 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетіледі. Айта кетсек, кеше ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев еліміздің Сыртқы істер министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырған еді. Бұл лауазымды қызметке Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов келді. Ал Бейбіт Атамқұлов басқарған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев басшылық ететін болды.
Просмотров материала: 828

Поделиться материалом


18:02 Очередное видео жестокого обращения с животным попало в... 41 Просмотров

18:02 "Көмектесуді сұраймыз": Қазақстанда қайырымдылық акциясы... 41 Просмотров

17:51 Атырау облыстық білім беру басқармасына жаңа басшы... 38 Просмотров

17:49 Полицейского из Уральска, за которым гнался сотрудник... 55 Просмотров

17:36 Түн ішінде мылтықпен оқ атқан алматылық ұсталды... 45 Просмотров

17:35 Сбежавшего подростка из Акмолинской области нашли в... 51 Просмотров

17:19 Дәрігерлердің талап-тілегін қабылдайтын call-орталық құрылды... 58 Просмотров

17:15 Пожар охватил несколько домов в Алматы... 82 Просмотров

17:04 Рабочий погиб от отравления метанолом в канализационном... 59 Просмотров

17:03 Қазақстан мен Түркия бірігіп дәрі-дәрмек шығаруға кіріспек... 67 Просмотров

16:53 Мошенница обещала абитуриенту грант на обучение в Кызылорде... 63 Просмотров

16:45 Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны... 69 Просмотров

16:36 Мужчина выстрелил в людей в ответ на их замечание в Алматы... 84 Просмотров

16:30 Атырауда белгісіз біреулер 18 жастағы Азия чемпионын атып... 67 Просмотров

16:25 Пассажирка авто пострадала в результате ДТП в Кокшетау... 79 Просмотров

16:12 Ақылбек Күрішбаев: "Бюджеттік ақша" емес, "халықтық ақша"... 69 Просмотров

16:07 Мошенников, продававших места в очереди в АвтоЦОН,... 62 Просмотров

15:58 Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғашқы болып... 63 Просмотров

15:55 Чемпион Азии по греплингу был убит в ночной драке в Атырау... 77 Просмотров

15:45 Первую вакцину от коронавируса зарегистрировали в России... 76 Просмотров

15:38 СҚО-да браконьерлер 3 аққуды атып алған... 106 Просмотров

15:32 Сообщение о беспорядках в Жамбылской области... 102 Просмотров

15:20 Алматы халықаралық әуежайына айыппұл салынуы мүмкін... 68 Просмотров

15:10 В Казахстане появится агентство по оказанию помощи бедным... 87 Просмотров

15:04 Алматыда педагогке балалар үйінен ақша ұрлады деген айып... 74 Просмотров

14:52 Штраф в 4 млн тенге грозит аэропорту Алматы... 66 Просмотров

14:46 Е.Мұхамеджан КАЗГЮУ Университеті басқарма төрағасы... 129 Просмотров

14:38 Қапшағайда купальник киген қыз капотқа секірді... 677 Просмотров

14:37 Водителя, дрифтовавшего на оживленной развязке, задержали в... 83 Просмотров

14:24 Қазақстан әскери күш-қуат жағынан әлемдік рейтингте нешінші... 91 Просмотров

14:22 Из-за неполного раскрытия парашюта пострадал военнослужащий... 80 Просмотров

14:15 Атырауда тікұшақпен у шашылды деген ақпарат жалған -... 79 Просмотров

14:11 Осужденный экс-глава горздрава Алматы обратился в Верховный... 95 Просмотров

14:03 Қорғаныс министрлігі парашюті ашылмай қалған әскери... 76 Просмотров

12:58 Дом культуры горит в Кокшетау... 86 Просмотров

12:48 Қазақстанда 3 миллион бала жаңа оқу жылын қашықтан бастайды... 92 Просмотров

12:39 Ущерб на сумму 13 млн тенге причинили браконьеры в СКО... 89 Просмотров

12:20 Той с большим количеством гостей устроили в Жанаозене... 94 Просмотров

12:18 Өзін өлтірмек болған экс-полицей бірнеше талап қойды... 187 Просмотров

12:06 Более 700 увеселительных заведений оштрафовали во время... 95 Просмотров





Опрос


«    Август 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31