29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ауыс-түйіс: Байбек премьер-министр болып, Мәсімов орнында қалады

Ауыс-түйіс: Байбек премьер-министр болып, Мәсімов орнында қалады
Биліктегі орын алуы мүмкін ауыс-түйістерге байланысты Ult.kz порталы өз болжамын жасапты.

Бақытжан Әбдірұлының Премьерлікке барғанына үш күннен кейін 2 жыл толады екен. Бір қарағанға аз да, көп те уақыт емес. Әйткенмен, осы уақытқа дейін берілген мүмкіндік өз нәтижесін көрсетуі тиіс еді. 19 шілде күні Елбасының жеке қабылдауында болған Премьер-министр қатаң сынға ілікті. Сондықтан, Үкімет басшысы орнынан кетуі ықтимал деседі.

Бұл орынға кім келуі мүмкін? Жорамалшылар Алматы әкімі Бауыржан Байбекті лайық көреді. Жас әкім кеше ғана Алматы көшелерін аралап көріп, қаланың бас жоспарына дейін танысқан Елбасыдан мақтау сөз естіді. Бұл да жаңа тағайындаудың алдындағы тамыр басудай көрінеді. Байбекті Президент Әкімшілігіне басшы болып келеді дейтіндер де бар.

Әділбек Жақсыбеков ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі қызметінен өз еркімен босап, ҚР Президентінің Іс Басқарушысы лауазымына ойысады дейді.

Ал, Премьер-министрлікке үміткерлер қатарында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов пен Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминің есімі аталады.
Ауыс-түйіс: Байбек премьер-министр болып, Мәсімов орнында қалады


Биліктегі өзгеріс Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовті елге қайтаруы ықтимал. 2017-нің ақпанында көрші елге қоныс аударған биліктегі аса ықпалды тұлғалардың бірі қандай қызметті тізгіндейтінін тап басып айту қиын. Десек те, соңғы кезде сынның астында қалған ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың позициясы қолай келетін секілді.

Иманғали Нұрғалиұлын ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшілігіне ұсынатындардың да қатары көп. Егер саясаткер бұл лауазымға ауысса, ҚР Ішкі істер министрі болып ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келеді деген болжам бар. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Кәрім Мәсімовтың қызметі өзгермейтін секілді. Өңірлік қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жүргізу ісіндегі қарқынды жұмыстар Кәрім Қажымқанұлы қызметін тағы бірнеше жылға ұзартуы мүмкін.

Министрлер кабинетіндегі ауыс-түйіс ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекті, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты өзге орынға ауыстыруы мүмкін. Түрлі ақпарат көздері Дәурен Әскербекұлы Алматы облысына  әкім болса,  Жеңіс Қасымбек Павлодар облысына немес БҚО-на барады дейді.

2014 жылдан бері ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарып келе жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы Ақордаға ауысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы лауазымына көтерілуі ықтимал. 

Оның орнына «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров немесе  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, болмаса, бұрынғы Мәдениет министрі, сенатор Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед қайтып келуі мүмкін.

ҚР Білім және ғылым министрі, "әсіре реформашыл" Ерлан Сағадиев те жылы орнын суытуы мүмкін. Әр жасаған ісі сын садағына ілігіп, көпшілік қарсылығына ұшыраған министр қай мекеннен сая іздейтіні әзір белгісіз.


Биліктегі беделді тұлғалардың бірі Аида Балаева Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінде 4 жылға жуық жемісті қызмет етіп келе жатыр. Күздегі ауыс-түйіс кезінде осы еңбегі ескеріліп, Білім және ғылым министрлігінің тізгіні берілуі мүмкін.

Ал, егер Дәурен Абаев әкім креслосына жайғасса, елдегі ақпараттық саясатпен Аида Ғалымқызы айналысуы да ғажап емес.

Тағы бір айтарлықтай жаңалық, 2016 жылы құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өз жұмысын тоқтатып, Қорғаныс министрлігіне қайта қосылуы мүмкін. Ал, министр Бейбіт Атамқұлов Шығыс Қазақстан облысына не Алматы қаласына әкім болып тағайындалуы ықтимал. 

Айтпақшы, Алматы қаласы әкімдігінен Үкіметбасы Бақытжан Әбдірұлы мен жақсы жұмыстарымен көзге түскен Алматы облысы әкімі Амандық Баталов та үмітті. 

Саясаттанушылардың айтуынша, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы Абай Бисембаев  та әкім атануға бір табан жақын.  Абай Айдарханұлын Алматы қаласы әкімі лауазымынан көргісі келетіндер жетерлік.

Үкіметтегі ауыс-түйіс туралы әңгіме шындыққа айналса, әкімдер корпусы да өзгерістерге ұшырайтыны анық. Бұл ретте, зейнет жасындағы Шығыс Қазақстан облысына әкімі Даниал Ахметов пен Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев сенатор атануы мүмкін.

Ал, Ақтөбе облысы әкімі болып қала әкімі Испанов Ілияс Сапарбекұлы немесе Батыс Қазақстан облысы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов тағайындалуы мүмкін.
Просмотров материала: 18 080

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 570 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 410 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 398 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 335 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 289 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 622 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 223 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 432 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031